Лаулап жатқан қыздың сипаттамасы (Portrait of a Lady on Fire), қазақша субтитрлер
"Лаулап жатқан қыздың сипаттамасы" (2019) - Канн фестивальдың жеңімпаздарының бірі. Бұл кинода әйелдерге еркек-көзге сүйенбей өздері туралы айтуға мүмкіншілік береді. Кино көрерменмен жоқ дегенде екі тілде сөйлесіп ұсыныс жасайды - эротикалық тәжірибені сезіну және интеллектуалды жұмбақты шешу. Екі тіл де феминистік концепцияларды танымайтын немесе толыққанды әйелдің мұндай ашық көрсетіліміне дайын емес көрермендер түсінбей қалуы мүмкін. Селин Сиамма Орпыс пен Эвредика туралы мифке назар аударып, оны қайта қарастырады. Мифте ежелгі грек әншісі Орпыс Аидқа түсіп, барлық көр құдайларын баурап алып, қайтыс болған жарымен қайта қосылуға мүмкіндік алған. Дегенмен Орпысқа бір шарт қойылған - ол Аидтан шықпай артына қарамау керек, немесе Эвридика көрде мәңгілікке қалады. Қобалжыған Орпыс Эвридик…