Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Холливуд киносындағы азиялық репрезентация мәселесі

Жақында маған The Walking dead шоуды көрген бедіңіз деп американдық оқушым сұрады. Оның сұрағы алдыңғы жылдары американ-азиялық кино әртістері туралы оқыған бірнеше сұқпаттардағы ойларды есіме түсірді (ағылшын тілінде сілтемелер төменде). 25%-дай азиялық кейіпкерлер тв шоулар немесе толық метражды кино болсын сонына жетпей өліп қалады, көбіне ол қорқынышты өлім.

Daniel Dae Kim

"Мен экранда сондай көп өлген едім тіпті ол менің балаларымда психикалық қиыншылықтар туындырды" — деп атақты Lost деген шоуда ойнаған Дениэл Дей Ким айтты (Daniel Dae Kim: 'it became a real issue for my kids').

Шамамен 40% азиялық кейіпкерлер зәбірленеді және кемсітушіліктен өтеді.

Дениэл Дей Кимнын баласы болу қажет емес судын бетінде қалқып жүрген жауапты көріп шошу үшін — Холливудтың ойы бойнша азиалық адамдар өмірге лайықты емес, оларды кемсітуге және зорлауға болады.

Сұрақнамаға қатысқан 329 американ-азиялық әртіс, яғни 93% деген мағына, кинодағы азиялық репрезентацияны адекваттық емес деп жауап берген.

Әрі қарай жалғастырайық. Азиялық кейіпкерлер, әсіресе ер болса, ылғи жалғыз болып көрсетіленеді — серіктесі және туған туысы да жоқ (кинодағы азиялық ер азаматтарды кастрациялау — castration of asian men in movies). Мысалы аққұба/европалық кейіпкерлермен салыстырғанда көрермендер олардың жеке өмірің бақылайды, достарың, туысқандарың, оның арман-мақсатың біледі — ондай ақпараттар кейіпкерді жылы қылып көрсетеді, оның мінезің, уәждемесін ашады.

Сосын азиялық кейіпкер басты кейіпкер бола алмайды — негізінде мен оны баяғыда анғарып қалғанмын. Артық кетсе басты кейіпкерлердін бірі болады. Көбіне азиялықтар аққұба кейіпкердін қасында күлкілі немесе тіл жұтқан қосымшаның рөлін атқарып жүреді (мысалы басты черлидер қыздың немесе квотербек кейіпкердін қасында).

Өкінішке орай азиялық кейіпкер шын азиялық ерлер мен әйелдер туралы көне таптаурындарды күшейтеді және жаңаларын туындырады себебі продюсерлер, қоюшылар, сценаристер ақтар. Кастрация, экзотизация, таптаурындау расизмның түрлері.

Grace Park

Әлгі уақытқа дейін Америкада азиялық әртістердің жалақылары аққұба әртістермен салыстырғанда өте аз болады. Д. Д. Ким мырзаны тағыда есіме алғаныма кешіріңіздер — Хавайи 5.0 деген шоуда Ким және басқа американ-азиялық әртіс Грейс Парк 10 жыл түскен. 8 маусымға келгенде екеуі де проекттен ренжіп кетіп қалған. Себебі: 10 жыл бойы азиялық әртістердің жалақылары ақ әріптестеріне — яғни Алекс О'Лохлан және Скотт Каанға — қарағанда 25% дейін аз алып келген. Қосымша Кимге неше жыл бойы продюсердің және қоюшының креслосың бермеген, ал О'Лохлан да, Каан да 10 жылдың ішінде бір емес бірнеше рет продюссер де, режиссер да болып тәжірибе мен қосымша ақша алған.

Ал қаншама азиялық кейіпкерлердің рөлдерін аққұбаларға береді десеңіздерші? Мысала "Доктор Стрендж" киносында тибет әулиеның рөлін Тильда Сиуинтонға берген, ал Скарлетт Жохансон болса «Сауыт кейген елес» киносында майорды ойнайды (жапон комикстерде және анимациялық фильмдерде оның есімі Мотоко Кусанаги, яғни кейіпкер азиялық ретінде жазылған деген мағына). The Last Airbender киносыңда негізіңде аватар Аангтың рөлін кішкентай азиялық бала ойнау керек еді, бірақ рөлді аққұба Ноа Рингерге берілген. Осылай басқа азиялық кейіпкердің рөлдерін ақтарға беруде. Жартылай жапон доктордың рөлін (Бен Даймио "Хеллбой") басында ақ әртіске берген еді, бірақ интернетте оянған азиялық диаспора айқай көтергенсоң рөлді Дениэл Дей Кимге шаққа берді. 2014 жылы Хироси Сакурадзакидың кітабі бойынша Холливуд кино түсірді, бірақ басты рөлді Том Крузға берді, сол кезде кейіпкердің негізгі жапон аты Кейдзи Кирия американдық Уиллиам Кейджге өзгертілді. Венкат Капур болса The Martian киносында Марк Уотниға айналды.

Қиын сұрақ екен қайсысы нашар — азиялықтарға жұмыс бермейтін Холливуд па немесе азиялықтарды өшіргішпен өшірген дей Холливуд па?

.

Сондықтан оқушымның сұрағына The Walking dead шоу туралы былай жауап бердім, Стивен Ён кеткенсоң тастадым деп. Негізінде мен фантастикаға онша жақын емеспім және шоудан басында жалығып кеткен едім, тек азиялық кейіпкер үшін сәл көрдім. Солай. Ар болыңыздар! Сілтемелер тізімі

OVER 25% OF ALL ASIAN CHARACTERS DIED BY THE END OF TOP 2019 MOVIES, STUDY FINDS

https://www.weareresonate.com/2021/05/over-25-of-all-asian-characters-died-by-the-end-of-top-2019-movies-study-finds/

.

Almost half of all Asian roles serve as a punchline, study finds

https://www.nbcnews.com/news/amp/ncna1276103

.

Daniel Dae Kim: It's Crucial For White Male Actors To Value Representation

https://www.huffpost.com/entry/daniel-dae-kim-representation-casting_n_5ca6203be4b082d775e1e22b/amp

.

Commentary: Hollywood’s glaring problem: White actors playing Asian characters

https://www.latimes.com/entertainment/movies/la-et-mn-racial-erasure-essay-20160418-story.html

.

Daniel Dae Kim raises over $50k in 4 days for unsung actor James Hong's Hollywood star

https://www.nbcnews.com/news/amp/ncna1236154

0
0
341

Осы тақырып бойынша