Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Он екі ашулы азамат (қазақша субтитрлер)

18 жастағы жасөспірім өз әкесін өлтірді деп айыпталуда. Оның тағдырын 12 алқабидің бірауыздан шығатың шешімі шешу керек. Он бір алқаби баланың кінәлі екеніне күмәнданбайды, тек біреуі (Генри Фонданың кейіпкері) сәл күмәнданады.

Он бір алқаби жас жігітті өлім жазасына жіберіге асығады, себебі біреуі бейсбол ойынына, екіншісі жұмыс орынына немесе басқа жеке шаруаларына асығады. Олар адамның өмірі олардың қолында екеніне мән бермейді. Көрермендер алқабилердің арасында бұрын алқаби болып көрген бар екенін біледі және олардың немқұрайлылығынан тітіркенеді. Олардың енжарлығы 12 данаға бөлінген жауапкершіліктен туындайды. Жалған куәгерлерді, немқұрайлы тергеушілерді, баланың адвокатың және сот басшысың есепке алатын болсақ, бұл жауапкершілік одан да ұсақ бөліктерге бөлінеді. Он бір әріптестің енжарлығына қарсы шыққан бір алқаби – әр кейіпкер өмірге өзінше ашуланады. Сидни Лумиттің ұжымдық және жеке жауапкершілік туралы ойлануға мәжбүр ететін бұл ескі ақ-қара фильмі кез келген уақытта өзекті болып қала береді. Алпыс жылдың ішінде "12 ашулы азаматтың" сюжетын бірнеше рет қайта түсірген, бірақ бірде-бір ремейк түпнұсқадан асып түсе алмады. Енді бұл классика қазақ тілінде де қолжетімді болды. Warmly, Joanna and Alice Құрметпен Джоан мен Элис . Субтитрді мына сілтеме арқылы алуға болады https://www.opensubtitles.org/en/subtitles/9613525/12-angry-men-kk

0
0
534

Осы тақырып бойынша

Он екі ашулы азамат (қазақша субтитрлер) - Yvision.kz