Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

"Жеті самурай", Акира Куросава. Қазақша субтитрлер

Жеті самурайды ойнап шыққан әртістер

16 ғасыр, Жапония. Қарапайым шаруалар қарақшылардан зардап шегім жатыр. Өздерің қорғау үшін самурайларды жалдағылары келеді. Бірақ тәкаппар самурайлар жәй күрішті олжа деп менсінбей, шаруалармен дос болуға асықпайды.

Осы жерде кішкентай үзікті (жапон тілінде және қазақша субтитрмен) келтіргім келген еді, алайда ювижнда видео ілдіру мүмкін емес сияқты. Ол үзікте басында сұмырай болып көрінген қонақ үйдің қожайыны күріштің бағасы туралы әңгіме қозғап самурайдың жүрегін елжіретеді. Менің сүйікті жерімнің бірі еді. Бір қызығы батыста танымалы болған Куросаваны туған Жапонияда оны онша ұнатпаған екен. Тарихи Жапонияны ынғайсыз көрсеткен, жапон менталитетін мазақ қылды, самурайлар мен рониндердің нашар адамдар ретіндегі бейнеледі, батыс құмар деп әйгілі режиссерді жерлестері табалапты. Иә, Куросава ұлттық романтизацияға берілмей, өткен ғасырлар туралы аңыздарға шындықты қосқан. Мысалы "Рашомон" фильмінде самурай зорлыққа тап болған өз әйелінен бас тартып, әйеліне қианат жасаған қарақшыға басында кешірімін береді, ал "Жеті самурайда" Куросава Кукитио кейіпкерінің аузы арқылы самурайлардың жауыздығын әшкерелеп оларды ұялытады

Бәріне қарамастан, Куросаваның кино өнеріне қосқан үлесі талассыз және ол әлемдік көшбасшы режиссерлардың бірі болып қала береді.

Акира Куросава ұстазымызға алғысымыз.

Қазақша субтитрға сілтеме https://www.opensubtitles.org/en/subtitles/9585376/seven-samurai-kk

0
0
433

Осы тақырып бойынша

"Жеті самурай", Акира Куросава. Қазақша субтитрлер - Yvision.kz