Мазмұнға өту
SUD_RK

SUD_RK

Сайтта 2014 ж. 28 наурызКазахстан, Астана

Верховный суд Республики Казахстан

рейтинг

100

жазбалар

1 214

пікірлер

0

тіркелуші

97

жазылымдар

0

Кайрат Мами награжден медалью КазНУ им. аль-Фараби «Аса көрнекті түлек»

Председатель Верховного Суда, доктор юридических наук, профессор, выпускник юридического факультета КазГУ 1981 года Кайрат Мами награжден медалью Казахского национального университета имени аль-Фараби «АСА КӨРНЕКТІ ТҮЛЕК» № 002. Награда вручена ректором вуза Галымом Мутановым в ходе прошедшего «круглого стола» «Эффективность уголовного судопроизводства – приоритетное направление развития современной правоохранительной системы». В своем выступлении Г.Мутанов отметил особый вклад председателя высшего судебного органа республики в развитие университета и его большую работу в качестве Президента Ассоциации выпускников КазНУ. К.Мами стал вторым, кто был признан выдающимся выпускником университета. Медалью «АСА КӨРНЕКТІ ТҮЛЕК» под № 001 в 2016 году награжден поэт, видный общественно-политически…

0
0
546

Қайрат Мәми Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Аса көрнекті түлек» медалімен марапатталды

Жоғарғы Сот Төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор, 1981 жылы ҚазМУ заң факультетінің түлегі Қайрат Мәми Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің № 002 «АСА КӨРНЕКТІ ТҮЛЕК» медалімен марапатталды. Марапатты жоғары оқу орнының ректоры Ғалым Мұтанов «Қылмыстық іс өндірісінің тиімді жүргізілуі – қазіргі құқық қорғау жүйесі дамуының басым бағыты» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» жұмысы барысында тапсырды. Ғ.Мұтанов өз сөзінде республика жоғары сот органы төрағасының университет дамуы мен ҚазҰУ түлектері қауымдастығының президенті ретіндегі айрықша үлесін атап өтті. Қ.Мәми университеттің көрнекті түлек деп танылған екінші түлек болып табылды. 2016 жылы № 001 «АСА КӨРНЕКТІ ТҮЛЕК» медалімен ақын, көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер, ҚазМУ түлегі Олжас Сүлейменов марапатталған болат…

0
0
541

Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығын ашты

Бүгін цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңестің шеңберінде ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығы таныстырылды. Іс-шараға жоғары сот органының төрағасы Қ.Мәми мен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Н.Шәріпов қатысты. Таныстыру рәсімінің соңында Мемлекет басшысы Ахуалдық орталықтың жұмысын іске қосу жөнінде қашықтықтан пәрмен берді. Ахуалдық орталық Жоғарғы Соттың ғимаратында орналасқан, ол тікелей режимде соттар жұмысын бірыңғай мониторингілеу жүйесі болып табылады. Ол тәулік бойы еліміздің 370 сотынан келіп түсетін 700 көрсеткіш бойынша өзекті сот ақпаратын жинаумен және талдаумен айналысуға мүмкіндік береді. Мәселен, процестік мерзімді бақылау, аудиобейнетіркеуді қолдану, сот процесінің уақты…

0
0
563

Жоғарғы Сотта Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті

Бүгін Жоғарғы Сотта Конституция күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті. Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары, республиканың Судьялар одағының мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы судьялардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Іс-шараны Жоғарғы Сот Төрағасы ашып, қатысушыларды келе жатқан Конституция күнімен құттықтады. Одан әрі сөз Департамент басшысының орынбасары, Судьялар кеңесінің хатшысы Ж.Әбдиевке берілді. Оның айтуы бойынша, сот жүйесі үшін Конституция күнінің маңызы зор. Соттар заңдарда іске асырылған конституциялық құндылықтарды қорғайды. Соттар заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша алдарына қойылған барлық міндеттерді лайықты дәрежеде атқарылып отырғаны атаплды. Мұны соттарға келіп түскен өтініштер санының ұдайы өсуінен және әлеу…

0
0
878

Жоғарғы Сот пен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов, Англия және Уэльстің бұрынғы Жоғарғы судьясы Лорд Гэрри Вульф Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және АХҚО арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Іс-шараға Грузия Жоғарғы Сотының Төрағасы Нино Гвенетадзе, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы, сонымен қатар АХҚО өкілдері қатысты. Қ. Мәми іс-шараны ашып, Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде АХҚО өз жұмысын 2018 жылғы қаңтардан бастайтынын атап өтті. Оның аумағында халықаралық деңгейдегі судьяларды тарта отырып, ағылшын құқығына негізделген сот жұмыс істейтін болады. Өзара іс-қимыл мәселелері бо…

0
0
419

Үкіметтің баспасөз орталығында заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша баспасөз мәжілісі өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» атты екінші бағытының іске асырылу барысына арналған баспасөз мәжілісі өтті. Сот жүйесінен спикер ретінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов қатысты. Баспасөз мәжілісі барысында Н.Шәріпов жүргізілген сот реформаларының нәтижелерін атап өтті. «Ұлт Жоспарына сәйкес Жоғарғы Сотқа барлығы 10 қадамды іске асыру жүктелді. Олардың барлығы 2015-2016 жылдары іске асырылды. Бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу әрбір сатының рөлін нығайтты және сот шешімінің түпкілікті күшіне енуін жылдамдатты», - деді ол. Соттарда азаматтық істердің қаралу мерзімі екі есеге қысқарды. Сот…

0
0
413

ОКҚ-де «2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы» тақырыбында брифинг өтті

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы» тақырыбында брифинг өтті. Іс-шараға спикер ретінде Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева, Жоғарғы Соттың судьялары Ербол Рахымбеков, Елена Максюта және Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов қатысты. А.Қыдырбаева брифингті аша келе, Ұлт Жоспары шеңберінде көзделген сот реформаларының сәтті іске асырылғанын атап өтті. Соттар үш деңгейлі сот төрелігіне көшті, судья лауазымына кандидаттар мен жұмыс істеп жүрген судьяларға талап айтарлықтай қатаңдатылды. Статистикалық талдаулар көрсеткендей, өткізілген реформалар сот жұмысына оң әсерін тигізді. Жаңа құқықтық жағдайдағы олардың қ…

0
0
381

Шығыс Қазақстан облысы сотының екі қызметкері адамдарды құтқару барысында ерлікпен қаза тапты

2017 жылғы 21 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылында «Казсельбурводстрой» ЖШС-нің үш жұмысшысы су құбырына арналған жолды жөндеу жұмыстарын жүргізген. Олардың екеуі құдыққа түскенде онда жиналған белгісіз газдан улану салдарынан естерінен танып қалған. Әріптестеріне көмектесу үшін құдыққа түсе бастаған үшінші жұмысшының тынысы тарылып, есінен тана бастағанда айғайлап, көмек сұрап үлгерген. Көмек сұраған жан айқайды сол сәтте оқиға орнынан өтіп бара жатқан Үржар аудандық сотының қызметкерлері Бақытжан Қайназаров пен Бекзат Құрымбаев естиді. Б.Құрымбаев бірінші болып айқайлаған адамды құдықтан шығарып, оны алып шығып, қалған адамдарға көмектеспекші болып, артынша құдыққа түседі. Алайда газдың әсерінен ол есінен танып қалады. Құдыққа түскен Б.Қайназаров та есінен айырылады. Жедел меди…

0
0
491

Жоғарғы Сот 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларын шығарды

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген кеңесін өткізді. Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Анатолий Смолин, Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Әлия Рақышева, Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, сондай-ақ Департамент пен оның аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Судьялардың осы жолғы форумының ең басты ерекшелігі – кеңес жұмысының Интернетте он-лайн режимде көрсетілуі. Кеңес жұмысын аша келе, Қ.Мәми заң үстемдігін қамтамасыз ету жұмысының негізгі қорытындыларын мәлімдеді. Атап айтқанда, ол Ұлт Жоспары шеңберінде жүргізілген реформалардың сот төрелігін жүзе…

0
0
604

«Сот кабинеті» сервисі 2 миллионыншы электронды құжатты тіркеді

Жоғарғы Соттың интернет-ресурсы «Сот кабинеті» сервисінің 2 миллионыншы электронды құжатын тіркеді. Талап арызды Астана қаласы Есіл аудандық сотына а.ж. 11 шілдеде Наталья Евгениевна Гаушкина жолдаған. 2016 жылы «Сот кабинеті» арқылы сотқа жіберілген 1 миллионыншы құжат тіркелген. Оны жіберген сервис қолданушысы соттағы ақпараттық технологиялардың танымдылығын арттыру мақсатында марапатталды. Сервиске деген сұраныстың артуы – оның қажеттілігінің куәсі болып отыр. «Сот кабинеті» адвокаттар мен заңды өкілдер жұмыстарының тиімділігін арттырады, азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайтуға бағытталған практикалық құрал болып табылады. Бұл, ең алдымен, «Сот кабинеті» сервисі сот қызметі бойынша іс-шаралардың сұрақтарына түсініктеме, барлық құжаттарға уақытылы қол жеткізуді қамтамасыз етеді және…

0
0
647