Сот төрелігі академиясында жаңа оқу жылы басталды
2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында жаңа оқу жылы басталды. Академия «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының оқу мен сот практикасының өзара байланысын күшейтуге бағытталған 18-қадамын орындау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылды. Академияға жоғары оқу орнының айрықша мәртебесі берілді. Аталған ЖОО сот корпусының мамандандырылған резервін әзірлеумен, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен айналысатын жалғыз білім беру мекемесі болып табылады. Жаңа оқу жылында Академияға 60 магистрант қабылданды. Қазіргі таңда Академияның жоғары білікті оқытушылар құрамы жасақталды. Бұған қоса, оқу процесіне ғалымдармен қатар, Жоғарғы Соттың жұмыс істеп жүрген…
