Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жоғарғы Сотта «Әділеттілік – құқықтық қорғаудың басты өлшемі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті

Бүгін Жоғарғы Сотта «Әділеттілік – құқықтық қорғаудың басты өлшемі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараны Еуропалық Одақтың «Қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының қолдауымен Жоғарғы Сот және Бас прокуратура бірлесіп ұйымдастырды.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары М. Бекетаев, Бас прокурор Ж. Асанов, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А. Смолин, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Сот судьялары, Бас прокуратура қызметкерлері, бірқатар облыстық соттардың төрағалары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстел» «Әділеттілік – құқықтық қорғаудың басты өлшемі» жобасын іске асыру жайын талқылауға арналды. Аталған жоба сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жетілдіруге және сот істерін тиімді шешуді қамтамасыз ету, құқыққолдану тәжірибесіндегі бірізділікті сақтау, заңдарды жетілдіру арқылы Қазақстан Республикасының сот төрелігі жүйесіне тұрғындардың сенім деңгейін арттыруға бағытталған. Жоба сот төрелігі жүйесін эмпирикалық талдаудың озық әдістерін қолдана отырып, сот шешімдерінің әділеттілігіне ықпал ететін шешуші факторларды айқындауға және олардың өзгерісін саралауға негізделген.

Іс-шарада Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары М. Бекетаев сөз сөйледі.

«Дөңгелек үстел» жұмысын аша отырып, Жоғарғы Сот Төрағасы Қ. Мәми: «Әрбір мемлекеттің негізі заңның әділеттілігі мен соттың әділеттілігінен бастау алады. Әділеттілік пен сот төрелігі – егіз ұғымдар. Сот шешімдерінің әділеттілігі – қоғамның сот төрілігінің сапасын бағалайтын өлшемі, ал сотқа деген құрмет бұл, бірінші кезекте, мемлекеттік билікке деген құрмет», - деді.

Іс-шара барысында Бас прокурор Ж. Асанов, сот төрелігінің сапасын өлшеу мен бағалау бойынша халықаралық сарапшы М. Грамматиков, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру бойынша жобасының ұлттық сарапшысы Н. Ерғалиева, Қарағанды облыстық сотының төрағасы М. Әлімбеков, сондай-ақ, Жоғарғы Соттың судьялары Н. Сұлтанов, Д. Тұмабеков және Ғ. Мұсабекова баяндама жасады.

«Дөңгелек үстел» жұмысына қатысушылар ұсынымдар қабылдады. Оған сәйкес, Жоғарғы Соттың судьялары мен аппараты, сондай-ақ Бас прокуратура қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобын құру көзделеді. Аталған жұмыс тобы заңнаманы жетілдіру, сот актілерін шығару барысындағы сот тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз ету, қорытулар әзірлеу және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау, Жоғарғы Соттың ішкі порталында орналасқан «Сот құқыққолдану тәжірибесі» модулін қолдану, татуластыру рәсімдерін көпшілікке насихаттау және т.б. арқылы заңдылық пен әділеттіліктің арасындағы қайшылықтарды жою мәселелерін қарастыратын болады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sotta-dilettilik-kukyktyk-korgaudyn-basty-olshemi-atty-takyrypta-dongelek-ustel-otti

 
0
0
599

Осы тақырып бойынша

Жоғарғы Сотта «Әділеттілік – құқықтық қорғаудың басты өлшемі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті - Yvision.kz