Туған Елге Тағзым
6 күн Бүгінгі күн есімізде көпке дейін қалатын болды, өйткені, біз 12 сағатымызды автобуста өткіздік. Барлығы, М.Өтемісұлының мазарын іздеуден басталған болатын. Бірақ, жолда адасып қалып, көп уақытты соған жоғалтып алдық. Сол кезде мен мазарға бармай қайтып келеміз деп кейіп қалып едім, түскі асымызды ішіп алып, екі мазарға бірдей түскен болатынбыз. Бірінші келген мазарымыз, Малайсары бидің мазары болды. Бұл мазар, 2001 жылы салынған болатын, бірақ, соған қарамастан кейіпі әдемі болып тұр екен. Келесі, біз М. Өтемісұлының мазарына кіріп, бетімізді сипап келдік. Негізінде, осы жерде мені қызықтырған бір зат болды. Ол, осы мазардың қасындағы батырлардың молалары. Бірақ, жалпылап айтсақ, бұл жер де маған қатты ұнады. Соңында, тұзды көлге бардық. Сол жердегі көргеніміз таңқаларлық пейзаж бол…