Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Туған Елге Тағзым

6 күн

 

Бүгінгі күн есімізде көпке дейін қалатын болды, өйткені, біз 12 сағатымызды автобуста өткіздік. Барлығы, М.Өтемісұлының мазарын іздеуден басталған болатын. Бірақ, жолда адасып қалып, көп уақытты соған жоғалтып алдық. Сол кезде мен мазарға бармай қайтып келеміз деп кейіп қалып едім, түскі асымызды ішіп алып, екі мазарға бірдей түскен болатынбыз. Бірінші келген мазарымыз, Малайсары бидің мазары болды. Бұл мазар, 2001 жылы салынған болатын, бірақ, соған қарамастан кейіпі әдемі болып тұр екен. Келесі, біз М. Өтемісұлының мазарына кіріп, бетімізді сипап келдік. Негізінде, осы жерде мені қызықтырған бір зат болды. Ол, осы мазардың қасындағы батырлардың молалары. Бірақ, жалпылап айтсақ, бұл жер де маған қатты ұнады. Соңында, тұзды көлге бардық. Сол жердегі көргеніміз таңқаларлық пейзаж болды. Өйткені, шынымен айтсақ, жере жатқан барлық тұздар, қарға ұқсаған болатын. Бірақ, осы күнде де жаман кездері болды. Мысалы, графиктен шығып, мектепке дұрыс келмеуіміз, адасуымыз. Шындықты айтсақ, мен Атырау өңірінің тұрғындарына айтатыным бар. Неліктен, осы өңірдің тұрғындары, Қазақ елі болмаған кезде Қазақ халқын көтеріп жүрген адамды сыйламай, тіпті сол жерге жолын дұрыс көрсетпей, бір жерге тығып тастады? Өйткені, біз жолды тек 6 сағат өте келе таптық. Бірақ, жалпылай айтып кетсек, маған осы күн қатты ұнады.

0
0
373

Осы тақырып бойынша