Туған Елге Тағзым[2]
2 күн
Туған Елге Тағзым бағдарламасының 2 күні керемет басталды. Өйткені, біз, таңертең таңғы сегіздерде оянып, таңғы асымызды ішіп болғаннан кейін, мектеп директорымен танысып, сыйлақтарын қабылдаған болатынбыз. Сыйлық дегенде, бізге таңбаша мен NIS AtyraU-дың әдемі суреті берілген болатын. Сол кезде, бізге кішкене бейнебаян қосып беріп, екі қаланың қарсылау рәсімдерін көрсетті. Одан кейін, директордың тамаша сөзін тыңдап, барлық қауымымызбен фотоға түсіп алдық. Тап сол уақытта "Қазақстан АТЫРАУ" телеарнасынан репортер келіп, директор мен екі оқушыдан интервью алған болатын. Кейінірек, біз автобусымызға отырып, Сарайшық атты тарихи қаламызға жол салдық. Келісімен, бізді мешітке жіберді. Мешітте бізді молда күтіп отырды, барлығымызды төрлеткізіп, әңгімесін айтып, батасын оқып, ашық жол тіледі. Рахметімізді айтып, хандардың қабырына бардық. Сол жер маған ерекше ұнады, өйткені қабырдың архитектуралық орындалуы өте әдемі болды. Мазар ішінде 7 ханға арналып, 7 құлпытас орнатылған болды. Бұнымен қатар, сағана ішінде, әулие ағашы тұрды. Тарихшының айтуы бойынша, ағашты 3 айнала өтсең, сені үлкен олжа қолдайды. Бірақ оған қарамастан, ағаштың өте әдемі екенін айтпай кете алмаймын. Сосын, Сарайшық тарихи қаласының мұражайына кірген болатынбыз. Ішінде көп өте қызық, табылған заттар болды. Сондықтан, проекциялар мен табылған заттардың көмегімен, біз барлық керекті информацияны меңгеріп, зерттеп, байқаған болатынбыз. Сосын, мектепте түскі асымызды ішіп алып, біз Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде болдық. Ішінде көптеген қызық секцияларды көрдік. Мысалы: Химия бөлімшесі, кітапхана және т.б. Соның ішінде ең қатты таңқалдырған екі зат болды. Олар: біріншісі, сирек кездесетін кітаптар коллекциясы, және екіншісі, кейде ұқсайтын, инновациялық мектеп құралдары болды. Бұнымен қатар, біз, Халелтанушы ғылыммен кездесіп, оның зерттеулерін тыңдап, қарап, қала алаңдарын қарастыруға шығып кеттік. Осы жерде көңіліміз көтеріліп, өте көп фотоларды жасаған болатынбыз. Біріншіден, біз соғыстан азап болған ардагерлерге арналған паркке барып, Атыраудың басты көпірлерінің біреуінің үстінде болдық. Сосын, кең алаңға шығып, көп фотолар жасап, мектепке қайттық. Кешке жақынырақ, біз осы Атырау қаласының NIS Press-ның жасаған екі бөлімді фильмін көріп, қайтып бөлмелерімізге қайттық. Кешке отырып рефлексиямызды жазып, күнімізді осылайша бітірдік.
