Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Туған Елге Тағзым[4]

4 күн

 

Әдеттегідей, таңғы асымызды ішіп алып, экспедицияға шығып кеттік. Сондықтан, жоспарымыздағы бірінші завод, АНПЗ Атырауға бардық. Болғанды сатылап айтып берейін. Біріншіден, администрациялық ғимараттың ішіне кіріп, мамандармен кездестік. Жалпы санмен, 3 маман болды. Олар: технолог, инженер, эколог. Әрбір маман өзінің бөлігінің ақпаратын айтып беріп, біздің сұрақтарымызға жауап беруге тырысты. Сұрақ қою кезінде, біз "провокациялық" сұрақтар қойып, өте қызық жауаптарды алдық. Бірақ ол туралы айту, міндетті емес. Келесі, мамандарға алғысымызды білдіріп, бейне материалды қарауға кірістік. Бейнематериал, АНПЗ-дың тарихы туралы болды. Келесі, бізге естелік ретінде, АНПЗ-дың журналын беріп, басты заводқа қоя берді. Басқа заводқа барғанда, кенетте завод өте қорғаулы екенін байқадық. Өйткені, біз телефондарымызды қалдырып, бізді метал тапқыш арқылы тексеріп, тек содан кейін кіргізді. Ішіне кіргенде, АНПЗ-дың мұражайына кірдік. Мұражай іші өте әдемі болды, өйткені, экспонат ретінде КСРО уақыттарының заттары көбірек тұрды. Экскурсия біткен соң, түскі асымызды ішіп алып, қайтып жиналдық. Өйткені, біз бекіре балықтарының заводына кірдік. Кіріп, ішінде таңқаларлық заттарды, жерлерді және әдістерді байқадым. Мысалы: басында біз жай шауықтарды көрдік. Сол шауықтар өте кішкентай болған себептен, келесі жерге кеттік. Бұл жер бекіре балықтарының өздерін көрсететін болды. Сондықтан, біріншіден балықтарды көріп алып, уылдырықтарды жасайтын методты қарауға көштік. Сол үшін, біз бір үлкен ғимаратқа кірдік. Ішінде балықтардың туатын жерлері, жиналатын жерлері болатын еді. Келесі, олардың тамақтарының жасалу мен жеу мәселесін көріп, таңқалдық, өйткені, соны өзіміз де тап солай жасай алатын едік деп ойлап, "Байзар" ТРЦ-сына кеттік. Сол жердегі супермаркетта тамағымызды жинап алып, ардагер атты ТРЦ-ға келдік. Бұл жерде де керекті заттарды сатып алып, жатаханамызға қайтып келдік. Сосын, барлығымыз бірге ойын ойнап, рефлексия жазып күнімізді де бітірдік.

0
0
377

Осы тақырып бойынша