Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Туған Елге Тағзым[3]

3 күн

 

Туған Елге Тағзым бағдарламасының 3 күні мықты басталды. Күніміз бетті жуудан басталған болатын. Содан кейін осы күннің жоспарын қарастырып, сол бойынша өзіміздің экспедициямызға шықтық. Біріншіден, біз "Chevron" полиэтилен өндіру заводына бардық. Соның ішінде көптеген заттар туралы білдік. Мысалы: өндіріс пен жұмыс жасау шарттары. Білгенімізше, "Chevron" фабрикасы Американың фабрикасы екен, сондықтан, оның қасындағы, жанындағы алаңдар өте жасыл, әрі әдемі болып табылады. Кіру кезінде, бізге каска берген болатын,  бірақ сол заводтан шыққан кезде, касканы екінші заводқа киіп кетуге рұқсат берді. Келесі, екінші завод туралы сөйлесетін болсақ, мен бір затты айта аламын. Кірісімен, маған завод қатты ұнаған болатын. Біріншіден, көзіме архитектуралық техникалар түсті. Сол архитектуралық техникалар, заводтты өте сәндеп тұрады. Бірақ, барлық қызығы сонда емес, барлық қызығы қолданылатын ережелер мен техникада. Солар туралы ,бірінші, ережелерді жекелеп айтып кеткім келеді. Ережелер, адамның ойларын, көзқарасын сындырмайтын ережелер қолданылған. Келесі, техникасына келсек, сол техникалар автоматталған екен. Ішінде Фуга деген оперциялық, жапондық система арқылы жұмыс жасайды. Сол үшін бұл өте қолайлы болып келеді.  Заводтан шыққанша маманмен дұрыстап сөйлесіп алып, мектепке қайттық. Мектеп ішінде көз іліп, жүрек жалғап алып қалған жерлерді қарауға көштік. Сол жерлердің бірі өнер мұражайы болып шықты. Сол мұражайдың ішінде біз көптеген танымал емес суретшілердің суреттерін көріп, сұлулығымен тамсанып, бір үлкен залға кірдік. Ішінде танымал суретші отырды. Соның салу техникасын көріп, қол жазбасын алып, екінші музейге кірдік. Музей ішінді бізді керемет гид қарсылап алып, өте қызықты экскурсия өткізді. Маған ұнаған зат адамның өз дауысын, сөзін дайындап, қызық етіп өткізген болды. Соңына қарай, біз Халелтанушы мен Алаштануының сөздерін есімізге сақтап қайтып келдік, сол кезден кейін, осы қала мен біз жақынырақ болып кеттік. Бірақ бір ұнамаған зат, бізді сыртқа жібермеуі. Бірақ бұдан басқа ештеңе болмаған.

0
0
320

Осы тақырып бойынша

Туған Елге Тағзым[3] - Yvision.kz