«Өмір» кафесіндегі әңгіме.

Ащщы да болса ақиқат....
«Өмір» кафесіндегі әңгіме.
- Даяршы, маған қасіреттен бір кесе берші.
- Кешіріңіз, мырзам, тым кеш қой, жаңа ғана таусылған.
- Онда қуаныштан әкел.
- Ғафу етіңіз, таң атпай бітіп қалған. Бұрынғыдай-ақ жалғыздықтан әкелейін бе?
- Керегі жоқ. Мен оны 5 жыл ішіп, қойып кеткем. Бүгін басқасын берші. Шаттық бар ма?
- Бар. Бірақ аздап жалғандық қосыған.
- Пәктік ше?
- Бұл мәзірдің бірінші қатарында жазылғанымен, мұнда ешқашан болған емес!
- Сезім ше?
- Кеше ғана біреуін сатып алғандарға екеуін қосып берiп, зорға тауыстық. Өзіңіз білесіз, қазір сезім ештенкеге татымайды. Тым арзан. Оның үстіне бәріде сапасыз. Амалсыздан сауға ретінде солай өткіздік.
- Жарайды, шынайы сүйіспеншілік берші.
- Бұрын болған еді, қазір жоқ. Мұндай тәтті дүние әлемде тым аз. Естісем, оның өзін алыс қиырдан зорға алдырып жүргендер бар. Бағасы тым қымбат.
- Е, бұрын болған. Күнде содан ішуші ем. Дәмі тіл ұйіретін, ләззәті де шексіз.
-Кешіріңіз, сізге айтар насихатым. Бұдан былай ішпеңіз. Ол тәтті болғанымен, жүрек ауруларына шалдықтырады екен.
- Өзің ішіп көріппедің?
- Жоқ, бар болсада ішпес ем. Келген қонақтардан солай естігем. Мырза, сізге рақымсыздықтан бір кесе алып келейін Қазір оның базары жақсы, қонақтардың барлығы соны ішуде.
- Солай ма? (Мазақтай күлді). Бұрын олар шынайы сүйіспеншілікті ішіп алса болды, «сүйідім, күйдім» деп жүрегі елжіреп сала беретін. Соншама тез өзгерге ба?
- Иә, қазір рақымсыздық сәнге айналды.
- Жарайды, Ғашықтық бар ма? Содан әкелші
- Бар.
- Біреуін әкел, табандылықтан көбірек қосарсың.
- Қазір табандылытың барлығы Қытайда жасалған. Сапалысы қалған жоқ.
- Айтпақшы әлгі алтын кеседегі тәтті тағамда не еді?
- Мырзам, тұрақты қонағымызсыз сондықтан шынымды айтайын. Оған нәпсiден көбірек қосып, өкініш майын араластырып, тұрмыс қазанында қайнатады. Кесесі алтыннан сол үшін де қымбаттау.
- Жарайды, Ғашықтықтан әкеле бер. Бала кезімде бір рет дәмін татқаным бар еді. Айтпақшы, махаббаттан бір кесесін дайындап ала келші. Итіме ала кетейін...
