Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанаға қандай байланыс тарифі тиімді?

Ұялы байланысқа ай сайын қанша төлейсіз? Қандай тарифтік жоспар тиімді және неге оған тоқтадыңыз? Бұл сұрақтарға қазір жауап беру аса маңызды емес саналады. Себебі, бүйрегін сатса да, соңғы Айфон алу, жаяу жүрсе де, телефон нөміріне бірлік салуға пейілдіміз.

Осы себептен де, біздің нарықтағы байланыс операторлары ұсынатын тарифтердің ұңғыл-шұңғылын тексере бермейміз. Әйтпесе, кейде бір қарағанда тартымды тарифтің өзі үңіле қарасаң, қалтаңызды қағатындай қымбат болып шығады. Ал қалай үнемдесе болады? Мысалы, сіз Астанада тұрасыз делік. Бас қала. Елорда. Осы шаһарды мекен етіп жатқан сегіз мыңның үстіндегі тұрғынның бірі ретінде бізге арналған аймақтық тариф бар ма деп ізденіп көрдім. Таптым. Бар екен.

Біз тексеріске Beeline, Activ және Tele2 операторларының аймақтық тарифтерін алып көрген едік. Өздеріңіз де көрген шығарсыз, астаналықтарға Билайнның «Бәрі қосылған» тарифі мен Актив ұсынған «Activ-7» тарифі де ыңғайлы. Алайда, Tele2 «керегінің бәрін» былайша айтқанда, тегінге ұсынып тұрғандай әсер қалдырып тұр. Мұнда желі ішіндегі де, басқа операторларға да шектеусіз байланыс пен 3000 Смс, 5 гигабайт интернет трафигі қай жағынан да қызықтырып тұр. Ал енді, таңдау өздеріңізде)

 

* Мәліметтер байланыс операторларының ресми сайттарынан алынды. Қызыл түспен негізгі артықшылықтарға басымдық берілген.

4
2
1378

Осы тақырып бойынша