Аштықпен күрескен Айнабек.
Аштықпен күрескен Айнабек. Ақынбеков Айнабек (1882-1972 ж.ж.) Биыл қазақ халқын қынадай қырғынға ұшыратып, тірі қалғанын жан-жаққа шілдей бытыратып жіберген ашаршылықтың басталғанына 80 жыл толып отыр. Әдетте, біз осы алапат аштықпен күрескендер туралы сөз болғанда, осы мәселені Сталинге жеткізіп Одақтық деңгейде көтерген Т.Рысқұлов, ел жадында «Бесеудің хаты» деген атпен қалған Голощекинге жазылған хаттың авторлары сияқты республикалық деңгейде қозғаған тұлғалардан басқа көп адамның атын атай алмаймыз. Зерттеушілеріміз оның түпкі себебін, қауіпсіздік органдары мұрағатының көпшілік зерттеушілер үшін әлі күнге жабық болуымен түсіндіріп жүр. Біздің де қауіпсіздік органдарының мұрағатына кірсем деген әрекетіміз сәтсіз аяқталды. Ал, басқа мұрағаттарда, мысалы ОҚ Облыстық мұрағатында 1931-33 ж…