Мазмұнға өту
Nurbol_Konzhar

Nurbol_Konzhar

Сайтта 2019 ж. 20 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

52

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту азайған

Мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тартуға болмайтындығы бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстары өз нәтижесін бере бастады. Жүргізілген рейдтік шаралардың нәтижесінде, бүгінде өңірде мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істеу фактілері азайды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті хабарлады.Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік бақылау басқармасының тауарларды жеткізу бойынша бақылау бөлімінің жетекші маманы Асылбек Қалмақбай, автоматтандырылған уақытты қадағалау жүйесінің арқасында мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысы айтарлықтай азайғанын айтады. «Мен 2016 жылы «Yessenov Univercity» оқу орнын «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды Маңғыстау облы…

0
0
496

Әдеп нормаларын сақтау бағытында бас қосқан жиын

Маңғыстау облысы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер Палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы Нұргүл Жанназарова Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен жергілікті атқарушы органдары және орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесті.Нұргүл Алмасқызы әдеп жөніндегі уәкілдердің назарына қазіргі таңда қоғам тарапынан азаматтардың тұрмыстық, әлеуметтік мәселелеріне қатысты оның ішінде әлеуметтік желілерде арыз-шағымдар күрт өскендігін, бұл жағдай жергілікті атқарушы органдарға деген тұрғындардың сыни көзқарасын тудыратынын жеткізді. Яғни, мемлекеттік қызметшілер тұрғындардың әрбір өтінішіне мұқ…

1
0
722

Қоғам өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама жобасын талқылады

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облыстық филиалының базасында Агенттіктің аумақтық департамент басшысы Нұргүл Жанназарованың, Академия филиалының басшысы Айгүл Демеуованың және филиал ұжымының, қоғам өкілдерінің және арнайы мониторингтік тобы мүшелерінің қатысуымен 2018 жыл қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың жобасы талқыланды.Ұлттық баяндама жобасын талқылау барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Нариман Айтжанов баяндаманың Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының қазіргі кезеңдегі жүйелілігі, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, осы мәселелер бойынша алдын-алу шаралары…

0
0
426

Мәжіліс депутаттары мемлекеттік қызметшілермен кездесті

Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен «Нұротан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Зәуреш Аманжолова, Смағұл Бахытбек, Геннадий Шиповских, Шавкат Өтемісов, Шаймардан Нұрымов және Уәлихан Қайназаров Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, әдеп жөніндегі уәкілдер, арнайы мониторинг тобы өкілдері және мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Сонымен қатар, шараға Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Жылқыбаев, «Нұр Отан»…

0
0
625

Айтыскер ақынмен кездесу өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңннен баста» кіші бағдарламасы аясында маңғыстаулық айтыскер ақын Нұрлан Мусаевпен кездесу өтті.ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен шараға мемлекеттік қызметшілер қатысты.Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова, Елбасының «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының Маңғыстау өңірінде жүзеге асырылуына тоқталды.«Өздеріңіз жақсы білесіздер, біз бұған дейін Арман Бердалин, Дәулеткерей Кәпұлы сияқты танымал ақындармен кездесулер өткізген болатынбыз. Ал биылғы жылдағы кездесуді жергілікті Нұрландай азаматтан бастағанды жөн санадық. Жалпы ұлттық рухты…

0
0
925

Ақтауда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет», «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіру мақсатында, «Ақтау» ойын-сауық кешенінде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Ақтау қаласындағы орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелері, атап айтқанда облыстық мемлекеттік кірістер, әділет, полиция, қоғамдық денсаулық сақтау, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон, өнеркәсіптік қауіпсіздігі комитетінің өңірлік департаменттерінің мамандары тұрғындармен тілдесті. Сонымен қатар ХҚКО, көліктік бақылау инспекциясы, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Ақтау қалалық № 1 және 2 емханалары, облыстық психоневрологиялық, наркологиялық,…

0
0
740

Бір күнде екі жәрмеңке

Таңертең «Ақтау» ойын-сауық кешенінен бастау алған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі түстен кейін «Мағаш» базарында жалғасын тапты. Азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау бойынша салалық кеңестер берілді.Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетіліп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі және олардың қолжетімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова халықпен тілдесіп, тұрғындарды мазалаған сұрақтары бойынша жеке сұрақтармен қабылдау кестесіне сәйкес қабылдауға дайын екендігін жет…

0
0
479

Кадр мамандары бас қосқан жиын

Агенттіктің аумақтық департаментінде Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік мекемелердің кадр мамандарының басын қосқан жиын өтіп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды. Жиында сөз алған Департамент басшысы Нұргүл Жанназарова, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметте үш сатылы іріктеу жүйесі енгізілгендігін еске салды. Соның арқасында мемлекеттік қызметке қабылдау процессі жақсара түскендігін әлеуметтік зерттеудің нәтижелері көрсетіп отыр. Респонденттердің 60%-ы мемлекеттік қызметке жаңадан түсушілердің білім деңгейі артты деп атап өткен. Іріктеу барысын жетілдіру мақсатында 1 қаңтардан бастап конк…

0
0
602

Достық жеңген дода

Мемлекеттік қызметшілердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан жолдастық кездесу өтті.Агенттіктің аумақтық департаменті, Маңғыстау облыстық қоғамдық сақтау департаменті және Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалынан құралған үш команда өз бейімділіктері мен ерік күштерін көрсете білді. Командалар құрамында өнер көрсеткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Файзулла Бисмильдин және Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Айтмағанбет Жолшоринов, ойынның өте тартысты да қызықты өткендігін айтты. Күнделікті спорттық дайындығы болмаса да, командалар намысты қолдан бермеуге тырысты. Ал ойыншыларды қолдауға көбіне әріптестері жиналды. Жанкүйерлердің волейболшыларға дем беруі, ойынның көркін қыздыра түсті.«Осындай жолдас…

0
0
512

Мемлекеттік қызметшінің басты қасиеті – қарапайымдылық

Басшы кабинетте отыра бермей, қызметшілердің жұмыс кабинеттерін аралап, олармен тілдесіп, көңіл-күйлеріне назар аударып тұру қажет. Сонда ғана ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі ретке келеді. Маңғыстау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде өткен семинар-кеңесте сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова осылай деді.Шараға Маңғыстау облысына арнайы іс-сапармен келген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Файзулла Бисмильдин және Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Айтмағанбет Жолшоринов қатысты. Сонымен қатар, Атырау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы – Темірбек Мұсағалиев, оның…

0
0
804