Мамандар «Цифрлық агент» қосымшасын пайдалануға кеңес береді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Цифрлық агент» (Digital agent) мобильді қосымшасының іске қосылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Маңғыстауда соңғы 2 айда 371 адам көрсетілген қызметке баға берген. Аталған мобильді қосымшаның ерекшелігі қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын шынайы уақыт режимінде бағалай алады.Ол үшін «Play Market» және «App Store» сервистік бағдарламалары арқылы мобильді қосымшаны жүктеп, орнатылғаннан кейін тіркеуден өту қажет. Содан соң, бағалайтын қала мен мекемені таңдайды. Бағалау жолданғаннан кейін Агенттіктің тиісті аумақтық бөлімшелерінің жауапты тұлғалары өз құзыреті шегінде әрекет етеді.ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентт…






