Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдеп нормаларын сақтау бағытында бас қосқан жиын

Маңғыстау облысы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер Палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы Нұргүл Жанназарова Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен жергілікті атқарушы органдары және орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесті.

Нұргүл Алмасқызы әдеп жөніндегі уәкілдердің назарына қазіргі таңда қоғам тарапынан азаматтардың тұрмыстық, әлеуметтік мәселелеріне қатысты оның ішінде әлеуметтік желілерде арыз-шағымдар күрт өскендігін, бұл жағдай жергілікті атқарушы органдарға деген тұрғындардың сыни көзқарасын тудыратынын жеткізді. Яғни, мемлекеттік қызметшілер тұрғындардың әрбір өтінішіне мұқият қарап, мемлекеттік билік органдарына деген сыни пікірлердің бой көтеруіне себепкер болмауы қажет екендігін нақтылады.

Департамент басшысы облыстағы жергілікті атқарушы органдардағы дербес әдеп жөніндегі уәкіл Е.Исаны қала, аудан әкімдіктеріндегі және орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелеріндегі әдеп уәкілдерді әрбір тұрғыны жақсы танып, тікелей қарым-қатынаста болуы қажет, сонда ғана билік пен халық арасында дәнекер бола алатындығын жеткізді.

Аумақтық департамент басшысының айтуынша Агенттік тарапынан мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Жаңашыл жобалардың қатарында шетелдік тәжірибеге негізделіп, Агенттіктің бастамасымен жасақталған мемлекеттік қызметшінің (Pocketbook) қалта кітапшасын ерекше атап өтуге болады. Бұл кітапшада республика бойынша Әдеп кодексі нормаларын бұзу фактілерін тәжірибе ретінде көрсете отырып, алдағы уақытта қайталамау бағытта қысқа форматта әрі мемлекеттік қызметшіге қолайлы баяндалған.

Жиын барысында Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Қайролла Ережепов мемлекеттік қызметшілердің сөз сөйлеу мәнерінің төмендігі, іскерлік киім үлгесінің сақталмайтындығы, мемлекеттік меншіктегі мүліктің тиісті деңгейде сақталмауының салдарынан қызметшілердің тарапынан жиі әдеп нормаларының бұзылуына алып келетіндігін атап өтті. Осы орайда, ұсақ құқық бұзушылықтардің жиі орын алу себептерінен, сыбайлас жемқорлық көріністеріне алып келуі мүмкін екендігін тілге тиек етті.

Аумақтық департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Долдашев Нұрбол өңірімізде Әдеп жөніндегі кеңес қызметінің және әдеп нормаларын сақтау көрсеткіштері жағымды деңгейде болғанына қарамастан, әдеп жөніндегі уәкілдердің атқарған қызметтерін одан әрі жетілдіру бағытында әлі де тиісті шаралар (семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, мақалалар, мониторинг жасау, телевизиялық сюжеттер, профилактикалық бейне роликтер және т.б.) атқару қажеттігін түсіндірді.

Әдеп жөніндегі уәкілдер сұхбат алаңында өз ой-пікірлерін ортаға салып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп ережелерін сақтау бағытында жұмыстарын жетілдіруге уәде берді.

Жалпы айтқанда, бейресми форматтағы осындай кездесулер Агенттіктің аумақтық департаментімен одан әрі жалғасын таппақ.

1
0
723

Осы тақырып бойынша

Әдеп нормаларын сақтау бағытында бас қосқан жиын - Yvision.kz