Қоғам өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама жобасын талқылады
Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облыстық филиалының базасында Агенттіктің аумақтық департамент басшысы Нұргүл Жанназарованың, Академия филиалының басшысы Айгүл Демеуованың және филиал ұжымының, қоғам өкілдерінің және арнайы мониторингтік тобы мүшелерінің қатысуымен 2018 жыл қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың жобасы талқыланды.

Ұлттық баяндама жобасын талқылау барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Нариман Айтжанов баяндаманың Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының қазіргі кезеңдегі жүйелілігі, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, осы мәселелер бойынша алдын-алу шаралары туралы негізгі бағыттарын таныстырды.

Аталған кездесуде қоғам өкілдері жобада көрсетілген еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізінде атқарылып жатқан барлық жұмыстар мен қол жеткізген нәтижелер туралы мәселелерді атап өтіп, Ұлттық баяндаманың жобасына оң пікірлерін білдірді.


