Мазмұнға өту
Nocommentskz

Шындық

@Nocommentskz

Сайтта 2019 ж. 17 қазанКазахстан, Астана

Коротко о том, что происходит в нашем ауле!

рейтинг

250

жазбалар

20

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылымдар

4

20-24 шілде аралығындағы ТОП-5 жаңалықтарға шолу

Осы аптаның айшықты оқиғаларын бірге көрейік.   

№1. Онлайн үйлену 

Қазақстандықтар zoom платофрмасы арықыл той жасай бастады. Қалындық Оралда, күйеужігіт Оңтүстік Кореяда отырып онлайн той жасады. Коронавирус пандемиясына байланысты күйеужігіт Оңтүстік Кореядан қайта алмаған. Онлайн тойға Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Оңтүстік Кореядан қонақтар қатысты. 

№ 2 Ұстаздардың жалақысы көбейеді 

Жаңа оқу жылы мектеп мұғалімдері үшін жағымды жаңалықпен басталмақ. Ұстаздардың жалақысы көбейеді. Білім министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдың қаңтарынан бастап ұстаздардың еңбекақысы 25 процентке артатынын айтты. Сондай-ақ қашықтан оқыту кезінде еңбекақылары толық төленетін болады. 

№3 Денистің академисы 

Алматыда Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады. Global Figure Skating қысқы сырғанау маусымының басында ашылады деп жоспарланған. академия Денис Теннің өзі жасап бастаған жобасы болатын. Қазір оны анасы жалғастырып жатыр. 

№4 Ресейлік КВН-шы қазақша ән айтты

Ресейлік КТК// ұлты қазақ белгілі ойыншысы Азамат Мұсағалиев ана тілінде ән айтты. Актер/ әрі тележүргізуші, әнін желіде жариялағанда «Бұл Дос-Мұқасан емес, Ерке Есмахан да емес. Бұл мен – Азамат», деп жазды. Көрермендер оның дауысына тәнті болып, өнерін жоғары бағалады. 

№5 Көбейтұз ерекше қорғауға алынады 

Ақмола облысындағы қызғылт түсті Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумақ санатына қосылды. Бұл тұзды көлді қорғауға мүмкіндік бермек. Енді көлдің айналасына қоқыс тастап, балшығы мен тұзын қазып әкеткендер жазаға тартылады. 

Сонымен, Қазақстанның ақпарат айдынындағы елең еткізген жаңалықтар топтамасы осындай болды. Ұмытпаңыз, біз үздік жаңалықтар топтамасын сіздің қалауыңыз бойынша жасаймыз. Біздің арнаға жазылып, лайк басыңыз және пікір қалдырыңыз. Ең бастысы видеоны достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз. 

0
0
499

42 500 теңге: жиі қоятын сұрақтарына жауаптар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді тағайындауға қатысты азаматтар жиі қоятын 18 сұраққа жауап дайындады.

1. Мүгедектер 42 500 теңге төлемін алады ма?

Біржолғы төлем келесі санаттарға жүзеге асырылады:

1) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;

2) жеке кәсіпкерлерге;

3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;

4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға;

5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – БЖТ төлеуші).

Сонымен бірге, жалдамалы жұмысшы (жұмыс беруші өтініш береді), жеке кәсіпкерлер, соның ішінде БЖТ-ны тұрақты төлеушілер (ай сайын) болып табылатын мүгедектер, егер олар шектеулерге байланысты табыстарынан айрылса, біржолғы төлем алуға құқылы.

2. Декреттік демалыстағы (жүкті әйелдер) және 3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыстағы адамдар 42 500 теңге ала алады ма?

Біржолғы төлем қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты 2020 жылғы шілдеде табысын толық жоғалтқан жағдайда тағайындалады.

Егер әйел жүктілікке және босануға байланысты декреттік демалыста болса, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болса, онда оған біржолғы әлеуметтік төлем төленбейді.

Өзге жағдайда, егер ол жалдамалы жұмысшы болса (жұмыс беруші өтініш береді), өзін-өзі жұмыспен қамтыған болса (кем дегенде бір рет БЖТ төлеген, мысалы, төтенше жағдай кезінде немесе күшейтілген шектеулер енгізілгенге дейін), онда ол шектеу шараларын енгізуге байланысты 2020 жылдың шілдесіндегі табысын толықтай жоғалтқан жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемге ие бола алады.

3. Студенттер 42 500 теңге ала алады ма?

Біржолғы төлем келесі санаттарға жүзеге асырылады:

1) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;

2) жеке кәсіпкерлерге;

3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;

4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға;

5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – БЖТ төлеуші).

Бұл ретте жалдамалы жұмысшылар (жұмыс беруші өтініш береді), жеке кәсіпкерлер, соның ішінде БЖТ-ны тұрақты төлеушілер (ай сайын) болып табылатын студенттер, егер олар шектеулерге байланысты кірістерінен айырылса, біржолғы төлем алуға құқылы.

4. Жұмыссыздардың 42 500 теңге төлем алуға құқығы бар ма?

Карантиндік шектеу шараларын енгізу салдарынан ағымдағы жылғы шілде айында табысынан айырылған жұмыс істейтін, атап айтқанда келесі санаттарға:

1) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;

2) жеке кәсіпкерлерге;

3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;

4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға;

5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – БЖТ төлеуші) азаматтарға МӘСҚ-тан біржолғы төлем төленеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған қызметкерге:

- Egov.kz порталында авторизациялану;

- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және өтінімге ЭЦҚ-мен қол қойып, жіберу қажет;

-  бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;

- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде жұмыссыз статусы қашықтықтан берілетін болады (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін сізге ХЖҚО қызметкері хабарласады).

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеген кезеңде оны қолдауға арналған.

5. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар 42 500 теңге төлем алуға құқылы ма?

Біржолғы төлем келесі санаттарға жүзеге асырылады:

1) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;

2) жеке кәсіпкерлерге;

3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;

4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға;

5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – БЖТ төлеуші).

Бұл ретте зейнетақы және жәрдемақы алушылар жалдамалы жұмыскерлер (жұмыс беруші өтініш береді), жеке кәсіпкерлер, соның ішінде БЖТ-ны тұрақты төлеушілер (ай сайынғы негізде) болып табылса, оның ішінде шектеулерге байланысты кірістерінен айырылса, біржолғы төлем алуға құқылы.

6. 42 500 теңге төлем тағайындауға өтінішті қайда беруге болады?

Ағымдағы жылдың шілдесінде шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан біржолғы төлем тағайындау туралы өтінімдерді келесі арналар арқылы беруге болады:

- egov.kz –веб-порталы;

- 42500.enbek.kz порталы;

- telegram-bot-тар;

- Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;

- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

16 шілдеден бастап БЖТ төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылуда.

18 шілдеден бастап БЖТ төлеушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталы; telegram-bot-тар; Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы; екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтінім бере алады.

Төлемді проактивті тағайындауға келісім берген азаматтарға басқа арналар арқылы өтінім берудің қажеті жоқ, себебі sms-ке жауап автоматты түрде өтінім беру болып табылады.

17 шілдеден бастап жеке кәсіпкерлерден; жеке практикамен айналысатын адамдардан; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардан өтінімдер қабылданады.

Жалақы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлер үшін өтінімді тек жұмыс беруші ғана беретіндігін атап өту қажет. Жұмыс берушілерден (заңды және жеке тұлғалардан) өтініштер 19 шілдеден бастап қабылданады.

7. 42 500 теңге төлеміне өтінімдер қай уақытқа дейін қабылданады?

2020 жылдың шілдесінде шектеу шараларын енгізу салдарынан табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан біржолғы төлем тағайындау туралы өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

8. Егер карантин ұзартылса, тамызда 42 500 теңге аламыз ба?

2020 жылдың шілдесінде шектеу шараларын енгізуге байланысты 2020 жылдың шілдесінде табысынан толықтай айырылған жағдайда, Шектеу шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес біржолғы төлем бір рет тағайындалады және бір айлық жалақы мөлшерінде (42,500 теңге) белгіленеді.

Осылайша, осы Қағидалардың аясында 42,500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем осы жылдың шілде айына ғана төленеді.

9. Егер жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін 42 500 теңге төлем алуға өтініш беруден бас тартса, не істеу керек?

Ағымдағы жылдың шілдесінде шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісі жоғалған кезде МӘСҚ-тан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алуға өтінішті жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлерге жұмыс берушінің өзі ұсынады.

Жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген төлемді тағайындау қағидаларының талаптарын сақтамаған жағдайда, қызметкер жергілікті еңбек инспекциясы органына жүгінуге құқылы.

10. Ауылда интернет болмаса өтінішті қалай берем?

Қазіргі уақытта барлық дерлік елді мекендерде, жоқ дегенде, мобильді интернет қолжетімді екенін ескере отырып, Сіз телеграмм боттары мен екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы өтініш бере аласыз.

Егер бірреттік төлемді тағайындау туралы SMS-хабарлама алсаңыз, онда Сізге өтініш жіберудің қажеті жоқ, тек хабарламаға жауап берген жеткілікті.

Егер жұмыскер болсаңыз және ақысыз демалысқа шықсаңыз, жұмыс беруші (заңды және жеке тұлғалар) біржолғы төлем туралы өтініш беруі керек.

Егер жалданып жұмыс істеп жүрсеңіз және ақы төленбейтін демалыста болсаңыз, жұмыс беруші (заңды және жеке тұлғалар) Сіз үшін біржолғы төлем туралы өтініш беруі керек.

Сонымен бірге, жеке кәсіпкерлер (өздері үшін); жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) табыс алатын жеке тұлғалар; Бірыңғай жиынтық төлем (БТЖ) төлеушілер өтінімді өз бетінше беруі керек.

11. 42 500 теңгеге өтінімді қарау қанша уақыт алады? 

Шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, өтінішті қарау және бірреттік әлеуметтік төлем тағайындау мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.

12. 1414 нөмірінен 42 500 теңгені тағайындау туралы SMS алдым және оған не деп жауап беруім керек?

Егер Сіз 42 500 теңге көлемінде біржолғы төлем алуға келіссеңіз, жауап ретінде «1» нөмірін жіберуіңіз керек. Егер бас тартсаңыз, «2» санын енгізіңіз.

13. Өткенде де 42500 теңге алдым, SMS келгенімен, жауап қайтарылмай жатыр. Не істеу керек?

Төлемді проактивті тағайындау үшін келген SMS-хабарламаға 5 күнтізбелік күн ішінде жауап беру керек. Егер sms-жауап жолдау кезінде қате шықса, бұл келесі себептерден болуы мүмкін:

- сіздің теңгеріміңіз 1бірліктен аз;

- телефон баптауларында қысқа нөмірлерге sms-хабарлама жіберуге тыйым салынған;

- баптауларда мәтіндік хабарламаларға тыйым салынған және MMS-хабарламалар басымдыққа ие;

- байланыс сапасына байланысты;

- ұялы байланыс операторларындағы түйткілдер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін төтенше жағдай кезінде төлем алған, қосымша шектеулердің енгізілуіне байланысты табысынан айырылу ықтималдығы жоғары азаматтарға SMS-хабарлама жіберілді. Бұл хабарламаға SMS-хабарлама арқылы: кірісті толық жоғалту дерегін растау үшін 1 нөмірімен немесе төлеуден бас тартқан жағдайда 2 нөмірімен жауап беру керек. Оң жауап болған жағдайда төлем сомасы бұрын төлем түскен шотқа түседі. Қосымша өтініш берудің қажеті жоқ.

14. 1414 нөмірінен 42 500 теңге төлемін тағайындауды растау туралы SMS-хабарлама алдым, бірақ менің ЖСН көрсетілмеген, қалай жауап беру керек, кімге хабарласуға болады?

SMS-хабарлама бұның алдында төлем алған азаматтарға жіберілді. Егер Сізге келген SMS-хабарламада басқа адамның ЖСН-і болса, хабарламаны елемеу керек.

15. Жалақымды қысқартса, 42 500 теңгеге өтініш бере аламын ба? 

Қағидаларға сәйкес, біржолғы төлем бір рет тағайындалады және шектеу шараларын енгізуге байланысты 2020 жылғы шілдеде кірістен толықтай айырылған жағдайда, тиісті қаржы жылына «Республикалық бюджет туралы» заңымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді. 

Осылайша, егер кірістен толық айырылу жағдайы болмаса, төлем тағайындалмайды.

16. Сырқаттанып, еңбекке жарамсыздық парағын ашсам, 42 500 теңге ала алам ба?

Біржолғы төлем:

1) жалақы сақталмайтын еңбек демалысындағы қызметкерлерге;

2) жеке кәсіпкерлерге;

3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;

4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғаларға;

5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерге тағайындалады.

Осылайша, ауырып қалып, уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңіндегі азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындалмайды.

ҚР Еңбек кодексінің 133-бабына сәйкес, жұмыс беруші уақытша еңбекке жарамсыз жұмысшыларына өз қаражаты есебінен әлеуметтік жәрдемақы төлеуге тиіс.

17. Банкте шотым жоқ, әйелімнің шотын көрсете отырып, 42 500 теңгеге өтініш бере аламын ба?

Өтініш берген кезде адам тек өзінің банктік шотын көрсетуге тиіс.

Біржолғы әлеуметтік төлем адамның ЖСН, аты-жөні және банктік шот нөмірі сәйкес келген жағдайда ғана банктік шотқа аударылады.

Біржолғы төлем жасау туралы өтініштер 2020 жылдың 17 шілдесінен 1 қыркүйегіне дейін қабылданады, сәйкесінше осы мерзім ішінде Сіз өзіңізге ыңғайлы банкке хабарласып, шот аша аласыз.

18. Жеке кәсіпкерлер 42 500 теңге біржолғы төлемін алу үшін қай күннен бастап табыссыз қалған болуы керек?

Үстіміздегі жылдың 5 шілдесінен бастап (Қазақстанда шектеу шаралары енгізілген кезден) кірісін толығымен жоғалтқан жеке кәсіпкерлер шектеу шараларының енгізілуіне байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы - 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алуға өтініш бере алады. 

Табыс жоғалту фактісін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесе отырып, аудандық (қалалық) штабтар растайды.

1
0
411

13-17 шілде аралығындағы ТОП-5 жаңалықтарға шолу

№1 ЦОН-да туған сәби 

Алматыда әйел Халыққа қызмет көрсету орталығында босанды. Жүкті әйел орталыққа тіркеуге тұру үшін келген. Толғағы қысып ол жәдел жәрдем келшгенше орталықта босанды. Дүниеге қыз бала келді. Ең бастысы сәби мен оның анасы да аман-есен дәрігерлерге табысталды.  

№2 Карантин кезіндегі демалыс 

Украиндық ерлі-зайыпты Максим мен Ирина Дубовскийлер карантин кезінде Қазақстан астанасында қалып қойған. Украиндық жұп ТЖ режиміне қарасман уақытты көңілді өткіздік деп отыр. Әсіресе, қаланың сәулеті мен саябақтары, тағамы ерекше ұнаған. Қазір тандыр пеште піскен нан мен «Баян Сұлудың» шоколадтарын сағынып жүргендерін де жасырмады. 

№3 Ерекше экочеллендж 

Қазақстандықтарға жаңа экологиялық челлендж ұсынылды. «Менің эко ізім» деп аталатын челлендждің мақсаты қазақстандықтарды экодағды қалыптастыруға үйрету. Қатысушыларға қоқысты сұрыптау, маркировка түрлері, өзінен кейін аз қалдық қалдыру тақырыптарында вебинар өтеді. Онда мәселен энергия үнемдеу үшін лифті немесе фенді пайдаланбау туралы айтылады. 

№4 әлем назарын аударған тхэквондист

Қазақстандық спортшы Фараби Давлетчинов шетелдік БАҚ-тың назарын тағы бір мәрте өзіне аударды. Фараби бұған дейін #bottlecapchallenge негізін қалаушы ретінде танылған. Бұл жолы Daily Mail басылымын оның жеміс турап, майшамды сөндірген видеосын қызықтырды. Британдық таблоидтар қазақстандық тхэквондисттің видеоларын көрсетіп, «бұны үйде жасауға тырыспаңыз» деп ескертті. 

№5 Құйрық май қымбаттап кетті

Қойдың құйрық майы танымал тағамға айналды. Қазір әлеуметтік желілерде майдың емдік пайдасы туралы көп айтылып жатыр. Халық құйрық май өкпенің қабынуына жақсы ем деп санайды. Бұрын келісі 1000 теңге болса, қазір оның базардағы бағасы екі есе қымбаттап кетті.

Міне, достар.  Қазақстанның ақпарат кеңістігіндегі  жағымды жаңалықтар топтамасы осындай болды. Дәрігерлер коронавирусты жеңу үшін жағымды ақпарат оқып, көтеріңкі көңіл күйде жүруге кеңес береді. Ендеше, біздің арнаға жазылып, лайк басып, пікір қалдырыңыз.  Біз үздік жаңалықтар топтамасын сіздің қалауыңыз бойынша жасаймыз...  

0
0
584

6-10 шілде аралығындағы ТОП-5 жаңалықтарға шолу

Соңғы жеті жылдағы ең жарық құйрықты жұлдыз, Қызыл кітапқа енген құстар, медициналық салықтан босату. Және Францияда саяси мансапқа жеткен қазақ қызы кім? Осы аптаның айшықты оқиғалар тізбегіне зер салыңыз.   

№1 Жеті жылдағы ең жарық комета 

Соңғы жеті жылдағы ең жарық кометаны суретке түсірген фотографтың есімі белгілі болды. 2020 жылдың 27 наурызында анықталған NEOWISE кометасын суретке түсірген алматылық фотограф Дмитрий Доценко болып шықты. Ол соңғы жеті жылдың ішіндегі ең жарық кометаны суретке түсіріп үлгерді. «Сирек болатын астрономиялық құбылысты кадрға түсіру үшін алдын ала дайындалдым», дейді ол. Сурет таңғы 4-те 200-миллиметрлік телеобъективпен түсірілген.     

№ 2 Қазақ даласына 4,2 мыңға жуық жек-дуадақ жіберілді

Құстың бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Жойылып кету қаупі бар. Сондықан Қазақстан тарапы Жек-дуадақты қорғау халықаралық қорымен бірлесіп оны көбейту жұмыстарын атқарып келеді.  Дуадақтар Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстанның тәлімбақтарында өсірілген. Құстар Алматы, Маңғыстау, Түркістан мен Қызылорда облысының аумағына жіберілді. Мамандар олардың 50 пайызы тіршілікке бейімделіп кете алады, деп отыр.   

№3  800 мың жұмысшы медициналық сақтандыру төлемінен босатылды   

Коронавирус пандемиясы байланысты Үкімет шағын және орта бизнестің жұмысшыларын міндетті медициналық сақтандыру төлемінен босатты. Бұл рақымшылықтың игілігін аталған салада еңбектеніп жүрген  800 мыңнан астам жұмысшы көрді. Жеңілдік ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін жалғасады.   

№4 Ауылға жеткен көмек 

Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға көмегін жалғастыруда. Бұл жолы қор шалғай ауылдың тұрғындарына көмектесті. Нақты айтқанда 80 мың қазақстандыққа 50 мың теңге бір реттік әлеуметтік жәрдем берілді. Жалпы, «Біргеміз» қайырымдылық қоры үш айда 550 мың қазақстандыққа жәрдем берді.   

№5 Қазақ қызы – Францияда әкім  

Қазақ қызының Францияның Крей қаласы мэрінің орынбасары болып тағайындалғаны Осы аптаның үздік жаңалығының бірі болды. Есім Саваш 19 жастан бастап саясатпен айналыса бастаған. Есім Саваш Францияда дүниеге келген, қалалық мэрияда ол мәдениет мәселесі бойынша комиссияға жетекшілік етеді. Мақсаты – мэр немесе депутат болу.   

Сонымен,  Қазақстанның ақпарат айдынындағы елең еткізген жаңалықтар топтамасы осындай болды. Ұмытпаңыз, біз үздік жаңалықтар топтамасын сіздің қалауыңыз бойынша жасаймыз. Біздің арнаға жазылып, лайк басыңыз және пікір қалдырыңыз.  Ең бастысы видеоны достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.   

0
0
464

29 маусым – 3 шілде: осы аптаның жағымды ТОП-5 жаңалығы

Осы аптаның айшықты оқиғалар тізбегіне зер салыңыз!  

Қазақстанда екі жаңа телеарна іске қосылады 

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева есепті кездесуінде мәлімдеді. «Абай тв» мәдени-танымдық арнасы 30 маусымда көрерменге жол тартты. Ал «әл-Фараби» арнасы жаңа оқу жылының қарсаңында жұмысын бастайды. Жаңа арналарға деген қажеттілік пандемия кезінде пайда болды.

Махаббат жасқа қарамайды

Алматыда 85 жастағы күйеу жігіт пен 96 жастағы қалындық заңды некеге тұрды. Ғашықтар 35 жыл бұрын сөз байласқан екен. Кейуана ақ шілтерлі қалыңдық көйлегін кимесе де, қос ғашық неке жүзігімен алмасты. 

Димаш Қытайдағы ең үздік шетелдік әртіс болып танылды

Дауыс беру қытайдың Sina платформасында 21 күн бойы жалғасты. Қазақстандық әнші «Үздік шетелдік әртіс» номинациясында 1 404 488 дауыспен жеңіске жетті. 

Қазақтың қызы АҚШ-та хоккей клубының бас бапкері болды

Қазақстандық Бұлбұл Қартанбаева Нью-Джерси штатының Princeton Tiger Lilies  Принстон тайга лилиз хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұлбұл әйелдер ҰХЛ-дағы алғашқы қазақстандық ретінде тарихқа енді. ОЛ 2011 жылдан бері Қазақстанның ұлттық құрамасында өнер көрсетіп жүр. 

Елбасы елмен бірге 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус індетінен толықтай айығуы бұл апталағы қуанышты хабар болды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті халыққа үндеу жасап, барша қазақстандықтарды тәртіп пен карантин режимін сақтап, өз денсаулықтарын күтуге шақырды. 

1
0
2094

Елорда көшелерін су басты (БЕЙНЕ)

Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде қала көшелерінің әр жерінен түсірілген видеолар көптеп таралып жатыр. Көліктің ішінен сондай видеоның бірі Иманов көшесі бойында түсірілген. Видеодан су деңгейі жеңіл көліктің бел ортасына дейін жетіп тұрғанын және бірнеше машинаның жол ортасында тұрып қалғанын байқауға болады. Су басқан көшелердің суреттері де әлеуметтік желіде жетерлік.  

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйене отырып, бүгін таңертең және күндіз найзағай ойнап жаңбыр жауатындығын хабарлаған болатын. Жаңбыр ертеңге де ұласады. Тіпті бүгін бұршақ түсуі де ықтиал. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысқанда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Бүгін күндізгі ауа температурасы 10-12 градус жылы. 

0
0
462

ТОП-6: 22-26 маусым аралығындағы жаңалықтарға шолу (БЕЙНЕ)

Енді рет ретімен айтар болсақ.     

№1 . Лентасыз парад   

Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатысу үшін Мәскеуге барды. Қазақстандықтар үшін парадтың өзінен бұрын Тоқаевтың георгий лентасын тақпағаны//басты жаңалық болды.  Халық Қазақстан Президентінің қызыл-ала лентаны тақпай  шыққанына және қызыл алаңда қазақстандық сарбаздар жүріп өткенде орнынан тұрып құрмет көрсеткеніне риза болып, сүйсінді.   

№2. «Той тойлап жүретін уақыт емес»  

«Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес». Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында кейбір азаматтардың пандемияға қарамастан той өткізуге рұқсат беруді талап етіп хат жазғанын айтты. Президент болса, қазір той қуалайтын емес, ой қуалайтын кез келді. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек деген пікірде.  

№3. Біртановтың отставкасы және министрліктегі ауыс-түйіс   

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі болып келген Елжан Біртанов денсаулығына байланысты өз еркімен жұмысынан кетті. Оның орнына Алексей Цой министр болып тағайындалды. Желі қолданушыларының бірі Біртановты қимай жатса, енді бірі «Мы ждем перемен» деп деп әндетіп отыр.  Жаңа министр жұмысқа кіріскен алғашқы күні екі бірдей орынбасарын ауыстырып үлгерді.   

№4. 42500 теңге беріле ме?   

Төтенше жағдай режимі кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға төленген 42 500 теңге әлеуметтік көмек енді берілмейді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. ТЖ режиімі кезінде 4 млн 607 мың адам 42 500 теңгеден алды. Оған мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының 322 млрд теңге активі жұмсалды.  

№5. Ақтаудағы арыстан   

25 маусым күні полицейлер Ақтау қаласының маңындағы Ақшұкыр кентінде емін-еркін жүрген арыстанды ұстап  алды. Арыстан Қошқар ата елді мекенінде мамандардың бақылауында. Қазір жыртқыштың иесі іздестірілуде және оның Ақтауға қалай келгені анықталуда.   

№6. Дәріханадағы кезек пен ауруханадағы орын тапшылығы   

Осы аптада Қазақстанда пневмония дертіне шалдыққандар қатары күрт өсті. Ауруханада орын тапшы, дәріханаларда ұзын-сонар кезек. Елордада  рецептсіз дәріні тек шектеулі мөлшерде сату туралы шешім қабылданды. Еліміздің кейбір өңірінде күшейтілген карантин режимі енгізіліп жатыр. 

0
0
489

Елордалық ересектер мен балаларға медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі

12 маусымнан бастап Елордада жұқпалы және провизорлық стационарлардың төсек қоры қалалық, ведомстволық және республикалық медициналық ұйымдардың төсек қорын қайта бейімдеу есебінен 1 351 төсек-орынға ұлғайды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова мәлімдеді.  

Анықтама: бүгінгі таңда коронавирустық инфекциямен күрес бойынша іс-шараларға 3 135 төсек қоры бар 11 денсаулық сақтау объектісі тартылған. Бүгінгі күнге инфекциялық (2195 төсек) және провизорлық стационарларда (940 төсек) жүктеме 79,0% құрайды.  

23 маусымнан бастап инфекциялық және провизорлық стационарларға емдеуге жатқыза отырып, тәулік бойы бақылауды қажет ететін пациенттер легін бөлу мақсатында Ахуалдық орталықтың қызметі ұйымдастырылды. Орталықтың мамандары ЖМЖЕ ұйымдарына бос төсек орындары туралы және емдеуге жатқызу мәселелерін шешуде қашықтықтан кеңес береді. Спикердің ақпараты бойынша, жедел медициналық жәрдем базасында 705-103 нөмірі бойынша қосымша байланыс орталығы іске қосылды, 23 маусымнан бастап қаланың барлық медициналық ұйымдарында профилактикалық мақсатта жоспарлы амбулаториялық-емханаға бару тоқтатылды.  

Бұдан басқа, ересектер мен балаларға шұғыл медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі. Мәселен, № 2 қалалық көп бейінді ауруханада қосымша гематологиялық, токсикологиялық, нефрологиялық бөлімшелер ашылды. Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының базасында жарақаттар мен күйіктер кезінде медициналық көмек көрсетіледі. Қала халқына онкологиялық көмек амбулаториялық дәрі-дәрмекпен толық көлемде қамтамасыз ете отырып, бір ауысымда 380 адам қабылдайтын емханада көп салалы медициналық орталық базасында көрсетіледі.  

Стационарлық көмек 315 төсекке және 30 төсекке паллиативтік көмек көрсетіледі. Жүкті әйелдерге медициналық көмек 360 төсектік екі перинаталдық орталықта, сондай-ақ КВИ бар жүкті әйелдерге № 2 Ковид ПЦ 185 төсек-орынға қызмет көрсетіледі.  

Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова өз сөзінде №1 және № 2 көпсалалы балалар стационарлары толық көлемде үздіксіз жұмыс істейтінін атап өтті. Қалада 13 мамырдан бастап 31 АМСК объектісінде дистанциялық бал жүргізілетін жағынды жинау бойынша мобильді бригадалармен провизорлық бөлімшелер жұмыс істейді. 1 197 асимптомсыз КВИ тасымалдаушыларын бақылау.  

Анықтама: күн сайын КВИ бар науқастарды асқынулардың болуына шамамен 130-150 КТ-зерттеу жүргізіледі. Ұялы топтар үйде жақын байланысатындарға талдау жүргізеді. Қалада қуаттылығы 5.5 мың зерттеуге дейінгі 8 ПТР зертхана ашылды. Бүгінде 200 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. 

0
0
422