Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

13-17 шілде аралығындағы ТОП-5 жаңалықтарға шолу

№1 ЦОН-да туған сәби

Алматыда әйел Халыққа қызмет көрсету орталығында босанды. Жүкті әйел орталыққа тіркеуге тұру үшін келген. Толғағы қысып ол жәдел жәрдем келшгенше орталықта босанды. Дүниеге қыз бала келді. Ең бастысы сәби мен оның анасы да аман-есен дәрігерлерге табысталды.

№2 Карантин кезіндегі демалыс

Украиндық ерлі-зайыпты Максим мен Ирина Дубовскийлер карантин кезінде Қазақстан астанасында қалып қойған. Украиндық жұп ТЖ режиміне қарасман уақытты көңілді өткіздік деп отыр. Әсіресе, қаланың сәулеті мен саябақтары, тағамы ерекше ұнаған. Қазір тандыр пеште піскен нан мен «Баян Сұлудың» шоколадтарын сағынып жүргендерін де жасырмады.

№3 Ерекше экочеллендж

Қазақстандықтарға жаңа экологиялық челлендж ұсынылды. «Менің эко ізім» деп аталатын челлендждің мақсаты қазақстандықтарды экодағды қалыптастыруға үйрету. Қатысушыларға қоқысты сұрыптау, маркировка түрлері, өзінен кейін аз қалдық қалдыру тақырыптарында вебинар өтеді. Онда мәселен энергия үнемдеу үшін лифті немесе фенді пайдаланбау туралы айтылады.

№4 әлем назарын аударған тхэквондист

Қазақстандық спортшы Фараби Давлетчинов шетелдік БАҚ-тың назарын тағы бір мәрте өзіне аударды. Фараби бұған дейін #bottlecapchallenge негізін қалаушы ретінде танылған. Бұл жолы Daily Mail басылымын оның жеміс турап, майшамды сөндірген видеосын қызықтырды. Британдық таблоидтар қазақстандық тхэквондисттің видеоларын көрсетіп, «бұны үйде жасауға тырыспаңыз» деп ескертті.

№5 Құйрық май қымбаттап кетті

Қойдың құйрық майы танымал тағамға айналды. Қазір әлеуметтік желілерде майдың емдік пайдасы туралы көп айтылып жатыр. Халық құйрық май өкпенің қабынуына жақсы ем деп санайды. Бұрын келісі 1000 теңге болса, қазір оның базардағы бағасы екі есе қымбаттап кетті.

Міне, достар. Қазақстанның ақпарат кеңістігіндегі жағымды жаңалықтар топтамасы осындай болды. Дәрігерлер коронавирусты жеңу үшін жағымды ақпарат оқып, көтеріңкі көңіл күйде жүруге кеңес береді. Ендеше, біздің арнаға жазылып, лайк басып, пікір қалдырыңыз. Біз үздік жаңалықтар топтамасын сіздің қалауыңыз бойынша жасаймыз...

0
0
517

Осы тақырып бойынша