29 маусым – 3 шілде: осы аптаның жағымды ТОП-5 жаңалығы
Осы аптаның айшықты оқиғалар тізбегіне зер салыңыз!
Қазақстанда екі жаңа телеарна іске қосылады
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева есепті кездесуінде мәлімдеді. «Абай тв» мәдени-танымдық арнасы 30 маусымда көрерменге жол тартты. Ал «әл-Фараби» арнасы жаңа оқу жылының қарсаңында жұмысын бастайды. Жаңа арналарға деген қажеттілік пандемия кезінде пайда болды.
Махаббат жасқа қарамайды
Алматыда 85 жастағы күйеу жігіт пен 96 жастағы қалындық заңды некеге тұрды. Ғашықтар 35 жыл бұрын сөз байласқан екен. Кейуана ақ шілтерлі қалыңдық көйлегін кимесе де, қос ғашық неке жүзігімен алмасты.
Димаш Қытайдағы ең үздік шетелдік әртіс болып танылды
Дауыс беру қытайдың Sina платформасында 21 күн бойы жалғасты. Қазақстандық әнші «Үздік шетелдік әртіс» номинациясында 1 404 488 дауыспен жеңіске жетті.
Қазақтың қызы АҚШ-та хоккей клубының бас бапкері болды
Қазақстандық Бұлбұл Қартанбаева Нью-Джерси штатының Princeton Tiger Lilies Принстон тайга лилиз хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұлбұл әйелдер ҰХЛ-дағы алғашқы қазақстандық ретінде тарихқа енді. ОЛ 2011 жылдан бері Қазақстанның ұлттық құрамасында өнер көрсетіп жүр.
Елбасы елмен бірге
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус індетінен толықтай айығуы бұл апталағы қуанышты хабар болды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті халыққа үндеу жасап, барша қазақстандықтарды тәртіп пен карантин режимін сақтап, өз денсаулықтарын күтуге шақырды.
