20-24 шілде аралығындағы ТОП-5 жаңалықтарға шолу
Осы аптаның айшықты оқиғаларын бірге көрейік.
№1. Онлайн үйлену
Қазақстандықтар zoom платофрмасы арықыл той жасай бастады. Қалындық Оралда, күйеужігіт Оңтүстік Кореяда отырып онлайн той жасады. Коронавирус пандемиясына байланысты күйеужігіт Оңтүстік Кореядан қайта алмаған. Онлайн тойға Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Оңтүстік Кореядан қонақтар қатысты.
№ 2 Ұстаздардың жалақысы көбейеді
Жаңа оқу жылы мектеп мұғалімдері үшін жағымды жаңалықпен басталмақ. Ұстаздардың жалақысы көбейеді. Білім министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдың қаңтарынан бастап ұстаздардың еңбекақысы 25 процентке артатынын айтты. Сондай-ақ қашықтан оқыту кезінде еңбекақылары толық төленетін болады.
№3 Денистің академисы
Алматыда Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады. Global Figure Skating қысқы сырғанау маусымының басында ашылады деп жоспарланған. академия Денис Теннің өзі жасап бастаған жобасы болатын. Қазір оны анасы жалғастырып жатыр.
№4 Ресейлік КВН-шы қазақша ән айтты
Ресейлік КТК// ұлты қазақ белгілі ойыншысы Азамат Мұсағалиев ана тілінде ән айтты. Актер/ әрі тележүргізуші, әнін желіде жариялағанда «Бұл Дос-Мұқасан емес, Ерке Есмахан да емес. Бұл мен – Азамат», деп жазды. Көрермендер оның дауысына тәнті болып, өнерін жоғары бағалады.
№5 Көбейтұз ерекше қорғауға алынады
Ақмола облысындағы қызғылт түсті Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумақ санатына қосылды. Бұл тұзды көлді қорғауға мүмкіндік бермек. Енді көлдің айналасына қоқыс тастап, балшығы мен тұзын қазып әкеткендер жазаға тартылады.
Сонымен, Қазақстанның ақпарат айдынындағы елең еткізген жаңалықтар топтамасы осындай болды. Ұмытпаңыз, біз үздік жаңалықтар топтамасын сіздің қалауыңыз бойынша жасаймыз. Біздің арнаға жазылып, лайк басыңыз және пікір қалдырыңыз. Ең бастысы видеоны достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.
