Мазмұнға өту
Nazym93
Nazym93

Назира Бурханова

@Nazym93

Сайтта 2012 ж. 20 мамырКазахстан, Алматы

Тұрсын Назым

рейтинг

106

жазбалар

517

пікірлер

7

тіркелуші

11

жазылымдар

7

"Мама про": Қазақ тобы бойынша кәсіпкерлік курсының 3-ағымы сәтті аяқталды

Ерекше күтімді қажет ететін балаларды қарау - аса жауапты іс. Оларды аналары үйде жалғыз қалдыра алмайды. Ал бала күтушісін жалдауға кез келген ата-ананың қалтасы көтере бермейді. 

Осы ретте, "Мамапро" ұйымы ерекше баласы бар аналарға арнап кәсіпкерлік бағыт бойынша және компьютерлік сауаттылық жөнінде курстар өткізеді. "КMF Demeu" компаниясының қолдау көрсетуінің арұасында бірнеше ерекше баласы бар ана аталған ұйымнан білім алып шықты. Жақында біз қазақ бөлімі 3 ағымның бітіру  кешінің құрметті қонағы болып, бірнеше анамен сұхбаттасқан болатынбыз.

Заң бойынша мұндай балалардың анасына еңбек құқығы беріле бермейді. Соның әсерінен олар білімін, білігін жетілдіре, қолдана алмай қалады және ақша табуы қиындай түседі. Қоғам өмірінен алшақтап кететіні белгілі.

Мама про жобасының Алматы қаласы бойынша директоры Алена Ким

"Жобаның мақсаты — ерекше балалардың анасына жұмыс табуға жәрдемдесумен бірге оған кәсіп жүргізуге қажет дағдыларды қалыптастыру. Аналар мұнда психологиялық қолдау және кәсіп жүргізу негіздері бойынша сабақ алады", - дейді.

Мама про жобасының қазақ тобы бойынша директоры Айгерим Избасарова

Бүгінде елімізде ерекше күтімді қажет ететін баласы бар аналар жетерлік.  Бірақ, олардың барлығы бірдей психологқа бара бермейді. Олар мәселесін жалғыз өзі шеше алмауы да мүмкін. Міне, «Мама Про» — осындай қиын жағдайда жүрген аналар үшін таптырмас мүмкіндік. Болашақта осы тәрізді игі бастамалардың қатары толыға берсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл топ біздің тарихымызда ең ерекше топ ретінде есте қалмақ. Бізге келген әрбір ана ерекше. Сондықтан, сіздерге алғысым шексіз. Аналар армандасын, мақсат қойсын және ең бастысы, әрекет етсін. Алла оларға және балаларына зор денсаулық берсін!", - деді өз сөзінде.

 Қамбарова Фариза 

Жоспарымды ұзақ уақыт бойы жүзеге асыра алмадым. Сөйтіп жүргенде Instagram желісінен «Мама Про» жобасы жайында естідім. Ол кезде балаларыма қарап, үйде жұмыссыз отырған едім. Курста ерекше күтімді қажет ететін балалардың анасына барынша қолдау көрсететіні, оның үстіне тегін оқытатыны қатты ұнады. Сондықтан көп ойланбастан жобаға қатысамын деп шештім.

Тулемисова Сәнім

«Орталыққа баламмен  бірге барып жүрдім. Іші өте ыңғайлы, барлық жағдай жасалған. Ең қолайлысы — бір бөлмеде аналар жұмыс істесе, екіншісінде балалар ойнап отырады. Осыдан кейін баламды бұрынғыдай кімге қалдырамын деп уайымдамайтын болдым.

Гульназ Сарсенбаева

«Мама Проға» келгенге дейін арман-мақсатымды іске асырудың жолын таппай жүрдім. Ал бұл жоба маған оңтайлы әдіс-тәсілін үйретіп, жаңа мүмкіндік сыйлады. Бар болғаны екі ай ішінде көп нәрсені меңгердік. Сұранысқа ие бухгалтерлік есеп, копирайтинг, жобаларды презентациялау тәрізді салалар бойынша сабақ алдық. Табысты кәсіпкерлер тәжірибелерін бөлісті. Жоба басшылары да бізге позитив көңіл-күй сыйлап, қолдау көрсете білді.

 Бизнес-жоспарды қалай құру керегін де білмеген едім. Көп уақыт бойы ойша жоспарлап, армандап қана жүрдім. Алайда алған бетімнен қайтпайтын қасиетімнің арқасында арманым ақиқатқа айналды. Қазір менің үлкен түрлі шай үрлерін сататын дүкенім бар. 

#Мамапро

#НазираБурханова

2
0
705

Мұтырғановтар циркке оралды

Күні  кеше ғана Республика күніне орай Алматы төрінде орналасқан Қазақ мемлекеттік циркінде елімізге белгілі цирк артисі Кәрім Мұтырғановтың бенефисі өтті.

Бүгінде 70 жасқа толып отырған цирк өнерінің жарық жұлдызы өмірінің жарты ғасырын цирк өнеріне арнағаны көпшілікке белгілі. Кәрім Мұтырғанов елімізде 30-дан астам мемлекетте танытып жүрген талантты өнер иесі.

Көпшілікке белгілі соңғы 10 жылда Кәрім Мұтырғанов цирк аренасына шықпаған болатын. Сондықтан еліміздегі ең танымал цирк әулетінің негізін қалаушы, режиссер, ұстаз, «Мутурганчики» триосының продюсері Кәрім Мұтырғанов мерейлі күн болды. 

— Әкем үшін Алматы циркі өзінің екінші үйі іспетті. Ол өнердегі жолын дәл осы ордада бастаған. Кәрім Мұтырғанов бенефисінде бүкіл әлем көрермендеріне ұнаған ең жақсы репризалары мен ерекше нөмірлерін көрсететін болады. Сондай-ақ шоуға еліміздің әр түрлі қалаларының артистері мен Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері қатысады. Ал бұл өз кезегінде жас мамандардың цирк биігінде жұлдыздай жарқырауына жол ашады деп білемін,  — дейді  белгілі цирк маманы және бенефис иесінің ұлы Мұрат Мұтырғанов.

Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мұтырғановтың ұлы Мұрат Мұтырғанов "Рекордтар кітабына" еніп, "Әлемдегі ең жас клоун" дәрежесін иеленген.

Мұрат Мұтырғанов
Цирк - бұл ғажайып әлем. Мен алты жасымда еңбек кітапшамды алып, қызмет жолымды әкеммен бірге соло-клоуннан бастадым. Әкем кішкентай кезінен әртіс болсам деп армандайды екен, менің де балам циркте болмаса да, өнер және мәдениет саласында жұмыс істесе деп армандаймын.

Мұрат Мұтырғанов 1990 жылы Веронеде өткен цирк өнерінің балалар фестивалінде әлемнің ең жас клоуны атанған болатын. Оның аты «ДИВО» рекордтар кітабына енгізілген. АҚШ - та клоуындық даңқ мұражайында «MURATIK» деген атпен плита ашылды, оның нөмірі 411.

0
0
883

Өңірлік коммуникациялар қызметі журналистерге арнап форум өткізді

Жақында  Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі республика күніне орай журналистерге арнап форум ұйымдастырды. Форум аясында медиа саласының өкілдері үшін арнайы дайындалған ақпарат беріліп, мамандар өзара пікір алмасты. Атап айтқанда, аймақтық пабликтерді жүргізудің негізгі проблемалары мен қиындықтары туралы «Давай сходим» паблигінің Алматы филиалындағы бс редакторы Камилла Бояубаева айтты. «Orda.kz» телеграмм-каналының редакторы Илья Ролдугиннің дайындап келген тақырыбы да журналистер үшін танымдық әрі өзекті болды, ол «Қазақша СММ немесе әлеуметтік желілердің жаңа шындығы» блогында өз тәжірибесімен бөлісті.   

Форум аясында «Авторлық құқық және плагиат» мәселелері, деректі фильм түсіру, журналистердің құқықтары т.б. мәселелер қарастырылды. Қазақстан АИС ЖШС заң компаниясының директоры, Қазақстандағы, Қырғызстандағы «Apple» компаниясының зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері жөніндегі өкілі Әсет Блиев бұл тақырыпта журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді. Тақырыпты белгілі  блогер, фототілші Дмитрий Доценко жалғады. Ол «Фототроллингтің» не екенін және медиа-бизнеске қандай қауіп түсіндіріп берді. Соңында тележурналист Ирина Грибковская әріптестерімен деректі фильм жанрының қыр-сырымен бөлісті.  Ирина деректі фильмді қызықты етудің құпиялары туралы айтып, практикалық кеңестер берді.  Шара барысында сарапшылар мен бірқатар журналистерге түрлі номинациялар мен арнайы естелік сыйлықтар берілді. 

#АлматықаласыныңӨңірліккоммуникацияларқызметі

#РСКАлматы

0
0
704

“Голодные игры: Баллада о змеях и певчих птицах: Панемге қайта оралу”

Трейлермен бірге бізде Asanafilm кинокомпаниясы шығарған «Голодные игры: Баллада о змеях и певчих птицах», фильмінің бірнеше сахна сыртындағы фотосуреттері бар. Мұнда басты назар Панем әлемін шынайы өмірге айналдыратын түсіру тобының қызметкерлеріне аударылады. Режиссер Френсис Лоуренс өзімен бірге жұмыс істеген көптеген адамдар осы фильмге түсу үшін қайта оралғанын, сондай-ақ, бірнеше жаңа адамдар да бар екенін хабарлайды.

«Голодные игры: Баллада о змеях и певчих птицах», – қысқа мазмұны, актерлер тізімі, шығатын күні

Кэтнисс Эвердин қатысушы болуға ерік білдіргенге дейінгі 64 жыл бұрын және Кориоланус Сноудың Панемнің қатыгез президенті болғанға дейінгі ондаған жылдар бұрынғы «Голодные игры» тарихына үңіліңіз.

 «Голодные игры: Баллада о змеях и певчих птицах» фильмінде Люси Грэй Бэрд рөліндегі Рэйчел Зеглер, Дилл рөліндегі Луна Стиплс, Мизен рөліндегі Купер Диллон, продюсер Нина Джейкобсон және Панлун рөліндегі Лукас Уилсон. Фотограф: Мюррэй Клоуз © 2023 Lionsgate

Суреттер - https://disk.yandex.ru/d/4DqhHc5UJgbyRQ

«Голодные игры: Баллада о змеях и певчих птицах» соғыстан кейінгі Капитолийдің қаһарына ұшыраған бір кездегі текті асыл Сноу отбасының, өзінің күйреп бара жатқан ұрпағының соңғы үміті жас Кориоланус (Том Блит) туралы баяндайды. Күнкөрісіне қауіп төнгендіктен Сноу кедей 12-ші дистриктің өкілі Люси Грэй Бэрдке (Рэйчел Зеглер), тәлімгер болуға құлықсыз түрде келіседі. Бірақ Люси Грэйдің сүйкімділігі Панемнің көрермендерін баурап алған соң, Қар олардың тағдырларын өзгерту мүмкіндігін көреді. Еңбек етіп тапқанының барлығы қатер астында болғандықтан, Snow мүмкіндіктерді өз пайдаларына қарай өзгерту үшін Люси Грэймен бірігеді. Жақсылық пен зұлымдыққа қатысты ішкі түйсігімен күресе отырып,Сноу аман қалып, сайып келгенде әнші құсқа немесе жыланға айналатынын көрсету үшін уақытпен жарысқа шығады.

«Голодные игры: Баллада о змеях и певчих птицах» режиссері Фрэнсис Лоуренс, басты рөлдерде Том Блит, Рэйчел Зеглер, Питер Динклэйдж, Хантер Шафер, Джош Андрес Ривера, Джейсон Шварцман және Вайола Дэвис. Фильм Сьюзен Коллинздің бір аттас романына және Майкл Лесли мен Майкл Арндттың сценарийіне негізделген. Фильм 17 қарашада прокатқа шығады.

#Asanafilm

0
0
661

Әйелдің өмір жолы әдемі

Марина Таргакова - қарым-қатынас бойынша бірнеше кітаптың ("Окна в мир ребенка", "Сильная слабая. Как перестать сражаться и научиться любить?" ,"Әйелдің  өмір жолы" сияқты көптеген кітаптардың авторы, Razum Life қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Джон Фэйворс атындағы қолданбалы рухани технологиялар институтының Орталық Азиядағы бөлімшесінің директоры, "Брант" медициналық корпорациясының президенті.

Қазақстандағы гуманистік педагогика орталығының жетекшісі, Шалва Амонашвилидің басшылығымен жұмыс істейтін халықаралық гуманистік педагогика орталығының вице-президенті. 2015 жылы "Гуманистік педагогиканың батыры" атағын алды.

Әлемнің түрлі елінде қарым-қатынас педагогикасы мен психологиясы бойынша семинар, тренингтердің авторы және жүргізушісі.

Жақында Алматыдағы театрлардың бірінде Марина Таргакованың авторлық семинар-лекциясы өткен болатын. Сол лекция негізіндегі цитаталармен бөлісер болсам.

Әйел өзінің күйеуін сыйлап, шабыттандырып отырса, ерінің тек жақсы мінез-құлқын көруді, мақтауды үйренсе, ер адам отбасыда шешім қабылдап, қоғамдағы істерге белсене атсалысатын болады.

Бағыну, тыңдау, сабырлы болу, мейірім сыйлау, отбасыны гүлдендіру – әйелдің міндеті. Ер адам әйелінің сабырын бойына сіңіреді. Ер кісі қуаныш, іскерлік пен мақсатшылдық үшін жауапты. Үй ішінің ауа-райы әйелге тәуелді. Әйел сымбатты, күтулі, таза, сұлу болуы керек. Неше түрлі әшекей тағып жүргені абзал. Үйде де, түзде де жақсы киініп жүргені дұрыс. Әйел ерінің көзінше өзін мақтауына болмайды. Мақтану – ер адамның қылығы. Әйел өзінің өзімшілдігін басқа әйелдердің көзінше көрсетсе де жеткілікті.

Шығыс даналығы бойынша әйел адамның үйден тыс жерде жұмыс істегені құпталмайды. Жұмыс істесе тек қызығушылық ретінде, аптасына бірнеше сағат қана бөлуі керек. Әйелдің жұмысы – отбасы. Күйеуі, балалары, үйі, туыстармен қарым-қатынасы.

Егер ер адам әйелін дұрыс бағыттай алса, онда ол отағасының түзу жолға түсіп, табыскер болуына себепші болатын күшке айналады. Күйеуі әйелін сыйламаса, үйдің берекесі қашады. Бір отбасының бақытсыздығы әрдайым екеудің еншісінде. Егер әйел ерін сыйламаса, оны жеңістерге шабыттандырмаса, оның бойынан осалдық байқаса – оған сатқындық жасағаны.

Үйдегі әйелі қаншалықты сыйласа, түзде ер адамның абыройы соншалықты болмақ. Үйленгенге дейін анасы. Әйелдің ең басты қасиеті – жұмсақ дауысы. Әйел еріне қарағанда әлдеқайда иманды келеді.

Үй  - әйелдің қорғаны. Оның іші-сыртында болып жатқанды бақылау, қадағалау, күтіп ұстау, ұйымдастырып, ұйытқы болу әйелдің міндеті. Ер адам үйдің тірлігін мақтаса ғана жасайды. Әйелдің міндеті – оны жасауға ынталандыру. Әйел үйде көп уақытын өткізеді. Сондықтан күш-қуатын үйден алады.

Егер ерінің мінезін өзгерткісі келетіндер бар болса, онда бұл туралы оған айтудың қажеті жоқ. Оны өзгертудің алдында әйел өзінің кемшілігін түзеп, өзін өзгертуді қолға алсын. Өзінің қуат-күшін ақылмен жұмсап үйренсе, бәрі өзгереді.

0
0
543

Пантогематоген — аурусыз, ұзақ бақытты өмір

"Жолдасымның  мамандығы мал дәрігері болғанғандықтан,  2016 жылы қаладан ауылға көшіп, марал өсіру жобасын қолға алуды ұсынды. Мен бұл идеяны қолдап, медицина қызметкері ретінде адамдарды емдейтін санаторий салуды ұсындым, өйткені мүйізді марал шаруашылығының өнімдері өте шипалы. Осылайша, 2018 жылдың маусым айында Мәртөк ауданы, Қазан ауылында Пантолечебник жұмыс істей бастады", - деп бастады әңгімесін біздің бүгінгі кейіпкеріміз   марал өсіру  шаруашылығының басшысы, «Зәру» пантоемхана-шипажайының құрылтайшысы, аудандық мәслихаттың депутаты, «Атамекен» ЖК аймақтық іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Бану Тілегенова. 

Пантогематоген тазартылған марал қанынан жасалады екен. Кесілгеннен кейін мүйіздің өзі емдік сорпаны пісіру үшін пайдаланылады.

Биылғы жылы марал шаруашылығында өндірілген пантогематоген «Қазақстанның үздік тауары» байқауында жеңімпаз атаныпты. Оның халықаралық сапа сертификаты бар және құрамында 65% магний бар.

Оның емдік қасиеттерінің арқасында төрт жыл бойы мұнда 6 мыңнан астам адам денсаулығын жақсартып, иммунитетін жақсартты. Қазақ мүйізі өнімдерінің басым бөлігін Қытай мен Оңтүстік Корея сатып алуы бекер емес.

#БануТілегенова

#ПАНТОЕМДЕУ

0
0
1488

№200 мектеп-гимназиясында жол ережесін танып- білуге қатысты іс-шара өтті

Соңғы жылдары елімізде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиіліп кетті.  Бір Алматының өзінде осы жылдың соңғы 7 айында балалардың қатысуымен  381 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 384 бала зардап шекті. Ал бес бала қаза тапқан. Мұндай қорқынышты статистиканы Алматы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлаған.

Оқушылардың көлік астына түсуіне жол ережесін білмеуі басты себеп. Орны толмас оқиғаларды алдын алу үшін осы күндері еліміздегі әр мектепте жол қауіпсіздігіне байланысты сынып сағаттары ұйымдастырылып отыр. Бұл тұста Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №200-ші мектеп -гимназиясында өткізілген тәрбиелік сынып-сағаты жүздеген баланың жол ережесін танып- білуіне септігін тигізді. Мектеп директоры Айнұр Нұрымқызының әріптестері 4 сынып оқушыларын жинап,  жолда жүруге байланысты " Жол ережесін білейік - аман-есен жүрейік"- деген тақырыбында ашық тәрбие сағатын, жаңа форматта ұйымдастырылды. 

Тәрбиелік шара барысында балалар жол ережесін сақтамаудың салдары неге әкеп соқтыратынын арнайы қойылым арқылы суреттеуге тырысты. Сонымен қатар Наурызбай ауданының ІІД мамандары жаяу жүргіншілердің жолда жүру ережелері қандай – деген сауалға жауап беріп, қауіпсіздік мәселесіне қатысты мысылдарды оқушыларды қатыстыру арқылы түсіндіріп берді. 

Сонымен қатар әрбір ата-ана баласының жолдан өтерде абай болуын, жол жүру ережесін сақтауын айып отырғаны абзал. . Ең бастысы бұған әрбір ата-ана өздері де үлгі болуы тиіс. Өйткені бала ата-анасынан көргенін істейді. Ал көлік ішінде балалар болған жағдайда, жылдамдықты асырмай жүруді де назардан шығармаған жөн.  Бастысы жол жүру ережелерін баланың бойына кішкентайынан  сіңірсек, орны толмас жағдайлар да біршама азаяр ма еді?!

#АйнұрНұрымқызы

#200мектепгимназиясы

0
0
300

Телевизиялық зорлық-зомбылықтың жасөспірімдерге әсер ету факторы

Аңдатпа: Мақалада БАҚ арқылы көрсетілетін негативті ақпарат пен телевизиялық зорлық-зомбылық еліміздің болашағы өскелең ұрпаққа әсері туралы баяндалған.

Түйін сөздер: зорлық-зомбылық, теледидар, шындық, аудитория, БАҚ.

Адамзат тарихында ақпараттық процестердің адам өмірінің барлық салаларына әсері орасан зор болды. Тұлғаның қалыптасуында үлгі-өнегенің алатын орны ерекше екені белгілі.

Бүгінгі күні теледидарлық бейнелер, мінез-құлық және қарым-қатынас үлгілері психологиялық тұрғыдан ең маңызды болып табылады, өйткені олар әрқашан эмоционалды әсер береді. Сондықтан да жастарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының шешуші рөлін мойындау керек.Бұқаралық ақпарат құралдары, ең алдымен, теледидар мен ғаламтор бүгінде жас ұрпақты тәрбиелеумен шын мәнінде де айналысады. Бірақ бүгінде осы электронды ақпарат құралдары қандай қасиеттерді насихаттап жатыр?

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі зерттеушілердің барлығы дерлік атап өткендей, қазіргі БАҚ зорлық-зомбылық көріністеріне толы. Гарвард университетінің медицина мектебінің мәліметі бойынша, 18 жасқа дейін американдық бала теледидар экранынан зорлық-зомбылық көріністерін 180 000-нан астам рет көрген – оның 80 000-ға жуығы кісі өлтіру көріністері. Mediascope мәліметтері бойынша, АҚШ-та көрсетілетін балаларға арналған телебағдарламалардың 66 пайызында зорлық-зомбылық бар. Сол себепті де, балалардың ақпарат құралдарынан негативті әсер алмауы үшін, көретін, оқитын материалдары үнемі бақылауда болуы қажет.

Алайда, БАҚ өнімдеріне жалпы назар аударудың факторы тек зорлық-зомбылық емес екенін атап өткен жөн. «Ойындар, қысқаша әзілдер, сериалдар, ток-шоулар» – бұл зерттеулер бойынша кез келген телеарнаның бағдарламаларына қызығушылықты қамтамасыз ететін жиынтық . Бірақ ақпараттық зорлық-зомбылық тіпті өмірдің барлық салаларына тарала бастаған қажетті эмоционалдық фонға айналады. Өйткені, әлеуметтік ақпараттың бұл «жаңа» сапасы адамның сырттан келетін физикалық қауіптерге алдын ала дайын болу көрсетеді.. «Зорлық-зомбылық елесі, біздің жадымызға, армандарымызға, әңгімелерімізге енеді, бірақ біз мұның тәрбиелік мәні бар деп қабылдауымыз қажет» - деп жазады Д.Нейсбит. Яғни, жаңалықтарды оқығанда, фильм-сериалдар көргенде негативті қатты қабылдамауымыз керек. Өйткені, қандай болмасын бұл өмір шындығы.

Әрине, кейде теледидардағы зорлық-зомбылықты деструтивті мінез-құлыққа мотивация ретінде де түсінуге болады. Тіпті теледидар назары кейбір жағдайларда қылмыскер үшін тікелей ынталандыруға, «сахнаға шығуға», танымал болуға мүмкіндік береді.

Сиэтлдегі Вашингтон университетінің қызметкері Ф.Циммерман күніне шамамен 3,5 сағат теледидар көретін балалардың аз теледидар көретіндерге қарағанда бұзақы болу ықтималдығы 25 пайызға жоғары екенін анықтады. Бұл тек теледидардың әсерімен ғана емес, сонымен қатар педагогикалық немқұрайлылықпен және ата-аналардың назарының жеткіліксіздігімен түсіндіріледі.

Жасөспірімдер тек теледидар немесе газет арқылы ғана емес , ғаламтор арқылы да негатив пен телевизиялық зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келеді. Ал ғаламторда ақпарат жас ерекшелігіне сай сұрыпталмаған. Қан-төгіс, адам өлтіру, діни экстремизм, терроризм және т.б жайында материалдар жарияланған қаншама сайттар бар. Бұл ақпараттың көпшілігі қолжетімді платформаларда. Ал ғаламтордың негізгі қолданушылары жеткіншектер болып табылады. Мысалы, мамандар әсіресе 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдер ғаламторды көп пайдаланады деп дәлелдеген. Ғаламтор балаларды қызықтыра алады. Себебі, ол барлық эмоцияларды берсе де, әрқашан балаға шынайы өмір сүру бақытын бермейді. Қуаныш, ынта, тітіркену, ашу, ыза. Мұның бәрін еш қозғалыссыз басынан өткере алады! Компьютерлік тінтуір немесе қолдарындағы гаджет сиқырлы таяқшаның аналогы сияқты, соның арқасында  ешбір күш-жігерсіз өздерін әлемнің билеушісі сезінеді. Одан өзге, психологиялық мәселелерден басқа, отырықшы өмір салты омыртқаға (остеохондроз), асқазанға байланысты физикалық ауруларға әкеледі. гастрит), тыныс алу мүшелері, көрудің нашарлауы, карпальды туннель синдромы (карпальды туннельдегі қысылған нерв). Нейрофизиологтардың пікірінше, ғаламтор интеллектінің дамуына ықпал етіп қана қоймайды, керісінше, мидың танымдық белсенділігін төмендетеді.

Қорытындылай келе, таратылатын ақпараттың жағымды немесе жағымсыз түрін тыңдау, көру индивидтің өз таңдауы. Ал әлі тұлға болып қалыптасқан жасөспірімдер үшін ақпаратты саралай білуге көмектесу ата-ананың міндеті болып табылады. Ел болашағы болатын жастардың психологиялық және менталды денсаулығын ойлайтын болсақ, көретін мультфильмдерінен бастап оқитын жаңалықтарына дейін қатаң назар аударымыз керек. Өйткені, теледидардан, ғаламтордан көрген ақпараттар үнемі жағымды бола бермесі анық. Ал бала әсершіл әрі еліктегіш болып келеді. Бұл ретте, ата-ана мен бала арасындағы байланыс маңызды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Разлогов Қ.Е. Терроризмнің таралуына кино кінәлі ме? // Азат ой – ХХІ. - 2001. No 8. 109-б.

2. Дроздов А.Ю. «Агрессивті» теледидар: құбылыстың әлеуметтік-психологиялық талдауы // Әлеуметтанулық зерттеулер. 2001. № 8. С. 62–90.

3. Коломиец В.П. Телевизия және әлеуметтік мимика // 3 томда М.: Альфа-М, 2003. Т. 2. 43–45 Б.

4. Табатадзе Г.С. Зорлық-зомбылық әлеуметтік құбылыс ретінде // Вестник ВолГУ. 2003–2004 Сер. 7. Мәселе. 3. б. 109–116

Тұран» университетінің журналистика факультетінің 3-курс студенті Әбдірасіл Жалаладдин

0
0
683

Криптовалюта саласының арқасында ел-жер көру мүмкіндігіне ие болдым

Кейінгі жылдары криптовалюта саласы туралы көп айтылып жүр. Әлеуметтік желілерде қаржылық сауаттылыққа үйрететін мамандар да аз емес. Редакциямызға күн сайын "Криптовалютаны неден бастау керек?",  "Бұл саладағы соңғы трендтер қандай?", "Қаржылық сауаттылықты қалай арттырамыз?" деген сияқты сұрақтар келіп жатады. Осы ретте, бүгін біз көптеген сауалға тұщымды жауап алу мақсатында  аталған саланың жілігін шағып, майын ішкен маман Төленбай Мейірман мырзамен сұқбаттасып, мән-жайды білген болатынбыз.

- Алғашқы сұрақты  өзіңізді таныстырудан бастасақ? Қай өңірденсіз?

- Менің аты-жөнім Төленбай Мейірман. Толық  жасым 26-да. Қызылорда облысы  Жаңақорған ауданының тумасымын. 

- Қандай отбасында дүниеге келдіңіз?  Тәрбиеңізбен кім айналысты? 

- Нағыз интеллигенциялық  отбасында туылдым. Ата-анам да, атам мен әжем де мектепте білім саласында. Үйдің тұңғышымын.   Соңымнан ерген екі інім және екі қарындасым бар. Ата-анам қарашаңырақта тұрған соң  болар, атам мен әжемнің баласы болып саналамын. Көбінесе, әжеме жақынырақ болып өстім. 

Мектеп қабырғасында жүргенде  қақ соқпен ісім жоқ, сабағымды оқып тыныш жүретінмін. Әлбетте, қатарымның алды болып  көшбастап, жарыстардын бәріне  белсене қатысқаным рас. Барлық мұғалімнің любимчик оқушысы болдым десем артық айтқандық болмас😃

- Қай жоғарғы оқу орнын аяқтадыңыз? Қандай мамандық иесісіз? 

-  Ауылда орта мектепті 9 жыл оқып,  колледжге оқуга түсуге шешім кабылдадым. Бірақ, үйдегілер менің үлгерімім мен күшіме сеніп  колледжге кетпей ұлттық бірыңғай тестті тапсырып,  жоғары оку орнына түсуімді қалады. Дегенмен, менің таңдауым мен мақсатым басқа болғанын жасырмаймын. Тоғызыншы сыныпты үздік аттестатпен  бітірсем де , ары қарай 10-11 сыныпқа қалмауды дұрыс деп шештім. Колледжге кетуімнің басты себебі,  өзіме жауапкершілік алып,  қоғам өміріне белсене араласу,  үлкен өмірге қадам басу болатын.  Окуға уақыт құртқанша ертерек өз өмірімнің жаңа тарауын бастап, жаңа тәжірибеге қол жеткізгім келді. Алдыма мақсат қойсам оған жетпей қоймайтын жандардың қатарынмын. Осылайшам Шымкент қаласында Автотех колледжіне 2013 жылы келіп оқуга түстім. Өз мақсаттарыма берік болғанымның айғағы болар, колледжі де  үздік аттестатқа тәмамдадым. Менің негізгі мамандығым: тасымалдауды ұйымдастыру , көліктегі қозғалысты басқару. Қысқаша айтқанда, жол полиция мамандығы. Аталған колледжді 2017 жылы аяктадым. Одан кейін  отбасым  мамандығымды жалғасытырып,  жоғарғы оқу орнына түскенімді қалады. Ал, менің қалауым басқа болды. Мен үшін өз мамандығымды жалғастыру уакыт жоғалту болып көрінді. Мен ол кезде өзіме керекті тәжіриемді алған соң өзімнің жүрегіме жақын саланы іздедім. 

- Айналысып жүрген салаңызды толық ашып айтып берсеңіз? 

- 2017 жылы толықтай  Алматы қаласына көштім.  Сол жылдан бастап тендермен айналыса бастадым. Аллаға мың да бір шүкір,  тендер саласын жақсы меңгергенімнің арқасында бір жыл ішінде темір тұлпар иесі атандым.  Дегенмен, шыны керек тендер деген бірде бар бірде жоқ сала. Мақсатыңа бірден жете қоймайсың. Тендермен айналысу барысынша біршама қиындықтан  өттім. 2018 жыл мен үшін қиын жыл болды. Өзім қалағандай  табыс таппаған соң басқа да салаларды зерттей бастадым. содан көптеген салалардың ішінен 2009 жылы өзім үшін жаңа саланы аштым.  Ол - криптовалюта саласы. Осы саланың арқасында  жаңа орта мен көптеген серіктес таптым. Қажырлы еңбектің нәтижесінде жақсы табысқа қол жеткіздім. 

Тіпті,  шет мемлекеттерге жол ашылды.  Саяхаттауды  2020 жылы бастадым. Карантин кезінде Туркия мемлекетіне көштім. Сол жақта 2 жылдай тұрып, өзіме үлкен тәжірибе жинап, Отаныма  оралдым. Құдайға шүкір, шетелде тұрған кездерімді өмірімнің ең керемет шақтары деп айта аламын.  Криптовалюта саласының арқасында  ел көріп, жер көруге, көкжиегімді кеңейтуге мүмкіндік ашылды.  Түркияда тұрып жүргенде бұл саланың табысты екеніне көзім жеткендіктен, мұны мен өз еліме әкелуім керек деп шештім. Осылайша, 2022 жылы қайта Қазақстанға келіп, әлеуметтік желідегі парақшаларымда өз тәжірбием жайлы бөлісіп, контент жасай бастадым. Мен айналысып жүрген сала -  криптовалюта саласы. Яғни, цифрлық валюта. Бұл салада табыстың 15 түрі бар. Соның жартысымен  айналысамын. 

Қазіргі кездегі тиімді табыс түрі - криптовалюталық арбитраж. Қарапайым тілмен айтқанда, АҚШ  долларын алып сатып, онлайн түрде табыс табу. 

- Осы әрекеттеріңізбен қоғамға қандай пайда тигізудесіз? 

- Мен қоғамға өте пайдалы заманауи мамандықты үйретіп жүрмін.  Бұл арқылы кез келген адам қосымша 300.000  теңгеден жоғары табыс таба алады. Осы кезге дейін ұзын саны  600-ден астам  шәкірт тәрбиеледім.  Күн сайын алғысын жаудырып, зор табысқа кенеліп жүрген студенттерім  жетерлік. 

- Біздің еліміздегі осы саланың бүгінде хал-ахуалы қандай?

 - Біздің елде енді-енді дамып келе жатыр. Қазақстанға қазақ тілінде бірінші әкелушілердің қатарындамын. Менің ютубтағы тегін сабақтарымды өзі  100.000  қаралым жинауда. Демек, халық арасында сұраныс жоғары. Расымен де, бұл сала күннен-күнге  дамып келеді. Мүмкіндік көп.  Қаржылық тәуелсіздіктің не екенін барлығы білуі мүмкін. Бірақ, шын мәніндегі бейнесін ұға бермейді. Кез келген саланың өзіндік қиындығы болады. Бірақ, көзін тапқан адам кез келген салада мол табысқа жете алады. Криптовалюта ешқандай күш жұмсауды қажет етпейді. Кейбір адамдар мұны бекершілік деп санайды. Алайда, әлемде қаншама адам  цирфлық валюта арқылы күн көріп отыр. Жеке қаражатты дұрыс басқару және сауатты инвестициялау арқылы жақсы капитал жинауға болады.

Еңбек адамы – қоғамның қозғаушы күші, әлеуметтік құрылымдардың маңызды бөлшегі. Қыруар еңбекпен еліміздегі түрлі елді-мекендерде жетістікке жетіп, кәсібін дөңгелетіп отырған адамдар саны көп.

Табыс кілті - әрбір адамның ынта-ықыласы мен ерік-жігерінің арқасында. Елімізде еңбектенген адам үшін жасалып, атқарылып жатқан шаруа көп. Үкіметтен бір тиын сұрамай  өз адал  еңбек етуіне ынталандыратын көптеген мүмкіндіктер бізде жетерлік. Солардың бірі -  осы криптовалюта. 

- Криптовалютаны неден бастау керек? Алгоритмі қандай?

- Цифрлық валютаны бірінші ақшамен қарым-қатынасыңды жөндеуден  бастау керек. Жеке қаражатыңда хаус болып жатқан адамға инвестиция жасау қиын болады. Сол себепті, ең алдымен адам өзінің жеке қаржылық жағдайына анализ жасау керек. Келесі қадам  - алдағы жоспарларын анықтау. Әркімнің жоспары әртүрлі ғой. Біреу баласының оқуын төлеуді, біреу үй алуды жоспарлайды. Осындай жоспарларға сай қаражатты қарапайым адамның 2-3 айда таппайтыны белгілі. Сондықтан, осы екі нәрсені анықтағаннан кейін саналы түрде криптовалютаны бастау керек. Ол үшін әрине қаржы нарығындағы бүкіл жаңашылдықтардан хабардар болып отыру маңызды.

- Криптовалюта туралы сапалы қазақша ақпараттар  жоқтың қасы. Бұған не себеп?

- Иә, бұл өте өкінішті жағдай. Жалпы, цифрлық валюта туралы расында да сапалы, сауатты, әлемдік деңгейде заманауи білім беретін ақпарат көздері жоқ. Экономиканың негізі сұраныс пен ұсыныс дейміз ғой. Халықтың ішінде сұраныс жоқ. Мен өзім шынайы ниетпен қазақ тілді қоғам жаңа бір дүниені үйренсін,  пайдам тисін деген мақсатпен бастағанымның өзінде мен белсенді кері байланысты көріп жүрген жоқпын. Қашанда сұраныс ұсынысты тудырады. Халық арасында сапалы ақпаратқа сұраныс қашан өседі, сол кезде бізде мықты мамандар шығады, ақпарат пен эксперттер саны өседі. Бұл жерде білім деңгейі де маңызды рөл ойнайды. Өкінішке қарай,  қаржы саласындағы  қазақ тілді эксперттердің көпшілігінің айтатын дүниесі ақылға қонымсыз, қарапайым дүниелер. "Декретке құжатты қалай жинайды, ИП-ның қағазын қалай толтырады" деген секілді ақпараттарды жаңалық қылып айтады. Яғни, халықтың білім деңгейін көтергенде ғана сапалы  контент ұсынылады.

- Біздің халық неге әлі күнге дейін инвестиция, криптовалюта деген тақырыптарға күмәнмен қарайды?

- Әрдайым жаңа, естімеген  дүние қорқынышты болып көрінеді. Бір кездері интернет пен компьютер де қорқыныш тудырған. Сол секілді бұл да жаңа дүние болғандықтан көпшілік халық қабылдай алмай, түсіне алмай жатыр. Одан бөлек бізде адам өздігінен іздену, ақпарат көздерін салыстыру деген мәдениет жоқ. Адам неғұрлым білім жинаса, жаңа дүние соғұрлым түсінікті болады, және қорқыныш пен үрей сейіледі. Сондықтан осындай жаңа инновациялар халыққа жақын болуы үшін бұқаралық ақпарат көздері арқылы  көп насихаттауымыз керек. Шыны керек, адамдар қазір тұрмыстық деңгейден ары дүниелерге бастарын ауыртқысы келмейді. Бұл – үлкен мәселе. Оны шешуге БАҚ, ұстаздар да атсалысу керек.

- Цифрлы валюта туралы көп таралған жалған пікір қандай?

- Көпшілік бұл байлардың ісі, қомақты капиталы бар адам ғана табысты бола алады деп ойлайды.  Бірақ мүлде олай емес. Бұл негізі нарықтық заманда барлығын теңестіру мақсатында ойлап табылған дүние еді. Бұл саламен кез келген адам  айналыса ала алады.  Сондықтан, бұл сала тек байлар үшін деп ойлау жалған түсінік.
- Бәсекелестеріңіз бар ма?

- Бәсекелестерім  жоқ десем де болады. Себебі, криптовалюта саласында арбитраж саласында  халық ең алғаш рет мені танып бастағанын көбісі біледі. 

-  Болашақта жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

- Болашақта қазақ тілде елді жаңа салалармен таныстырып, басқа да мамандықтарды үйрету. Одан кейін әрине, қаржылық жағынан  жаңа денгейге көтерілу және халыққа білім беру. 

- 10 жылдан кейін өзіңізді кім ретінде көресіз? 

- 10 жылдан сон бірнеше бизнесі бар кәсіпкер және инвестор.  Стартаптарга қолдау көрсетуші қоғамдық істерге қолдау көрсетуші меценат. Өзімді отбасында жақсы әке, сүйікті жар. Ата-ананың мақтанышы болған баласы ретінде көремін. 

-  Осы салаға келгісі келетін жандарға айтар нақты 3 кеңесіңіз…

-1. Жас кезде бізде уакыт та энерия да ресурста болады. Соны болашақта сені асырайтын нәрсеге арнаңыз. 

2. Әрдайым тренде болу. Жаңа мамандық, жаңа кәсіп түріне ашық болыңыз. 

3. Кез келген кәсіп тәуекелділікті ұнатады. Сондықтан, саналы түрде тәуекел етуден қорықпаңыз.

- Сұқбатыңызға рахмет! 

- Әңгілемескен: Назира БУРХАНОВА 

#ТөленбайМейірман

#ТоленбайМейірман

#ТоленбайМейрман

#криптовалютамаманы

#Төленбай_Мейірман

#Толенбай_Мейірман

#Толенбай_Мейрман

#криптовалютамаманыМейірман

#Толенбай_Мейрман_ювижн

0
0
2521

“ТҮПСАНА ЖӘНЕ ЖАСЫЛ НӘСКИ” 14 қыркүйектен бастап

Жақында Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде Санжар Омаров режисерлік еткен “ТҮПСАНА ЖӘНЕ ЖАСЫЛ НӘСКИ” трагикомедиясының жабық көрсетілімі өтті. Тұсаукесерге журналистер, блогерлер және кино саласының мамандары қатысқан болатын. Фильм 90 минутқа созылды. Соңында әдеттегідей түсірілім тобы мен режиссердің қатысуымен пресс конференция болды. Пресс конференция барысында көрермендер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. 

Жеке пікіріме келер болсам, бұл киноның ерекшелігі  бастан-аяқ таза қазақша түсірілгендігінде дер едім. 

Кейіпкерлердің диалогтары жанды. Қазақ отбасыларындағы көп жағдайды көрсеткені байқалады. 

Әрине, келіспейтін де тұстарым бар. Дегенмен, әр адамның ойы әртүрлі екендігі ескеріп, жеке ойымды өзімді қалдыруды жөн көрдім. 

Фильмнің қысқаша мазмұны:

Дариға отбасымен қаланың шет жағында өмір сүреді.Дариғаның күнделікті өмірінің бір бірінен еш айырмашылығы жоқ. Тұрмыстан әбден шаршап, өмірдің рахатын сезінуден қалған. Күйеуі оған назар аудармайды, балалары тіл алмайды, енесі қатал, ал қайын сіңілісі күйеуге шығып болмай жүр. Дариға үйдегі кезекті жанжалдан соң аяқ астынан отбасылық қарым қатынас туралы танымал Коучер жүргізетін тренингтың жарнамасына ұшырасып қалады. Аталмыш тренингқа барып көрген Дариға өмірін өзгертуді жөн көреді. Бірақ бұл анау айтқандай оңай болмай шығып, біраз күлкілі жағдайға әкеліп соғады. Дариға енді ғана бәріне қолды бір ақ сермемек болғанда бәрі өзінен өзі реттеле бастайды.Әйелінің өзгеріп жүргенін көрген Жасұлан да өзгеріп, жұбайына назар аудара бастайды. Дариға өзінің жас өспірім қызына өтпелі кезеңнің қиындықтарынан өтуге көмектеседі. Енесі де өзінің тым қатал болғанын түсініп, жұмсара бастайды.Барлығы Айнаштың тойымен аяқталады.«Өміріңді өзгерткің келе ме? Өзегісті өзіңнен баста!»

Атпақшы, бұл кино 14 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларына көрсетіледі. 

0
0
2289