Yvision.kz
ru
Dress-Me -  женский онлайн журнал
1 188 жазбалар4 тіркелуші
DressMe - это модное сообщество, созданное специально для успешных и динамичных людей, кому не безразличны мода и красота.
0

Әйелдің өмір жолы әдемі

Марина Таргакова - қарым-қатынас бойынша бірнеше кітаптың ("Окна в мир ребенка", "Сильная слабая. Как перестать сражаться и научиться любить?" ,"Әйелдің өмір жолы" сияқты көптеген кітаптардың авторы, Razum Life қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Джон Фэйворс атындағы қолданбалы рухани технологиялар институтының Орталық Азиядағы бөлімшесінің директоры, "Брант" медициналық корпорациясының президенті.

Қазақстандағы гуманистік педагогика орталығының жетекшісі, Шалва Амонашвилидің басшылығымен жұмыс істейтін халықаралық гуманистік педагогика орталығының вице-президенті. 2015 жылы "Гуманистік педагогиканың батыры" атағын алды.

Әлемнің түрлі елінде қарым-қатынас педагогикасы мен психологиясы бойынша семинар, тренингтердің авторы және жүргізушісі.

Жақында Алматыдағы театрлардың бірінде Марина Таргакованың авторлық семинар-лекциясы өткен болатын. Сол лекция негізіндегі цитаталармен бөлісер болсам.

Әйел өзінің күйеуін сыйлап, шабыттандырып отырса, ерінің тек жақсы мінез-құлқын көруді, мақтауды үйренсе, ер адам отбасыда шешім қабылдап, қоғамдағы істерге белсене атсалысатын болады.

Бағыну, тыңдау, сабырлы болу, мейірім сыйлау, отбасыны гүлдендіру – әйелдің міндеті. Ер адам әйелінің сабырын бойына сіңіреді. Ер кісі қуаныш, іскерлік пен мақсатшылдық үшін жауапты. Үй ішінің ауа-райы әйелге тәуелді. Әйел сымбатты, күтулі, таза, сұлу болуы керек. Неше түрлі әшекей тағып жүргені абзал. Үйде де, түзде де жақсы киініп жүргені дұрыс. Әйел ерінің көзінше өзін мақтауына болмайды. Мақтану – ер адамның қылығы. Әйел өзінің өзімшілдігін басқа әйелдердің көзінше көрсетсе де жеткілікті.

Шығыс даналығы бойынша әйел адамның үйден тыс жерде жұмыс істегені құпталмайды. Жұмыс істесе тек қызығушылық ретінде, аптасына бірнеше сағат қана бөлуі керек. Әйелдің жұмысы – отбасы. Күйеуі, балалары, үйі, туыстармен қарым-қатынасы.

Егер ер адам әйелін дұрыс бағыттай алса, онда ол отағасының түзу жолға түсіп, табыскер болуына себепші болатын күшке айналады. Күйеуі әйелін сыйламаса, үйдің берекесі қашады. Бір отбасының бақытсыздығы әрдайым екеудің еншісінде. Егер әйел ерін сыйламаса, оны жеңістерге шабыттандырмаса, оның бойынан осалдық байқаса – оған сатқындық жасағаны.

Үйдегі әйелі қаншалықты сыйласа, түзде ер адамның абыройы соншалықты болмақ. Үйленгенге дейін анасы. Әйелдің ең басты қасиеті – жұмсақ дауысы. Әйел еріне қарағанда әлдеқайда иманды келеді.

Үй - әйелдің қорғаны. Оның іші-сыртында болып жатқанды бақылау, қадағалау, күтіп ұстау, ұйымдастырып, ұйытқы болу әйелдің міндеті. Ер адам үйдің тірлігін мақтаса ғана жасайды. Әйелдің міндеті – оны жасауға ынталандыру. Әйел үйде көп уақытын өткізеді. Сондықтан күш-қуатын үйден алады.

Егер ерінің мінезін өзгерткісі келетіндер бар болса, онда бұл туралы оған айтудың қажеті жоқ. Оны өзгертудің алдында әйел өзінің кемшілігін түзеп, өзін өзгертуді қолға алсын. Өзінің қуат-күшін ақылмен жұмсап үйренсе, бәрі өзгереді.

0
153
0