Мазмұнға өту
Nazym93
Nazym93

Назира Бурханова

@Nazym93

Сайтта 2012 ж. 20 мамырКазахстан, Алматы

Тұрсын Назым

рейтинг

106

жазбалар

517

пікірлер

7

тіркелуші

11

жазылымдар

7

Қосқұдық ауылында мектеп ашылды

Күні кеше конституция күнінің қарсаңында Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылында 100 орындық мектеп қолданысқа берілді.

Бұған дейін оқушылар 1952 жылы салынған оқу ошағында білім алған. Мектеп "Халық игілігі" қоғамдық қорының қаржысына салынған. Оған 750 млн теңге ақша жұмсалған. 767 адам тұратын бұл ауылда 86 бала оқиды. Ал биыл 1-сыныпқа 5 оқушы қабылданбақ.

Оқыту мемлекеттік тілде, бір ауысымда жүргізіледі. Мұнда 24 оқу кабинеті, 2 шеберхана, компьютерлік сынып, 3 арнайы кабинет (физика, химия, биология), 3 интерактивті тақта, акт және спорт залдары, 60 орындық асхана, оқу залы бар кітапхана, медициналық кабинет бар. Мектепте 20 мұғалім қызмет етеді.

Білім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімі  Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысып, тұрғындарды қуанышты күнмен құттықтады. 

"Баршаңызды 2023-2024 оқу жылының басталуымен, мемлекетіміздің Конституциясы күнімен және жаңа мектептің ашылуымен құттықтаймын!

Бірер күннен кейін облысымыздағы     456 мектеп есігін айқара ашып, 330 мыңнан аса оқушы оқу жылын бастайды. Біз өз тарапымыздан балаларымыздың өз замандастарымен тең дәрежеде заманауи мектептерде білім алуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырудамыз", - деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысының сөзінше, оқу ордасының болуы - жас мамандарды ауылға тартуға септігін тигізеді. 

"Бұл мекеннің даму потенциалы жоғары. Қасында теміржол стансасы бар, облыс орталығына жақын орналасқан. Жаңа мектеп бой көтергеніне тұрғындар дән риза болғанын байқадық. Мектеп - маңызды инфрақұрылымдық нысан. Оның арқасында жас мамандарды, отбасыларды тартып, ауылға жан бітіруге болады. Бұл - елдімекеннің дамуына тың серпін болары да анық", - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар ол Қосқұдықта мектеп ашылуына ұйытқы болған Алдаберген Дәурен Қанатұлына алғысын білдірді.

Салтанатты шарада Алматы облысының бұрынғы әкімі, мемлекеттік қоғам қайраткері Қанат Бозымбаев та сөз алды.

"Бүгін - мен үшін, бала-шағам үшін қуанышты күн. Осы уақытқа дейін бірнеше мектеп салынып жатқанда басы-қасында жүрдім. Үлес қосып жүрсем де, дәл қазіргідей толқыған емеспін. Өйткені, осы ауылда әкем Алдаберген туып өскен. Жаңа мектепті ұлым Дәурен салып беріп отыр. Оның бұл ісі - көңілімді көкке көтерді. Ауылдық мектепте балалар білім алып, өседі деген үміттеміз. Олар осы жерден үлкен өмірге қадам жасайды. Балаларымыз болашақта еліміздің мықты азаматтарының қатарында болатынына сенеміз", - деді Қанат Бозымбаев.

"Халық игілігі" қоғамдық қоры мектеп ұжымына Suzuki маркалы автокөлігін сыйға тартты. Бұдан бөлек, қор көпбалалы, әлеуметтік осал топтан шыққан 12 баланы мектепке даярлап, құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен қамтамасыз етті.

Жалпы Алматы облысында биыл 15 750 орындық 16 мектептің құрылысы жүргізілген. Оның 9-ы 1 қыркүйекте ашылады. Олар:

• Алмалыбақ, Іргелі орта мектептеріне қосымша 600 орындық жапсаржайлар;

• Қонаев қаласында 900 орындық мектеп;

• Ұзынағаш ауылы;

• Көкқайнар, Боралдай, Междуреченск ауылдарына ортақ мектеп;

• Қаскелең қаласы;

• Есік қаласы.

0
0
637

Қоғамға пайдасы тиер саланы таңдадым

Еліміздің бас банкі келтірген ақпаратқа сүйенсек, цифрлық теңгенің енгізілуі – төлем және қаржы қызметтеріне деген қолжетімділікті арттыруы тиіс, оның ішінде офлайн төлемдер негізінде де.
Ұлттық банк мамандарының айтуынша, цифрлық теңге ұлттық төлем инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі бола алады, өйткені ол программалау мүмкіндіктері мен офлайн төлемдердің жаңа функциясын қамтамасыз етуде тиімді құрал. Бұл функциялар, өз кезегінде, интернетке қосылу деңгейі тұрақсыз өңірлерде қаржы қызметтеріне деген қолжетімділікті арттыруға үлес қоспақ. Осы ретте, біз цифрлы валюта саласындағы үздік маман Туреканов Дәулет Айдарұлымен сұқбаттасқан болатынбыз. 

-  Дәулет, алдымен өзіңіз туралы айтып өтіңізші. Сіз қайда дүниеге келдіңіз? Отбасыңыз туралы не айтасыз?

-Есімім Даулет.  Жиырма үш жастамын. Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының тумасымын. Толық отбасыда дүниеге келдім. Отбасымда әкем, анам, ағам және інім бар. Біз 3 ағайындымыз. Ата-анам  саудамен аналысады. Менің қазіргі кезде  жеке кәсіппен айналысып жүруіме ата-анамның ықпалы бар деуге болады.  Өйткені, ол кісілер бала кезден осы саланың қыр-сырын үйретті. Көптеген отбасыларындағы сияқты тәрбиеммен, көбінесе анам айналысты.

- Қайда білім алдыңыз? Негізгі мамандығыңыз қандай?

 - Мен Еуразия Ұлттық Университетінде IT мамандығы бойынша білім алдым. Иә, негізгі мамандығым қазіргі кезде сұранысқа ие болып тұрған  IT саласы.  Қазіргі таңда қазақстандағы Крипта Арбитраж бойынша алғашқы мамандардың бірімін!

- Немен айналысасыз? Кәсібіңіз не? 

- Бүгінде менің айналысып жүрген саламды электронды крипто обменник деп айтсақта болады. Яғни, криптаны бір кісіден арзан бағаға алып басқа адамға қымбатқа сату. Солай жұмыс істей алудың өзі бір өнер. Бұл сала үшін қаржы нарығы бойынша сауаттылық пен аналитикалық ойлау қабілетін талап етеді. 

- Бұл саланы таңдауыңызға не себеп болды?

- Электронды теңгенің тиімділігі көп. Біздің елімізде валютаның мұндай түрі  заманауи және технологиялық тұрғыдан дамыған. Электронды теңгенің ен­гі­зілуі Қазақстандағы эконо­ми­калық өсуді тездетіп, қол­ма-қол төлемдерді қауіпсіз әрі жыл­дам ететіні белгілі. Бұл сала қазіргі кезде сұранысқа ие болып тұрғандықтан  да мен осы саламен айналысамын деп шештім.  Бұл салаға келмес бүрын әрине,  біздің қоғамның өзі ақырындап цифрлық валютаға бет бұрып жатқандықтан,  қоғамға пайдам тисін деген  ниетім болды. 

- Қазіргі кезде адамдардың электронды валютаға деген қызығушылығы қандай деңгейде? Қаншалықты сұраныс бар?

- Дәл қазіргі кезде адамдардың цифрлы  валютаға деген қызығушылығы өте жоғарғы деңдейде деп айта аламын. Осыдан екі  жыл бұрын шыны керек криптаны алушыны немесе сатушыны табу қиын болатын болса, қазір Қазақстанда ресми лицензиясын алған бинанс биржасында сатушыда сатып алушыда көп. Өйткені,  бұл цифрлы жүйе қа­ра­пайымдылығымен ерек­ше­ленеді. Қосымша шығындар азая­ды. Өйткені, цифрлы актив жылдам және арзан. Мұндай төлемдер әртүрлі қаржы институттары мен әртүрлі банктерден аударымдар арасындағы комиссияларды азайтады. Заңды тұлғалар арасындағы аударымдар да арзан болады. 

- Бұл сала кімдерге тиімсіз болуы мүмкін? Қандай кемшілігі бар?

Шыны керек, мұндай иннова­ция қолма-қол ақшамен жұ­мыс істеуге және салықтан жал­та­­руға үйреніп қалғандардың қарсы­лығына ұшырауы мүмкін. Себебі, қолма-қол ақша – кез келген салықтан және «ақша қайдан келді?» деген сұрақтардан құты­лудың ең оңай тәсілі. Алғ ақша цифрлы сипатқа ие бола салысымен, оны қайдан, кім алғаны бірден айқындалады. Ал, бүл өз кезегінде мемлекетіміз үшін тиімді және заңды.

- Алдағы жоспарыңызбен бөлісе аласыз ба? Сіздің басқа мамандардан ерекшелігіңіз бар ма?

-Бәсекелессіз сауда сауда болмайды. Бәсеке болған жерде даму бар. Сондықтан да, мен өзімді әрқашан дамытып отыруға тырысамын. Күн сайын қаржы нарығы бойынша білімімді  жаңартып отыруды әдетке айналдырдым. Сондықтан,  бұл саладғы басқа әріптестеімнен  ерекшеліктерім көп. Болашақта толық крипто академия ашу ойымызда бар. Яғни,  тек арбитраж түрін емес, оған қоса трейдинг саласымен, инвестиция бойынша  халықтың сауатын ашу мақсатында орталық ашуды армандаймын. Шет мемлекеттерде бұл  сала әлдеқайда дамып кеткен, біздің еліміз енді ғана бет бұруда. Сондықтан, халыққа білім беруге  деген ниетім бар. 

- Өзіңізді он жылдан кейін қалай елестетесіз? 

- Адам болған соң әрине, арман көп қой.  Көп армандарымның бірі он жылдан кейін өзімді балаларымның сүйікті әкесі ретінде  көремін.  Себебі, қазір шыны керек жұмыс көптігінен отбасыма  азырақ көңіл бөліп жүргенімді жасырмаймын. Сондықтан, барынша осы балаларыма, отбасыма  уақытты табатын әке болғым келеді. Өйткені,
отбасы бәрінен де жоғары құндылық және мен үшін аса маңызды. Жалпы, жұмыс бабына келетін болсақ, Форбс журналына шығуды армандайтыным рас :) 

- Біздің оқырмандарымызға айтарыңыз бар ма? 

- Өмір сындырады, бірақ, тұру сенің қолыңда.  Тұрып тоқтамастан талпынған адамға Алла өз ризығын береді. Сондықтан,  ең бастысы басты төмен түсірмей алға ұмтыла беру керек! Өйткені, әрекет түбі - берекет. 

#ТурекановДәулетАйдарұлы

#ТурекановДәулет

#ДәулетАйдарұлы

#криптовалютамаманы

0
0
488

Алматы хайуанаттар бағындағы пресс-тур қызықтары

Мегаполистегі зообақ қысы-жазы жұмыс істейді. Бүгінде бақта аң-құстың көптеген түрі бар. Осы ретте,  жақында АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Алматы зообағына барып, жануарлардың тыныс-тіршілігі мен қысқы күтім жайын біліп қайтқан болатынбыз. 

пресс тур аясында журналистер мен операторлар хайуанаттар бағының тұрғындарын жақыннан көруге, жануарлар қараушыларымен танысып, зообақтың даму перспективалары туралы ақпарат алды. 

Бүгінде Алматы хайуанаттар бағының коллекциясында 370-тен астам түрі бар 3900-ге жуық жануар тіршілік етеді. Биыл олардың қатарын ақ аю, үш гранта зебрасы, шимпанзе және амур жолбарысы және барыс толықтырған екен.

Алматы зообағы 1937 жылы 7 қарашада ашылған. Биыл баққа 86 жыл толып отыр. Ашылған жылы-ақ бақта жануардың 70 түрі мекендеген. Олар Мәскеу, Ашхабад, Ленинград зообақтарынан әкелініпті. 

Зообақ коллекциядағы барлық жануар 7 экспозициялық бөлімге жіктелген:  «Аквариум», "Экзотариум», «Приматтар», Жыртқыш құстар, Экзотикалық құстар, Тұяқтылар, Жыртқыш сүтқоректілер. Хайуанаттар бағында ветеринарлық бөлім, жем-шөп асханасы, виварий, құрылыс алаңы, автогараж орналасқан. 

Хайуанаттар бағына келушілердің ерекше қызығын тудырған Глория есімді сусиыр. Оның ата-анасы хайуанаттар бағының ұзақ тұрғыны Джумбо және Лотти есімді оның ұрғашы сыңары. Бірақ бастапқыда екеуі бірден жұп бола қойған жоқ, деп атап өтті хайуанаттар бағындағы жануар ақараушылары. Бұл соңғы 18 жылдағы алғашқы ұрпақ, хайуанаттар бағының күзетшілері көптен күткен сусиырдың төлін мұқият қадағалайды.

Хайуанаттар бағы негізінен қысы-жазы жұмыс істейді. Қызметкердің  айтуынша, тіпті соғыс кезінде де бақтың жұмысы тоқтамапты. 
"Жануарлардың табиғатта еркін өмір сүргені жақсы ғой деген пікір бар. Табиғатта жануарға шынымен жақсы жағдай бола ма,  жоқ керісінше ме оны нақты  ешкім айта алмайды. Дегенмен, сыртта жануарға қауіп өте көп екені белгілі.  Жануардың бәрі зообақта өмір сүруі қауіпсіз және балаларды таныстыруда көп септігін тигізеді. Мысалы, ақ аю үшін бізде бүкіл жағдай жасалған. арнайы бассейні бар. Аюлар суықты жақсы көретіндіктен бізде тіпті кондиционерлер де орнатылған",- дейді зообақ қызметкері. 

Алматы хайуанаттар бағы халықаралық бөлімінің басшысы Айман Едгебаева

Басында  еркек сусиыр ұзақ уақыт бойы жалғыз болды, шамамен 10 жыл. Ересек жануарға жұп табу өте қиын, өйткені хайуанаттар бағында жұптар қалыптасып қойған немесе жас ұрғашыны әкелсен күннің өзінде, оның репродуктивті, жыныстық жетілуін күту қажет. Мәселе жетілген ұрғашыны табуда болды, және қуанышымызға орай оны Францияда орналасқан зообақтан таптық. Ол 8 жаста еді, жыныстық жағынан жетілген. Еркек сусиыр, әрине, оған бірден жақсы қарады, өйткені ол өз жұбын ұзақ жылдар бойы күтті. Бұл жұп бір-біріне ұзақ уақыт үйреніскенімен, олардың арасында жақсы қарым-қатынас орнады және осы жылдың мамыр айында төлдеді. Ұрғашысы 2018 жылы зообаққа әкелінді, ал еркегі Израильден 2009 жылы әкелінген болатын. 

Ең қызығы,  журналистер сусиырларды тамақтандыру процесін бақылай алды,  тіпті өзіміз тамақтандырып көрдік. Жануарлардың рационы көкөніс пен жемістерден тұратынына көз жеткіздік. Шара барысына бір қызық жайтқан куә болдық. Ол  Джамбо (анасы) қауын мен бананнан дәм татып жатқанда, кішкентай сусиырдың анасы төлін қорғап, келушілерге көрсеткісі келмеді. 

Алматы хайуанаттар бағы директорының ветеринария бөлімі жөніндегі орынбасары Ағыбай Әжібаев Израильдегі хайуанаттар бағынан Алматыға 20 кенгуру - қызыл және сұр кенгуру әкелінгенін айтты. Зообақ келушілері қоршаудың арғы жағына кіріп, кенгуру балаларын сипауға мүмкіндік алды. Жалпы, бұл қалталы жануарлар сабырлығымен ерекшеленді.

#ЗоопаркАлматы

#Алматызообағы

#АЛМАТЫҚАЛАСЫНЫҢӨҢІРЛІККОММУНИКАЦИЯЛАРҚЫЗМЕТІ

#РСКАлматы

0
0
398

Қазақ тіліндегі тұңғыш бизнес форум қалай өтті?

Күні кеше Алматыда тұңғыш рет қазақ тілінде «Sana Business Forum» өтті. Ұйымдастырушылар экономика, бизнес және қаржы салаларында тәжірибе алмасуға және өзекті мәселелердің шешімін табуға септігін тигізетін кәсіби платформа қалыптастыруды мақсатында осы форумды өткізіп отырғанын алға тартты. 

Бұл форумға 50-ге жуық сарапшы, 300-ден аса қатысушы белсенділік білдірді. Келушілердің ішінде ірі бизнес өкілдері, компаниялардың иелері, мемлекеттік органдарының өкілдері, ғалымдар, БАҚ өкілдері бар.  

Басты ұйымдастырушы, қазақ тілінде бизнес форум өткізу туралы идеяның авторы, белгілі экономист ғалым Мақсат Халық форумның басты мақсаты – Үкімет, бизнес және ғылым арасында байланыс орната отырып, ел экономикасының даму мәселелерін, сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылау екенін айтып өтті. Сонымен қатар, «Халықаралық сауда алаңында мәселе бар. Кәсіпкерлеріміз сыртқа тауар шығаруды ойламайды. Соңғы бес жылда инфляция 65 пайызға өскенмен, халықтың табысы артқан жоқ. Халық табысын күндегі азық-түлікті алуға ғана жұмсап жатыр. Ресей рублінің құлдырауы біздің отандық өндіріске кері әсерін тигізеді», – дей келе Мақсат Халық Алаш идеясын басшылыққа алатын жаңа экономикалық модель керек екенін сөзге тиек етті. 

«Sana Business Forum» спикерлерінің қатарында Ұлттық экономика министрі Қуантыров Әлібек Сәкенұлы, Ауылшаруашылық вице-министрі Әбілқайыр Тамабек, экономист Жақсыбек Әбдрахметұлы, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов, Сентрас Иншуранс сақтандыру компаниясының персонал жөніндегі директоры, персонал жөніндегі менеджерлер қауымдастығының мүшесі Айгүл Қуатқызы, Trade Help бизнес кеңесшісі, Халықаралық HR клубының мүшесі Аида Егембердиева, кәсіпкерлерден Golden Bridge Partners серіктесінің негізін қалаушы және директоры Jańa Post компаниясының негізін қалаушы Болатбек Дәлелханұлы, “QAZHEALTH TRADE” ЖШС директоры Айтуған Мұқашев, SONA lab, Med Progress, Nomad Goldman Logistics, Acvee Finance компанияларының негізін қалаушы Аслан Назаралиев, кәсіпкерлер Гүлбану Майғарина мен Бахтияр Өсербекұлы, «Lactomarin», «Lamifaren» және тағы басқа тауар белгілерімен танылған компаниялардың негізін қалаушы Әділбек Тұрғынбай,  EASYTAP жобасының негізін қалаушысы Мағзұм Төлеш, Mercury Properties компаниясының стратегиясы мен бизнесті дамыту жөніндегі директоры Әмірхан Омаров, Америкалық AES корпорациясының Арлингтондағы бас кеңсесінде робототехника мен дрондар жөніндегі бағдарламаның жаһандық жетекшісі Әсел Аяпова, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының ғылым департаментінің директоры, PhD докторы Руслан Ерғалиұлын және басқа да іскер азаматтар қатысты. Бұдан бөлек 50-ге жуық ел арасында тынылып жүрген зиялы азаматтар, ғалымдар, кәсіпкерлер, экономистер, сарапшылар қонақ ретінде шақырылған болатын. 

0
0
580

Tabiğat Labs жобасы туралы не білесіз?

Жуырда Алматыда «Шеврон» компаниясы мен Urban Forum Kazakhstan қорымен серіктестікте жүзеге асырып отырған, экологиясы саласындағы жобалардың бірегейі «Tabiğat Labs» тың тұсаукесері өтті. 

Шеврон компаниясының шарапаты отандық экономикаға салынған инвестициямен ғана өлшенбейді.  Компанияның әлеуметтік жобаларының өзі бір төбе. Сондай жобалардың бірі - Tabiğat Labs.

Tabiğat Labs – бұл қалалық экология және экологиялық мәдениет саласындағы өз жобаларын жүзеге асыратын ұйымдардың коалициясы.

Tabiğat Labs жобасын "Шеврон" компаниясымен және Urban Forum Kazakhstan қорымен серіктестігімен құрылған жоба деуге болады.  Сонымен қатар,  Fading TSE, YEMAA, Алматы бас ботаникалық бағы, Impact Hub Almaty  ұйымдар да жоба бірлестігінде. Жобаның тағы бір  серіктесі: Makerspace Almaty. 

Аталған жоба қазірше  Алматы, Астана және Атырау ғана жүзеге асуда. Жобаның қатысушылары – Fading TSE, YEMAA artist residence, Бас Ботаникалық бақ, Impact Hub Almaty саналады. Осы  жылдың маусым айынан басталған бағдарлама жылдың соңына қарай, қазанда аяқталады яғни Tabiğat Labs-тың «экваторы» (нағыз қызған шағы) тамыздың ортасына сай келеді дейді ұйымдастырушылар.

Жоба құрылтайшысы Асел Егембердиева

«Tabiğat Labs-бұл қазақстандық және әлемдік жетекші сарапшылардан жаңа білім алу мүмкіндігі ғана емес, көптеген жастардың туған қаласымен, табиғаты мен танысуы. Біз кешенді зертеулер жүргіземіз, іс-шаралар мен ақпараттық науқандар бар. бүкіл Қазақстан бойынша сарапшылық қоғамдыстық пен урбанистік желісін құрамыз.

«Make mektep»жобасы жасөспірім балалалар мен жұмыс жасайды. Қазірде Алматы маңындағы мектептердің бірінің оқушылармен бірлесіп, инфрақұрылым мен ортаны өзгертіп, орта қалыптастыру жобасын жүзеге асырады.

«Жасыл рейнджер» -Алматының Бас ботаникалық бағының жлбасы саналатын, жобада ботаника және фитоинтродукция институтының мамандары эковолонтерлерге қала мен қала маңындағы ағаштарды күтіп баптау ережерлерін үйрететін дәрістер практикалық сабақтар өткізеді.

Табиғат пен байланысты бұл жобаның жастарға, жасөспірімдерге берері мол. Табиғат әлемді құтқарып тұрса, адамдардар табиғатты құтқару керек. Tabiğat Labsтың тағы бір жағымды жаңалығы ол URBAN FORUMPRESS баспасының қолдауымен жастарға арнап, «Табиғатты қала, қаладағы табиғат» атты алғашқы кітабын шығарды.

Алдағы осы жобалар аясында Алматы, Астана, Атырау қалаларында шаралар өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар,  табиғаттың қыс мезгіліне ауысуы себепті келер көктемге дейін жабылуы басталады. Бұл жобалар әзірге үш қалада өтіп жатқанымен келесі жалдан бастап ауқымы кеңейіп, Қазақстанның экологиялық апатты аймақтарын көбірек қамтысақ дейді ұйымдастырушылар.

Шевронның елімізге жасап жатқан инвестиция мен ел бюджетіне құйып жатқан салығынан бөлек орасан көмегі мен жобаларына ел Президентінің өзі қолдау білдіріп отырғаны оның сенімге ие компания екенінің белгісі.

Сонымен қатар, «Шеврон» компаниясы төртінші билік өкілдері, яғни  журналистермен бірлескен жұмысын белсенді атқаруда. Оның дәлелі «Түркітілдес журналистер қорымен» бірлесіп жылына бірнеше мәрте, бірқатар қалаларда өткізіліп жатқан  түрлі тақыраптардағы «Медиа форум". Сонымен қатар, карантин кезеңінің өзінде аптасына екі мәрте өтетін вебинарлар тізбегі жарты жыл бойы қаншама журналистердің білім-білігін арттыруға, жаңа бағдарламаларды меңгеріп, жұмыс істеуге ықпал етті. Вебинар, семинарларға әлемдік БАҚ-тағы аузы дуалы журналистер еліміздің әр өңіріндегі тілшілерімен қатар студенттер мен оқушыларға тәжірибелерімен бөлісіп, ойға түйгендерін берді. Заманауи журналистикамен білім-білігін толықтырғандар көбейді. Нәтижесінде аймақтық журналистер арасында республикалық байқаулардан топ жарған тілшілер қатары молайды. Бұл журналистер үшін зор мүмкіндік екені сөзсіз. 

#Шевронкомпаниясы
#TabiğatLabs
#Түркітілдесжурналистерқоры
#UrbanForumKazakhstan
0
0
517

Халыққа тегін құқықтық кеңес беретін жаңа жоба жұмысын бастады

Алматылықтар енді тегін құқықтық көмек ала алады. Бұл туралы бүгін «Social project management» орталығының директоры Бейбіт Молдахметұлы мәлімдеді. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Заң кеңесі» жобасы өз жұмысын бастады. 

Бұл жоба аясында қала тұрғындарына заңдық көмектер көрсететін орталық құрылып, мемлекеттік және орыс тілдерінде бірыңғай тұрақты телефон нөмірі бар «жедел желі» жұмысы іске қосылған. Орталыққа келушілерге заң мәселелері бойынша ақпараттық консультациялар беріледі. Қаладағы барлық аудандарда жылжымалы мобильді заң қызметтері ұйымдастырылады. Азаматтарға заңдық құжаттар (арыз, талап, өтініш және т.б.) дайындауда әдістемелік көмектер көрсетіледі.

«Social project management» орталығының директоры Бейбіт Молдахметұлы

Бүгінде сотқа талап-арыз жазатындар көбейді. Бұған қарап құқықтық сауаттың артқанын байқай аламыз. Дегенмен бүгінде құқықтық кеңесті кез келген адам ала алмайды, әлеуметтік жағдайы төмен адамдар заңгерлерден ақылы кеңес сұрай алмайды. Біз осы мақсатта қарапайым халыққа тиімді болу үшін арнайы жоба бастап отырмыз. Бұл жобаның аты – «Заң кеңесі» деп аталады. Үш жылда іске асады. Осы жоба аясында кез келген санаттағы Алматы қаласының тұрғынына құқықтық, заңдық көмек көрсетеміз. Барлығы тегін, олардан ешқандай ақша алынбайды. Өйткені жобаны үкіметтік емес ұйым іске асырып жатыр. Заңгерлердің, ұйымдастырушылардың ақысын басқарма, әкімдік төлеп отыр.

Аталған жоба Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады. Үш жылға бекітілген қаржы көлемі де белгілі.

 Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының бас маманы 
Ақбота Садық

Бізде «Заң кеңесі» жобасы мемлекеттік тапсырыс негізінде жүзеге асады. Қазіргі таңда 3 млн 400 мың теңгеге осы жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл үш жылдық жоба, жалпы 11 млн -ға жуық қаржы бөлінген.

Жоба жетекшілерінің айтуынша, бөлінген қаржы аз болғандықтан жоба желтоқсан айына дейін қысқаша жалғасады. Қаржы жетпей жатқан жайдайда демеушілер тарту да қарастырылған. Жоба БАҚ өкілдеріне бүгін таныстырылғанымен, шілде айынан бері құқықтық көмек беруді бастап кеткен.

«Заң кеңесі» жобасының заңгері Қуат Ауғанбек

Қоғамда құқықтық, әкімшілік құқық бойынша, кредит мәселесі, отбасылық жағдай деген сияқты әртүрлі мақсатта сұрақтар болып жатыр. Сұрақтарына жауап беріп, көмегімізді беріп жатырмыз. Аресттен шешіп беру, алимент мәселесі деген сияқты. Қарызын төлемей жүрген борышкерлер өте көп. Әзәрге кеңсемізде екі заңгер жұмыс істеп отыр, бұйырса үшінші маман қосылады. Біз онлайн да, оффлайн да құқықтық көмек бере аламыз. Қажет адам сайтқа жазып көмек сұраса да болады, немесе кеңсемізге келіп құқықтық мәселелерін шешуге көмек сұрай алады.

Сонымен қатар zankomek.kz сайты құрылып, «Онлайн кеңесші» интерактивті модульдерінің көмегімен сайтта мемлекеттік және орыс тілдерінде консультациялар жүргізіледі. Ол арқылы тұрғындар сұрақтар қойып, заңгерлерден жауап ала алады.

Материалды дайындаған: НАЗИРА БУРХАНОВА 

#Алматы

#тегінқұқықтықкөмек

#Заңкеңесі

0
0
298

Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі

Қазақстанда алғаш рет 2023 жылдың 22-23 шілдесінде Қонаев қаласында «Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі өтті. 

Алматы облысының туризм индустриясы - орналастыру, кіру және ішкі туризм бойынша республикада алдыңғы қатарда. Елімізде алғаш рет әлемнің түкпір-түкпірінен 30 шар аспанға көтеріліп, барлығын жарқын әсерлерімен қуантты.

Халықаралық шарлар фестивалін ұйымдастырушылардың басты мақсаты – қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеу, экологиялық таза қайта өңдеуге болатын ыдыс-аяқтар мен басқа да экоматериалдарды пайдалану арқылы табиғатқа және оның ресурстарына құрметпен қарауды насихаттау.

Фестивальде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйледі.

Облыста туризмді ілгерілету және дамыту оқиғалы (событийный) туризміне негізделген. Осыған орай, бүгінгі «Konayev international balloon fest» шар фестивалінің іс-шарасы біздің өңіріміздегі айтулы оқиға болмақ, бұл біздің қонақтарымыз үшін табиғаттың сұлулығын тамашалауға тамаша мүмкіндік болып табылады және сіз мұнда бір-біріңізбен танысуға, достық қарым-қатынас орнатуға және ұмытылмас әсер алуға уақыт табасыз. Бүгін таңғы сағат 5-тен бастап фестивальге жиналған көрермендер осындай сұлулықты тамашалауға шабыттанды, тіпті сағат 7-ге таман шарлармен биіктікке шығуға ниет білдіргендердің үлкен кезегі пайда болды. Яғни, осы арқылы біз оқиғалы туризмнің жұмыс істей бастағанын көрсетеміз.
Біз бұл шараға 6 ай бойы дайындалдық, талдай келе, Қазақстанда шарларға арналған іс-шаралар болмағанын көрдік. Әлеуметтік желі қолданушылары түсініктемелерде Қонаев тұрғанда Каппадокияға барудың қажеті жоқ деп жазып жатыр, - деді өз сөзінде аймақ басшысы.

Сондай-ақ, Өңірдің туристік әлеуетін кеңінен насихаттау мақсатында «Тенгри ультра» халықаралық Ұлы дала марафоны, халықаралық Іле-Балқаш регатасы өткізілді, «BBC News» халықаралық телеарнасында (450 миллион аудитория) өңірдің әсем де бай табиғаты туралы жарнамалық науқан басталғанын атап өтеміз.

#Шарфестивалі

#ОльгаЗоркина

#НатальяРасторопнова

0
0
346

"Шеврон" IT саласының дамуына үлес қосуда

           Күні кеше Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы политехникалық зерттеу университетінде еліміздегі ең ірі IT-инкубатор – nFactorial School «Шеврон» компаниясымен серіктесе отырып, отандық жас таланттардың 10 апта ішінде 100-ден астам бірегей веб-қосымша жасап шығарған Demo Day – жазғы бағдарламалау нәтижесін салтанатты түрде атап өтті.

Бағдарламаның мақсаты – IT қызметтерін экспорттау және Қазақстанда жасалған бағдарламалық жасақтаманы сату арқылы ел экономикасына 1 миллиард АҚШ долларын әкелетін 10 000 кәсіби әзірлеушіні даярлау. 

Demo Day бағдарламасын жүзеге асыру барысында қазылар алқасы қазақстандық және халықаралық техникалық университеттер мен мектептердің дарынды жігіттері мен қыздары әзірлеген 23 үздік веб-қосымшаны ұсынады.

Салтанатты жиында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық бағдарламашы өздері ойлап тапқан 100-ге тарта қосымшаларын көпшілік назарына ұсынды. Әр қосымша бүгінгі күні қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Қолыңызда смартфон болса, QR-код арқылы өзіңізді қызықтырған қосымшаның жұмысымен бірден таныса аласыз. Жиынның ашылуында сөз алған nFactorial School бағдарламасының негізін қалаушы Арман Сүлейменовтың айтуынша, елімізде білімді де дарынды жастар өте көп.

Биыл 4100-ден астам сауалнамадан іріктеуден өткен 100 + nFactorial Incubator қатысушыларын 15 үздік қазақстандық және халықаралық IT жоғары оқу орындары мен 9 мектеп ұсыныпты. Оларға қолдау көрсету арқылы еліміздегі IT саланы биік деңгейге көтеруге болады. Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған  Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жастарға арналған бағдарламаның болашағы зор екенін ерекше атап өтті.

 «Бүгінде министрлік тарапынан да IT жобаларға жоғары деңгейде қолдау көрсетілді. Бүгінде жасанды интеллект дәуірі адамның ажырамас бір бөлігіне айналды. Талантты жастардың білімге құштарлығы, стартап жобаларға ықыласпен қатысуы қуантады. Еліміз цифрландыру технологиясының нәтижесін көре бастады. Сондықтан осындай бастамалардың өз нәтижесін беріп жатқанына алғыс білдіремін», — деді Саясат Нұрбек өз кезегінде.
«Шеврон» компаниясының өкілі Айнұр Сағымбайқызы  қатысушыларға сәттілік тілеп, компанияның әлеуметтік жобаларға демеушілік ететінін  айтты. Ол: «Осындай ауқымды шараның бір бөлігі болу, біз үшін үлкен мәртебе. «Шеврон» компаниясы 1993 жылы Қазақстанға келген алғашқы халықаралық инвестор. Осы жылдар арасында біздің компаниямыздың әлеуметтік инвестициялары елдің адами капиталын дамытуда шешуші рөл атқарды. Компания бұл жобаға екінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп отыр. Жастардың өз жобалары мен қосымшаларын жасауға, оларды дамытуға ұйытқы болғанымыз үшін қуаныштымыз. 

Еліміз IT саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізеді деген ойдамын»,-деді. «nFactorial бағдарламасының миссиясы — ақпараттық технологиялар саласында Қазақстанның адам капиталын дамыту. Біздің мақсатымыз – 10 000 программист дайындау, олар елдің экономикасына 1 млрд АҚШ долларынан астам пайда әкеледі. Орта Азияда IT саласында кәсіби кадрларды дайындайтын және өңірде IT-аутсорсинг бойынша ең ірі орталықты құру», – деп атап өтті бағдарлама ұйымдастырушысы Алмас Тұяқбаев.

#Шеврон

#DemoDay

#Сатбаевуниверситеті

0
0
320

Халық банк демеушілігімен "Азия дауысы" қайта жанданды

Алматыда «Медеу» биік тау мұз айдынында 19 жылдық үзілістен кейін «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі қайта өтті.

Шараның  ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысып, «Азия дауысы» бұдан былай жыл сайынғы фестивальге айналып, келесі жылдан бастап дәстүрлі түрде – халықаралық ән байқауымен өтетінін айтты.

«Мен Halyk Bank басшылығына және Үміт Шаяхметоваға фестивальдің бас серіктесі және бірлескен ұйымдастырушысы болғаны үшін алғыс айтамын. Осындай қолдауы бар іс-шара жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз.Жақын болашақта «Азия дауысы»  Қазақстанда ғана емес, бүкіл аймақта,  тіпті әлемде айтулы құбылысқа  айналатынына сенімдімін»,- деп фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов өз ойымен бөлісті.

Halyk Bank түсіндіргендей, фестивальдің қайта жандануын қолдау туралы шешім кездейсоқ қабылданған жоқ. 2023 жылы Halyk өзінің жүзінші туған күнін атап өтуге дайындалып жатыр және осы оқиғаның құрметіне «100 игі іс» ауқымды акциясын өткізеді, оның шеңберінде бүкіл ел бойынша  әлеуметтік  жобалар мен қоғамдық маңызды  бастамаларды іске асырады.

Фестивальде бірінші болып «Жас қанат 2023» жас орындаушылар байқауының жеңімпаздары өнер көрсетті. Аренадағы буын сабақтастығы керемет, Байғали Серкебаевтың «Джулия» мюзиклінен үзіндінің тұсаукесері кезінде «А-studio» тобының әндері шырқалып, көрермен әлемдік хиттерді еске алды. Сондай-ақ «Азия дауысы» фестивалінің қандай болғанын білмейтін жас көрермендер үшін арнайы жасалған блок болды.

"Азия дауысын" сағына кұткен   тыңдармандар  белгілі режиссер, сценарист және продюсер Фархад Шәріпов түсіріп жатқан «Махаббат солдаты» фильм-мюзиклінің түсіріліміне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Олар сахнада қосымша рөлдерді сомдады. Финалда жұлдыз жанкүйерлерге толы үлкен аренаға кіреді. Көрермендер рахаттана ойнады, шамдарды жарқыратып, фильмге қажеттінің барлығын жасады. Осылайша қайта жаңғырған «Азия дауысы» фестивалінің алғашқы күні тарихта ғана емес, кино таспаларынан даорын алды.

Ал бүгін «Азия Дауысы» сахнасында атақты BLACK EYED PEAS тобы өнер көрсетеді! Ертең, фестивальдің соңғы күнінде біз аңыздарды еске аламыз. Secret Service пен ЯЛЛА тобы, қазақстандық эстрада жұлдыздарының шоуы, сондай-ақ керемет отшашу болады.

Фестиваль демеушілік пен ақпараттық қолдаудың арқасында мүмкін болғанын еске саламыз! «Азия дауысы – 2023» фестивалінің бас серіктесі және тең ұйымдастырушысы – Halyk Bank.

 Оның сыйлықтары күн сайын Медеудегі іс-шаралар кезінде ойнатылады және оған барлығы қатыса алады!

30 шілдеде өтетін концертке билет сатып алғандар фестивальдің тағы бір демеушісі – Allur Auto ұсынған Chevrolet Onix автокөлігін ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.

Ресми телеарна: Silk Way

Ресми газеттер: «Almaty aqshamy» мен «Вечерний Алматы»

Ақпараттық қолдау: «1 канал «Евразия», «НТК», MUZZONE TV, Business FM, RadioCitу, «Деловой Казахстан», «Қала мен дала», «Новое поколение»,«Московский комсомолец», Forbes.kz, Zakon.kz, Caravan.kz, Kursiv.media, Nege.kz, Arbat.media, Informburo.kz, Baigenews.kz, Zhatpa.kz, Weproject.media, DALA INSIDEтелеграмы, Түркітілдес журналистер қоры мен «Қазақстандық пресс-клуб».

#Азиядауысы 

#Халықбанк

#HalykBank

0
0
382

Алматыда I Халықаралық цирк өнері фестивалі жоғары деңгейде өтті

Бұл іс-шара Қазақстанда алғаш рет өтті, 5 күн ішінде циркке 8 мыңға жуық адам қатысты

Алматыда 26-30 шілде аралығында Қазақ мемлекеттік циркінде ALMATY CIRCUS FESTIVAL I Халықаралық цирк өнері фестивалі өтті.

Бұл іс-шара Қазақстанда алғаш рет өтті, 5 күн ішінде циркке 8 мыңға жуық адам қатысты. Фестиваль аясында 28 шілдеде қазылар алқасы және қонақтармен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Сол күні цирк ғимаратында фестиваль салтанатты түрде ашылды, онда шетелдік және отандық гимнасттар, акробаттар мен жонглерлер фестивальдің ең жоғары наградасын алу үшін өздерінің таланттары мен кәсіби шеберліктерін көрсетті.

«Біз мұндай фестивальді алғаш рет өткізіп отырмыз және сол арқылы әлемдегі отандық цирк өнерінің үздік жетістіктерін сақтау, дамыту және ілгерілетудің қарапайым мақсатын басшылыққа аламыз», - деп атап өтті Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов.

Фестивальдің барлық бес күнінде әлемнің 14 елінен: Қазақстан, Германия, Вьетнам, Эфиопия, Якутия, Украина, Беларусь, Ресей, Ұлыбритания, Литва, Чехия, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген әртістер мен циркшілер бір сахнада өнер көрсетті.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін Қазақ мемлекеттік циркінің манежінде цирк өнерінің барлық жанрларында эквилибристер, акробаттар, арқанмен жүрушілер, сайқымазақтар мен жонглерлер орындаған үздік нөмірлер ұсынылды. Іс-шара бағдарламасына  каскадерлік өнердің әлемдік жұлдыздары болып табылатын және Netflix, HBO халықаралық жобаларына қатысатын теңдесі жоқ отандық «Nomad» ат спорты мектебінің ат-акробатикалық нөмірлері ұсынылды.

30 шілдеде Қазақ мемлекеттік цирк ғимаратында ALMATY CIRCUS FESTIVAL халықаралық цирк өнері фестивалінің ресми жабылуы өтті. Бұл күні үздік әртістер салтанатты түрде марапатталды, сондай-ақ оның соңы гала-шоуға ұласты. Фестиваль ұйымдастырушылары әртістер арасында үш жүлделі орынды, сондай-ақ арнайы сыйлық – Гран-приді тағайындады. Оны арнайы Гран-приді «Құрмет» орденінің иегері Қанатбек Күнғожинов «Nomad» (Қазақстан, Алматы) атты акробатикалық нөмірімен алды. Алтын жүлдені Вьетнам, Якутия және Ресей цирк әртістері өзара бөлісті. Күмісті Өзбекстан, Қазақстан және Вьетнам цирктері жеңіп алды. Қола жүлдені Германия, Беларусь, Тәжікстан және Литва әртсітері иеленді.

Шетелдік цирк өнерпаздары үшін  қосымша номинациялар бойынша арнайы сыйлықтар қарастырылды. Сонымен, Ресей, Вьетнам, Тәжікстан және Беларусьтан келгендер «Мамонтенок-2024» VII Халықаралық цирк өнері фестиваліне шақырулар алды, ал Литвадан келген әртіске Германиядағы «Winterzauber Event UG» Рождестволық цирк қойылымдарын ұйымдастыру жөніндегі компания директорының шақыру-келісімшарты берілді.

«Цирк манежі фестивальдің барлық қатысушылары мен қонақтары үшін достық қарым-қатынас және жаңа әртістермен танысу алаңына, елдер мен әртістер арасында перспективалы және жемісті жұмыс қатынастарын орнату мүмкіндігіне айналды. Бұл жыл сайын өткізілетін алғашқы фестиваль», - деп атап өтті фестивальдің қоюшы-режиссері, Удмурт Республикасының Халық әртісі және росгосцирктің бас режиссері Елена Петрикова.

Цирк өнерін сақтау және дамыту мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Almaty CIRCUS FESTIVAL халықаралық цирк өнері фестивалі өтті. Фестиваль ұйымдастырушылары жыл сайын осындай іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Алматыда ALMATY CIRCUS FESTIVAL бағдарламасы 27 тамызға дейін жалғасады. Қойылымдар Қазақ мемлекеттік циркінде өтеді.

0
0
309