№200 мектеп-гимназиясында жол ережесін танып- білуге қатысты іс-шара өтті
Соңғы жылдары елімізде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиіліп кетті. Бір Алматының өзінде осы жылдың соңғы 7 айында балалардың қатысуымен 381 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 384 бала зардап шекті. Ал бес бала қаза тапқан. Мұндай қорқынышты статистиканы Алматы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлаған.Оқушылардың көлік астына түсуіне жол ережесін білмеуі басты себеп. Орны толмас оқиғаларды алдын алу үшін осы күндері еліміздегі әр мектепте жол қауіпсіздігіне байланысты сынып сағаттары ұйымдастырылып отыр. Бұл тұста Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №200-ші мектеп -гимназиясында өткізілген тәрбиелік сынып-сағаты жүздеген баланың жол ережесін танып- білуіне септігін тигізді. Мектеп директоры Айнұр Нұрымқызының әріптестері 4 сынып оқушыла…
