Мазмұнға өту
Nazgul_O

Nazgul_O

Сайтта 2015 ж. 1 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

7

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Туған елге тағзым-Қарағанды.7 күн

Өткен күннен үлкен әсер ала отырып,келер күннен де жағымды әсер мен жақсы көңіл-күй күттік.Соңғы күн болған соң осы күн өзіме ерекше қызықт болып көрінді.Қарағандыға келеген соң таңғы ас ішіп,автобусымызға отырып,Қарағанды облысы политехникалық колледжіне аттандық.Бұл жерде арнайы киімдерді киіп шахтаға түстік.Шахтаның іші суық әрі өте дымқыл болып келеді.Экскуросоводтың өзі осы колледждің түлегі екен,әр нәрсені өте нақты әрі түсінікті етіп айтты.Қазіргі уақытта Қарағандыда тек 8 шахта жұмыс жасайды екен.Осы шахта тек дайындық орны болса да бұрындары жұмыс жасаған әрі бұрғылау,тасу,шығару машиналарын да көруге болады.Сонымен қатар,бұл жерде қауіпсіздіктің жақсы сақталғанын да айтты.Бұл жерде шығарылған көмір орнына орнықты етіп топырақ салады екен.Жіне де таағы ұстап тұру үшін арнайы қонд…

0
0
441

Туған елге тағзым-Қарағанды.6 күн

Бүгін біз үшін ерекше күн деп айтуға болады.Таң ата салысымен жолға дайындалдық.Уақыттың тығызыдығына байланысты жартымыз Ұлытауға,қалғаны Жошы мен Алаша хан кесенесіне аттандық.Маған Жошы хан және Алаша хан кесенесі қызықты болып көрінгендіктен таңдадым.Автобуспен саяхатымызға шықтық.Ерте тұрғандықтан жол бойына ұйықтап,қалай жылдам жеткенімізіді байқамай қалдық.Алаша хан кесенесіне жеткен соң,сол кісінің рухына құран бағыштадық.Кесене мемлекет қарауында екен.Бұл кесененің қашан салынғаны белгісіз ,алайда, 12-15 ғасыр аралығында салынғаны туралы деректер бар.Кесене қызыл кірпіштен салынған,бірнеше ғасыр өткендіктен жаңарту жасалған.Сыртындағы оюларына қарап,сол уақытта арнайы білім болмаса да өте шебер жасалғаны байқалады.Кірпіш қой құйрығы,жылқының қылы,биенің саумал сүтінің қосындысына…

0
0
404

Туған елге тағзым-Қарағанды.5 күн

Вокзал алдынан бізді автобуспен қарсы алып,қонақ үйге жеткенше қаланың түрлі әдемі жерлерін көрдік.Кеңгір қонақ үйіне орналасып,Жезқазған «ҚазақМыс» кен-байыту фабрикасына бардық. «ҚазақМыс»-қа барған соң,бірден ережерлермен таныстырып,арнайы киімдерді берді.Содан соң, біз бірден фабриканы аралауға жөнелттік.Экскурсовод бізід фабрикамен таныстырды.Бірінші, біздер таза мыс рудаларын ұнтақтау цехына бардықБұл жерде шахтадан келген мыс рудалары жинақталады.Екінші,олардың вагондармен қалай тасып әкелетін көрдік.Үшінші, мыс дайындау техникаларын көрдік.Мұнда ұнтақталған мысқа су,реагенттер қосып,араластырады.Сонымен қатар, лның салмағын өлшеу таразысын,араластыру аппаратын,пайда болғна қоймалжың затты сору аппаратын бақыладық.Заводты аралап болған соң осы кәсіпорын жұмысшысына өз сұрақтарымызд…

0
0
518

Туған елге тағзым-Қарағанды.4 күн

Ұзақ сапардан соң тынығып,автобуспен Долинка кентіндегі облыстық Карлаг тарихи және саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайына бардық.Осы ғимарат бұрынғы уақытта Карлаг басқармасының орны болған екен.Ғимаратқа кіргенде алдымызда сыған шаңырақты байқадық.Сынған шаңырақ-бірліктің бұзылғанын,үлкен қайғыны білдіреді.Және осы шаңырақтың жоғары бөлігінде құстың макетін көруге болады.Бірінші қабатта біздер саяси қуғын-сүргін құрбандарының әйелдері мен тіпті дүние есігін ашпаған балалары да өмірінің соңына дейін лагерьде қорлық көріп,жұмыс жасап,туыстарын өмір бойына көрмей өтекен.Ең аяныштысы анасының баласынан айырылып қалуы болатын.Бұл жердегі адамадар өмірінің соңына дейін күзеттің бақылауында болған.Сонымен қатар,олардың қолданған құралдары,киген-киімдері,жазған күнделіктерін де көрдік.Әрі…

0
0
573

Туған елге тағзым-Қарағанды.3 күн

Таң ата салысымен автобуспен Қарқаралыға жөнелттік.Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітіне кірдік.Бұл мешітті өзі салдырған.Ал,бүгінгі күні оның сырты жаңартылған.Молда біщзе осы мешіт туралы көптеген жайттарды айтып берді.Соның бірі-мешіттегі ағаш бағаналарды шегесіз орналасып тұрғаны,әрі қағылған шегенің майысып қалуы болатын.Кейіннен қойылған картиналарға да көзіміз түсті.Қарқаралы тұнып тұрған тарих.Бұл жерден атақты адамдардың салдыртқан ғимараттары,оқыған оқу орындарын көруге болады.Мысалы,А.Байтұрсыновтың оқыған училищесі және алғашқы қазақ заңгерінің үйі.Осы ғимараттардың қазір бірі мектепке айналып отыр.Осыған қарап,жұмыстың сапалы жасалғанын көруге болады.Автобусқа отырып Қарқаралы тарихи өлкетану мұражайына аттандық . Бұл жерде Қарқаралыдан табылған қыш ыдыстар,сауыт,ер-тұрманды к…

0
0
950

Туған елге тағзым-Қарағанды.2 күн

Келесі экспедициямыз одан әрі қызық бола түсті.Таң ата салысымен автобуспен Теміртауға келіп жеткен соң бірден бірінші президент орталығына бардық.Сол ғимараттың ішінде президентіміз туралы көп мағлұмат қамтитын арнайы бөлмелер бар.Соның бірі мұражай еді.Бұл жерде қазақ елінің терихы,жетістіктері,ең алғашқы валютасы,конституциясы,декларациясы,рәміздері туралы көптеген мәліметтер мен құжаттар бар.Келесі бөлмеде ел ордамыздың үлкен макеті орналасқан еді.Ондағы заңғардай ғимараттарды санамағанда жолы мен ағаштары анық әрі көркем жасалған.Сонымен қатар, осы ғимараттағы әрбір құрылғы заманауи стильде жасалған ,оған дәлел ақпаратты бағана.Ақпаратты бағанада маңызды оқиғаларды қамтитын жылдар орналасады.Сол жылдарды басу арқылы керекті мәліметтер алуға болады.Ал келесі бөлмелер президентімізге а…

0
0
718

Туған елге тағзым-Қарағанды.1 күн

Бүгінгі экспедициямызды Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен бастадық.Университетке келе салысымен археологиялық мұражайға бағытталдық.Осы мұражайды таныстырушы алғашқы кезінен-ақ бізді жаңа ақпараттармен танысуға құлшындырды.Әсіресе, бұл жерде алғашқы адамдардың тас дәуірінен бастап дамыған даму сатыларын,қазба жұмыстары кезінде табылған қару-жарақ,киім-кишек,әшекей-бұйымдар,қолдан жасалған ескерткіштері анық көзге түсті.Сонымен қатар,алғашқы адамадардың тасқа қашап салған таңба жазбалары ерекше көзге көрінді.Осы жерде мені таң қалдырғаны сүйектерге қарап олардың жасын,жынысын анықтау жолдары болатын.Университеттің іші естеліктерге толы.Әсіресе,осы университеттің студенттері жасаған қол-өнер жұмыстарына қарап, олардың өте өнерлі екеніне көзіміз жетеді.Сонымен қатар,…

0
0
2019