Туған елге тағзым-Қарағанды.1 күн
Бүгінгі экспедициямызды Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен бастадық.Университетке келе салысымен археологиялық мұражайға бағытталдық.Осы мұражайды таныстырушы алғашқы кезінен-ақ бізді жаңа ақпараттармен танысуға құлшындырды.Әсіресе, бұл жерде алғашқы адамдардың тас дәуірінен бастап дамыған даму сатыларын,қазба жұмыстары кезінде табылған қару-жарақ,киім-кишек,әшекей-бұйымдар,қолдан жасалған ескерткіштері анық көзге түсті.Сонымен қатар,алғашқы адамадардың тасқа қашап салған таңба жазбалары ерекше көзге көрінді.Осы жерде мені таң қалдырғаны сүйектерге қарап олардың жасын,жынысын анықтау жолдары болатын.Университеттің іші естеліктерге толы.Әсіресе,осы университеттің студенттері жасаған қол-өнер жұмыстарына қарап, олардың өте өнерлі екеніне көзіміз жетеді.Сонымен қатар,атақты суретшілердің майлы бояумен салған суреттері,қодан жасаған ескерткіштері,президентіміздің еңбектері,осы университетке берілген сыйлықтарының арнайы бұрышы бар.Бұл үшін үлкен еңбек пен тапқырлық қажет етіледі.Ең соңында арнайы қолжазба дәптеріне өз алғысымызды білдірдік.Университет ауласына шығып Е.А.Бөкетов ескерткішінің және субұрқақтың жанына суртеке түстік.Осы жерден көптеген қызықты ақпараттар алдық.Автобусқа отырып,Қазақстандағы ең үлкен мұз айдынына жол тарттық.Мұз айдынына 6000 астам адам сияды екен.Әрі,елімізге танымал «Сарыарқа» командасының осы жерде шыныққанын естідік.Келесі С.Сапиев атындағы бок орталығын араладық.Іші өте кең,дизайны тартымды,әрі қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.Содан соң,теннис алаңына бардық.Ауласы өте кең,жас теннисшілерге үйренуге үлкен мүмкіндік береді.Осы жерден біраз сергіп алып,Гоголь атындағы облыстық кітапхананы араладық.Бұл кітапхана заманауи технологиямен жақсы қамтылған.Мысалы,кітаптың коды арқылы оның қай оқырман алғанын немесе кітаптың атын енгізу арқылы қай жерде,қай сөреде орналасқанын анық көрсетеді.Әрі бұл кітапхана газет,журнал сақтайтын жалғыз кітапхана.Сонымен қатар,өлкетану бөліміндегі Қарағанды облысының тарихи,экологиялық,экономикалық,географиялық бағыттағы зерттеу жұмыстары мен мәліметтермен таныстық.Аралап болған соң,шағын ойын ұйымдастырылды.Қарағанды облысы туралы сұрақтар қойылып,қатысушылардың дұрыс жауаптары үшін сыйлық ұсынылды.Қарағанды облысы Гоголь атындағы кітапханадан жоба қатысушыларының мектептеріне естелік кітап табысталды.Келесі аялдамамыз облыстық тарихи-өлкетану мұражайы еді.Қарағандының флорасы мен фаунасы,әрі Қарағандыдан шыққан атақты адамдардың жетістіктері туралы көп жаңалықтар естідік.Қазақстанның екінші жүниежүзілік соғысқа дейінгі және кейінгі жағдайы,сол уақыттан бастап дамыған индустриясы,табылған ескерткіштері мен Алтын адам мүсіні,ұлттық рәміздер мен Алғашқы президенттің еңбектері туралы көп мәлімет алдық.
Осы мұражай тек Қарағанданың емес бүкіл Қазақстанның тарихын суреттейді.Мәліметтер көп болды,әрі осы алынған мәліметтерді өз қажеттіліктерімізде қолданамыз деген үміттемін.






