Туған елге тағзым-Қарағанды.5 күн
Вокзал алдынан бізді автобуспен қарсы алып,қонақ үйге жеткенше қаланың түрлі әдемі жерлерін көрдік.Кеңгір қонақ үйіне орналасып,Жезқазған «ҚазақМыс» кен-байыту фабрикасына бардық. «ҚазақМыс»-қа барған соң,бірден ережерлермен таныстырып,арнайы киімдерді берді.Содан соң, біз бірден фабриканы аралауға жөнелттік.Экскурсовод бізід фабрикамен таныстырды.Бірінші, біздер таза мыс рудаларын ұнтақтау цехына бардықБұл жерде шахтадан келген мыс рудалары жинақталады.Екінші,олардың вагондармен қалай тасып әкелетін көрдік.Үшінші, мыс дайындау техникаларын көрдік.Мұнда ұнтақталған мысқа су,реагенттер қосып,араластырады.Сонымен қатар, лның салмағын өлшеу таразысын,араластыру аппаратын,пайда болғна қоймалжың затты сору аппаратын бақыладық.Заводты аралап болған соң осы кәсіпорын жұмысшысына өз сұрақтарымызды қойдық.Заводтағы құрылғылардың бірі тоқтаса,үлкен шығынға әкелетіін түсіндірді.Жұмысшылардың денсаулықтарын тексеріп отырады.Сондықтан,техниктерді,дәрігерлерді,экологтарды шақырып отырады.Содан соң,біздің сұрақтарымызға жауап беріп,бізді шығарып салды.Фабрикадан шыққан соң, «ҚазақМыс» мыс балқыту заводына бардық.Бұл жерде де бізді ережелермен таныстырып,арнайы киімдер ұсынды.Содан соң,біз бірден заводты аралауға аттандық.Бізді мыс балқыту орнына апарды.Ол жерде мысты бірден дайындайды,Ұнтақталып,су және арнайы реагенттер қосылысына электролиз жібереді,яғни, электролиз жіберу арқылы мысқа дейін тотықсыздандырады.Және оны арнайы формада кұяды.Содан соң,ол қатады.Осындай дайын болған мысты өзге елдерге шығарады.Біз осындай тәжірбиеден өткен соң экскурсоводқа өз сұрақтарымызды қойдық.Келесі аялдамамыз шахта еді.Бұл жерде мыс рудаларын шығарады.Іші суық әрі ылғал.Бұл жерде бірінші жарылғы тастау арқылы босатып алып,содан соң түсіріп алады.Ал,шыққан суды насоспен сорып алып,шаң басуға жұмсайды.Мыс рудаларын алып,тасып,шығаратын аппараттарының бәрін көрсетті.Осы болған экспедицияның мен үшін өте қатты ұнады.Содан соң,Жезқазған мұражайына бардық.Бұл жерде Жезқазғаннан табылған алғашқы өндірілген рудалардың сан алуан түрлерін,мекен еткен аңдар мен құстарды,жәндіктерді,асыл тастардан жасалған бұйымдады,балбал тастар мен тарихы туралы көптеген мәліметтер алдық.Содан соң,Жезқазған туралы шағын бейнероликтерді тамашаладық.Олардың ұйымдастыратын шараларымен таныстық.Әрі осы мұражай басшысы өлең жазады екен.Сол кісі бізідң қалауымыз бойынша өзінің шығармаларымен таныстарды.Повесть,роман,өлең,әңгіме жазады екен.11 кітаптың авторы,Қазақстан-Ресей Ассамблеясының мүшесі екен.Бізге өз көрген-білгендерінен өмірлік кеңес білдіріп,тілегін айтты.
Бұл мен үшін ұмытылмастай күн.Әрі Жезқазғанның қойнауы тарихқа толы екеніне,осындай қаланың Қазақстан жүрегінде орналасқанына қуаныштымын.










