Туған елге тағзым-Қарағанды.6 күн
Бүгін біз үшін ерекше күн деп айтуға болады.Таң ата салысымен жолға дайындалдық.Уақыттың тығызыдығына байланысты жартымыз Ұлытауға,қалғаны Жошы мен Алаша хан кесенесіне аттандық.Маған Жошы хан және Алаша хан кесенесі қызықты болып көрінгендіктен таңдадым.Автобуспен саяхатымызға шықтық.Ерте тұрғандықтан жол бойына ұйықтап,қалай жылдам жеткенімізіді байқамай қалдық.Алаша хан кесенесіне жеткен соң,сол кісінің рухына құран бағыштадық.Кесене мемлекет қарауында екен.Бұл кесененің қашан салынғаны белгісіз ,алайда, 12-15 ғасыр аралығында салынғаны туралы деректер бар.Кесене қызыл кірпіштен салынған,бірнеше ғасыр өткендіктен жаңарту жасалған.Сыртындағы оюларына қарап,сол уақытта арнайы білім болмаса да өте шебер жасалғаны байқалады.Кірпіш қой құйрығы,жылқының қылы,биенің саумал сүтінің қосындысынан топырақтың қосылуымен жасалған.Сондықтан,жаңарғанға дейін өте берік тұрған.Әрі осы кесенені 6 алаш руы қосылып салып,топырақты алыстан алдыртқан.Соған қарап оның өте беделді адам болғанын көруге болады.Кесене іші шеңбер тәріздес жасалған.Әрі оның ішінен қарлығашты байқадық,оны да жақсылыққа жорыдық.Әрі тасын ұстап тұрып,тілек білдірдік.Содан соң,тарихшылар бізге оның «Алаша» аталу себебін түсіндірді.Төменге түсіп,Жошы хан кесенесіне аттандық.Жошы хан кесенесіне бару үшін өзеннен өту керек еді.Тәуекелге барып,автобусты өзеннен өткіздік.Бірақ,өзеннен өткен құмға батып қалды.Бізде өзеннен өтіп,автобусты шығаруға ұмтылдық. «Жұмырыла көтерілген жүк жеңіл» демекші бәріміз атсалысып автобусты шығардық.Өте қызықты әрі көңілды болды.Нағыз бірлік міне,осындайда байқалады.Автобуспен Жошы хан кесенесіне жеткен соң, құран оқылды.Кесенеге кіріп,тарихшылардың әңгімесін тыңдадық.Кесене іші де шеңбер тәрізді,кірпіші де арнайы жасалынған,күмбезі көк түсті болып келеді.Сыртқа шыққан соң, айналасын қарадық.Үлкен ақ тастар Жошы ханның қаны тамған орында пайда болған екен.Әрі ескі қала орны байқалады.Айналасындағы бейіттер Жошы хан ұрпақтарының зираттары көрінеді.Міне,осындай қызықты мәліметтер ала отырып,Жезқазғанға аттандық.Қалаға жеткен соң,Қарағандыға жинақталдық.
