Туған елге тағзым-Қарағанды.4 күн
Ұзақ сапардан соң тынығып,автобуспен Долинка кентіндегі облыстық Карлаг тарихи және саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайына бардық.Осы ғимарат бұрынғы уақытта Карлаг басқармасының орны болған екен.Ғимаратқа кіргенде алдымызда сыған шаңырақты байқадық.Сынған шаңырақ-бірліктің бұзылғанын,үлкен қайғыны білдіреді.Және осы шаңырақтың жоғары бөлігінде құстың макетін көруге болады.Бірінші қабатта біздер саяси қуғын-сүргін құрбандарының әйелдері мен тіпті дүние есігін ашпаған балалары да өмірінің соңына дейін лагерьде қорлық көріп,жұмыс жасап,туыстарын өмір бойына көрмей өтекен.Ең аяныштысы анасының баласынан айырылып қалуы болатын.Бұл жердегі адамадар өмірінің соңына дейін күзеттің бақылауында болған.Сонымен қатар,олардың қолданған құралдары,киген-киімдері,жазған күнделіктерін де көрдік.Әрі басшыларының отыратын бөлмелері,жиһаздары,картиналары да сол күйінде сақталған.Карлагта тұтқында болған адамадардың құжаттарыд да бар.Әрі,осында келген адамадар Карлаг-та болған туыстарының есімдерін жазып,іздестіруге болады.Бұл жерден 1932-1933 жылдар аралығында болған аштық құрбандары туралы көптеген мәлімет алуға болды.Әсіресе,аштық кезіндегі халық жағдайы,адам етін жеу фактілері,халықтың санының азаюы,т.б.Оны қабырғадағы аштық құрбандарының суреттерінен аңғардық.Ал ең қызықтысы төменгі қабат еді.Төменгні қабат тұтқындағылардың бөлмелері еді.Олар-зындан,жатын бөлме,тергеу бөлмелері,ғалымдардың зерттеу бөлмелері,дәрігер бөлмесі және т.б.Дәрігер саны тек біреу-ақ , ал науқастар 300 жуық.Әрі науқасты емдеу үшін дәрі-дәрмек те аз,ал науқас жағдайы нашар болса,бірден мәйітханаға апаратын болған.Бұл жердегі науқастың психологиялық жағдайы нашар болатыны сөзсіз.Ал жатын бөлмелерде көрпе ретінде қамыс қолданылған.Тұтқындағыларға терезеден қарауға,сөйлесуге,есікке артын беруге тыйым салнған.Әрі аз ғана азық берілген.Бұл жерде әйел адамдар мен ер адамдардың құқықтары бірдей болған.Тергеу бөлімінде адамдар сұраққа толық жауап бермегенше 2-3 күн сусыз,азықсыз сол бөлмеден шықпаған.Әрі оларды ұрған ағаштар мен іліп коятын темірлерін де көруге болады.Осы бөлмедегі адам макеттерінің түр-әлпетінен көңіл-күйлерін де елестетуге болады.Сонымен қатар,бұл жерден ғалымдардың зерттеу бөлмесін көруге болады.Осындағы тұтқын адамдардың көпшілігі жоғары білімді адамдар еді.Мысалы, дәрігерлер жүрек операциясын жасаған, ғалымдар өз зерттеу жұмыстарын жүргізген.Сонымен қатар,депортация кезінде Қазақстанға келген өзге ұлттарға қазақтар өте қонақжай болған,өздеріне жетпесе де,тағамдарын тас түрінде дөңгелектеп,сол адамадарға лақтырған.Және де әншілер мен аспапта ойнаушылар тек белгілі бір уақытта ғана өз өнерлерін көрсетіп,кейіннен өз бөлмелеріне жіберілген.Бірақ,көрермендер қол шапалақтай да алмаған.Осындағы әрбір бөлмедегі әуендер,көрген суреттер мен көріністер адам жүрегінде қорқыныш ұялатады.Осыларға қарай отырып адамның көңіл-күйі түседі.Өз пікірлерімізбен бөлісе отырып,мектепке оралдық.Мектепте бізді Не?Қайда?Қашан? ойыны күтіп отырды.Сұрақтарға жауап беріп,біраз сергіп алдық.Кейіннен жолға дайындалып,Жезқазғанға аттандық.







