Оңтүстікке сапар, немізбен баймыз, неге кедейміз?
Жамбыл облысы осындай әдемі көрініспен қарсы алды. Таулардың арғы жағында Қырғызстан. 2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласының саябақтары ерекше көрінді. Мынау секілді ұлттық нақыштағы мүсіндер көп жерде кездеседі. Әрине Таразға келіп кеткен әр бір азамат тарихи ескерткіштерге соқпай кетпейді. Қарахан кесенесі - өзінің әсемдігімен Ресей сәулет өнерін бағалаушыларын 1902 жылдың өзінде ежелгі Тараздың теңдесіз жасампаздығы ретінде таңдандырыпты. Археологиялық қазбалар көрсеткендей, бұл ғимаратты өрлеу кезінде шеберлікпен әзірленген 30 түрлі өрнекті кірпіштер пайдаланған. Құрылыс қараханидтер дәуірінде, ХІ ғасырда жасалған. Оның жерленуін тарих, біздің аймақты Х-ХІІ ғасырларда билеген Қараханидтер әулетінің хандығымен байланыстырады. Әулие-Ата атануы да содан. Қарахан 960 ж. қайтыс болады. Оны…











