Баянауылға саяхат.
Биылғы жылдың қысқы мезгілі жақсы бір сапармен есте қалды. Биыл Павлодар облысына қысқы фототур жасап қайттым. Ал сол сапардың ең қызықтсы Баянауылға соға кеткенім ерекше әсер қалдырды.

Осы жерле келудің өзі бір ұлкен арман болатын. Бірақ қысқы мезгілде келгенім өзім үшін таң қаларлық жағдай болды, өйткені қақаған суықта, бораннан түк көрінбейтін жолмен біз Баянауылға тек үшінші мәрте жете алдық.

Жолдағы жағдайға қарағанда, Баянауылдың ауа райы тыныш болды.Әрине кейбір жолдан сонда да өтуге тырыссақ та, мүмкіндік болмады. Бірақ Жасыбай көліне жеттік әйтеуір.

Жасыбай. Талай тарихтың куәсі - Жасыбай. Қалмақпен жауласқан заманда Шойында аталып жүрген көл, маңайында Жасыбай батыр мерт болғанда, оны Олжабай, Бөгенбай, Малайсары батырлар жерлегенде, "осы көл Жасыбай көлі атансын" деп ұйғарған көрінеді. Осындай қызықты мәлімет бар.

Жалғыз қайын. Жолдың бойында тоқтағанымызда осы бір қайын көзіме ілінді.

Кемпір тастың жанында осыпай жалғыз үй тұр. Жалпы осы жерге алғаш рет келдім. Қызық. айдалада жалғыз үй, мүмкін осындағы табиғатқа қарауыл болып жүрген адамның бір үйі шығар.

Баянауылдың көшесінен байқап қалдым. Оқушы қыз.

Бір үйір жылқы жайылып жүргенде, жанына өтіп бара жатып, көліктен түсіріп үлгердім.

Кемпіртасқа апарар жол. Ескі уазбен сол жерге жылдам жетіп алдық

Жүсіпбек Аймауытов ауылының тұрғыны Бақытжан Мұкашев - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Бірақ саятшылыққа құмар жан. Жақында ғана өз бүркіті пайда болды.

Бірәз жарыстарға да шығып үлгерді. "Бұл жаныма жақын іс, хобиім", - деді сұрағанымда.

Бақытжан бүркітімен.

Осымен біздің Баянауылға сапарымыз аяқталды. Күн батқанда біз жолға аттандық.

