8-наурыз мерекесіне арналған ана туралы өлең шумақтары.
Назарларыңызға анашымның шығарған өлең шумақтарын ұсынамын. Кезінде, анам бұл өлеңді менің мектепте жазған шығармама көмек болсын деп шығарып берген болатын.
Ана
Ана жүрек-елжірейді, ол анық,
Шарқ ұрып, ойлап бала қамын.
Жүрегіңде жанса бір жарық,
Біліп өс қасиетті ана сырын.
Ана тұр сара жолға қол сілтеп,
Шарықтап шықсын деп шың басына.
Адырына өмірдің шалдырмай,
Жол-мұратына жетсін деп баласына.
