Мазмұнға өту
MON_RK

MON_RK

Сайтта 2016 ж. 16 мамырКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

435

пікірлер

4

тіркелуші

25

жазылымдар

0

Колледж — кәсіпқой мамандардың ұстаханасы

Сабақ пен өндірістік тәжірибені қатар алып жүру Айсәуле Өмірханға «Беккер и К» компаниясына жұмысқа тұруға қалай септігін тигізді? Наубай – қадірлі мамандық. Нанға деген сұраныс әрдайым жоғары, сондықтан да нан пісіруді кәсіп етем деген жастар жұмыссыз қалмайтынына кәміл сенім бар.Өз ісін жақсы білетін, қолынан бал таматын шеберлер бұл салада өз орнын тауып кететіні айқын. Колледждің көп түлектері үшін жұмыс өтілінің болмауы еңбекке ерте араласуға көп кедергі болып келген еді. Алайда, оқытудың дуаль технологиясы бұл мәселенің шешімін тапты. Қазір көптеген студенттер сабағы мен кәсібін қатар ұштастырып жүр. Өткен жылы Алматы экономика колледжін бітірген Айсәуле Өмірхан да осындай бағдарлама бойынша білім алған. Дипломы қолына тиісімен ол жас мамандардың қолы жете бермейтін «Беккер и К» сау…

1
0
783

Керемет ұста және флорист

Керемет ұста және флористАлматы құрылыс-техника колледжінде көптеген қызықты адамдармен танысып, әңгімелесуге мүмкіндігіміз болды. Солардың бірі – Сергей Михайлович. Кейіпкеріміз өндірістік оқыту шебері, темір шеберханасының меңгерушісі ғана емес, өсімдіктерді де күтіп-баптаушы. Шебер бізді шын мәнінде таңғалдырды: оқу процесін ұйымдастыруға деген көзқарасы ерекше, басынан өткен қызықты оқиғалары көп, гүлдерге деген махаббаты таңғажайып. Үлкен қосалқы қоймада оқу процесіне керек ондаған құрал-жабдықтың тап-тұйнақтай болып тұрғаны да осы кейіпкеріміздің еңбегі.1978 жылы Сергей Михайлович СКТУ (Салауат кәсіптік-техникалық училищесін) бітіріп, мүмкіндік берілген ең жоғарғы 4-разрядты алып, токарь болып шыққан. Көп ұзамай жас шеберді әскер қатарына алады. Борышын өтеп қайтқаннан кейін өзі оқы…

0
0
1024

Бейіндік пәндердің шектік балы 15-тен 5-ке түсті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 шілдедегі «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" №412 қаулысы жарияланды. Бұл қаулыда: 43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «43. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына - кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қаза…

0
0
1005

Роботтар және тұрақты даму уақыты

Астана қаласының ЭКСПО Конгресс орталығында «World Robot Olympiad» деген атаумен робототехникадан республикалық жарыс басталды.Республикалық сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен үш жүзден астам мектеп оқушыcы қатысып жатыр. Жарыс «Негізгі», «Шығармашылық» және «Роботтар футболы» категориялары бойынша өтеді. Робототехника бойынша ұлттық чемпионаттың ашылуында жас дарындарды Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова және «LEGO Education» компаниясының ТМД бойынша өкілі Юрий Вирич құттықтады. 300 қатысушының 200-ден астамы зияткерлік мектептерде оқиды. Оңтүстік астанамыздан 30 оқушы қатысуда, яғни ең көп делегат Алматы қаласынан. Байқаудың ең жас қатысушысы – Павлодардан келген 8 жасар Жасмин Ещанова. Ол байқаудың «Нег…

0
0
986

Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасілов еліміздегі ғылым саласының дамуы жайында тікелей байланысқа шықты.

Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасілов еліміздегі ғылым саласының дамуы жайында тікелей байланысқа шықты. Көрсетілім Facebook әлеуметтік желісіндегі Science in Kazakhstan парақшасында өтіп жатыр https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1915596968712120&id=1773518506253301. Көкейкесті сауалдарды тікелей эфир посты арқылы қоюларыңызға болады. Идет прямая трансляция выступления председателя Комитета науки Болатбека Абдрасилова по вопросам развития науки. У вас есть возможность задать интересующие вопросы по науке под постом прямого эфира, который начался сегодня в 11.00 часов на странице Science in Kazakhstan https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1915596968712120&id=1773518506253301 #science #scienceinkz #scienceinkazakhstan #kazakhstan #наука #наукавкз #наукавказах…

0
0
582

ҰБТ-2017 қорытындысы туралы

20-27 маусым аралығында орта мектеп бітірген 92 827 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) тапсырды.Ең жоғары балды (140-тан 139 балл) Алматы қаласындағы “М.Мақатаев атындағы №140 гимназия” КММ түлегі Тасан Саят Елтайұлы жинады. Жеті бала 138 балдан жинады. 74 517 мектеп бітіруші шекті 50 балды жинады: - 5 935 адам 60-65 балл алды (7,9%); - 52 717 адам — 66-119 балл (70,7%); - 5 064 адам — 120-139 балл (6,8%). 14 066 түлек бұл межеден өте алмады. Мұндай ауқымды шара тәжірибелі ұйымдастырушылардың жұмылуы арқасында өтті деуге болады, ұйымдастырушылардың алдындағы маңызды да күрделі міндет ҰБТ-ға қатысатын түлектер мен оқытушыларға барлық жағдайды жасау болатын. Тест тапсыру үшін бүкіл ел көлемінде 165 тест өткізетін арнайы орын бекітіліп, олар заманауи құрал-жабдықпен жасақталды. Мұндай тест…

0
0
1077

Аружанның арманы – әлемнің үздік университеттерінің біріне түсу

Бүгін сіздерді Қазақстанның алдыңғы қатарлы жастарының бірімен таныстырғымыз келеді. Аружан Аманбаева – халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, ол оқуда табысқа қол жеткізу үшін өзіңнің ана тіліңмен қатар, шет тілдерін де меңгеру маңызды екенін өз тәжірибесімен дәлелдеген жан. 2017 жылдың сәуір айында Аружан ел тарихында бірінші рет қыздар арасында математика пәнінен өткен беделді еуропалық олимпиадада (EGMO) алтын медаль алған болатын. Жарыс Цюрихте өткен (Швейцария). Олимпиадаға Еуропадан тыс, АҚШ, Жапония, Израиль және тағы басқа барлығы 44 елден мектеп оқушылары қатысқан. 168 қатысушының арасынан 16 алтын медальдің бірін тоғызыншы сыныпта оқитын Аружан Аманбаева қаржығасына байлап, жалпы рейтингте бесінші орынға тұрақтаған. Аружанның қоржынында математикадан Халықаралық…

0
0
541

ҰБТ жөнінде жалпы ақпарат

2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 20-сы мен 1-і шілде аралығында өткізіледі. Ағымдағы жылы ҰБТ-ны 92827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69209 қазақ тілінде және 23618 орыс тілінде. 20 маусым күні тестілеуге 16 468 бітіруші қатысады, оның ішінде қазақ тілінде – 12 929, орыс тілінде – 3539. Тестілеу 165 ҰБТ өткізу пунктіне (бұдан әрі – ҰБТӨП) өтеді. Ең жоғары балл саны 140.Назар аударыңыз: тестілеу нәтижесімен келіспеген түсушілер келесі күні сағат 13:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.С…

0
0
683

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері санының артуы, санитарлық тәртіптер мен нормативтердің жеңілдетілуі мен үй тапсырмаларының азаюы

31 мамыр күні Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жанында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің халық алдында есеп беру жиналысы өтті. Байланыстың бұл түрі білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар жайында түсінікті тілде әңгімелеп, ата-аналар, сарапшылармен байланыстың сапасын жақсарту мақсатында таңдалды. Бұл кездесу барысында Ерлан Сағадиев (https://yvision.kz/post/770932) министрліктің қазіргі қызметі мен алдағы жоспарлары жайлы әңгімелеп, өзінің блогы мен министрліктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына келіп түскен көптеген сұрақтарға жауап берді. Одан кейін вице-министр Эльмира Суханбердиева сөз алып, 2016-2017 жылдың қорытындысы жайында, «2050 стратегиясы» мен «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары төңірегінде министрлік жүргізіп жатқан жұмыстар жайлы мәлімет берді. Оның айт…

0
0
712

Білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының халыққа есеп беру кездесуі

2017 жылғы 31 мамыр күні Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-да (Астана қаласы) Білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының халыққа есеп беру кездесуі өтті. Байланыстың бұл түрі білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар жайында түсінікті тілде әңгімелеп, ата-аналар, сарапшылармен байланыстың сапасын жақсарту мақсатында таңдалды. Кездесу барысында Ерлан Сағадиев министрліктің қызметі туралы айтып, алдағы жоспарларға тоқталды, сондай-ақ, министрлік сайтындағы блогына және министрліктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына келіп түскен көптеген сауалдарға жауап берді. Бейнеконференция түріндегі байланысты қолдана отырып, министрге онлайн режимде он бес аймақтың тұрғындары сауалдарын жолдады. Залда отырған журналистер де өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кездесу ау…

0
0
853