ҰБТ жөнінде жалпы ақпарат
2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 20-сы мен 1-і шілде аралығында өткізіледі. Ағымдағы жылы ҰБТ-ны 92827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69209 қазақ тілінде және 23618 орыс тілінде. 20 маусым күні тестілеуге 16 468 бітіруші қатысады, оның ішінде қазақ тілінде – 12 929, орыс тілінде – 3539. Тестілеу 165 ҰБТ өткізу пунктіне (бұдан әрі – ҰБТӨП) өтеді. Ең жоғары балл саны 140.
Назар аударыңыз: тестілеу нәтижесімен келіспеген түсушілер келесі күні сағат 13:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.
Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.
Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған түсушілер ағымдағы жылы қайта ҰБТ тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуіне құқылы. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-сі мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-24 күндері аралығында өткізіледі.
Биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту барысын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік туып отыр. Ол үшін www.ivideon.com/tv/map бұлтты қызмет көрсету сайтына кіру қажет. ҰБТ өткізу пункттері Қазақстан картасында көрсетілген, яғни қажетті аудиторияның камерасын оның географиялық орналасуымен тауып алуға болады.
Астана қаласындағы ҰБТ-ның өткізілу пункттері
Астана қаласында ҰБТ 3 ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пунктінде өтетін болады.
1. Ақмола облысы Қорғалжын ауданы, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша 46 мектептің 2069 түлегі ҰБТ-ны 2017 жылғы 20 және 24 маусым аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тапсырады. Оның ішінде:
- 1-лек бойынша (20 маусым) – 692 түлек;
- 2-лекте (22 маусым) – 693 түлек;
- 3-лекте (24 маусым) – 684 түлек.
2. Ақмола облысы Целиноград ауданы, Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша 56 мектептің 2023 түлегі ҰБТ-ны 2017 жылдың 20 және 24 маусым аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде тапсырады.
Оның ішінде:
- 1-лек бойынша (20 маусым) – 702 түлек;
- 2-лекте (22 маусым) – 707 түлек;
- 3-лекте (24 маусым) – 614 түлек.
3. Ақмола облысы Аршалы ауданы, Астана қаласы Есіл ауданы бойынша 37 мектептің 1323 түлегі ҰБТ-ны 2017 жылдың 21 және 25 маусым аралығында Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде тапсырады.
Оның ішінде:
- 1-лек бойынша (21 маусым) – 442 түлек;
- 2-лекте (23 маусым) – 442 түлек;
- 3-лекте (25 маусым) – 439 түлек.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі





