Ғалымдар бітпейтін есеп берумен емес, зерттеумен айналысуы керек
Бүгінгі күні Ғылым министрлігі, оның ішінде Ғылым комитеті елдің ғылыми әлеуетін дамыту және ғалымдарға зерттеумен айналысып, өз еңбектерінің нәтижесін коммерциализациялауға мүмкіндік беру бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Жағдайды саралай келе, бюрократия мәселесіне баса назар аудардық. Оның ішіндегі ең бастысы — ғалымдар жүзеге асырып жатқан жобасы жайлы бітпес есептерге көп еңбек пен уақыт жұмсайды. Осылайша, ескі типтегі шарт бойынша олар қаржылық және аннотациялық есеп тапсырудан (әрқайсысы 250-300 беттен) қолдары босамайтын. Жоба жетекшілері жылына 2-3 рет Ғылым комитетіне дәу сөмке көтеріп келіп, сағаттап кезек күтіп отырып есеп тапсыратын. Әурешілік пен пайдасыз қағазбастылықты былай қойғанда, бұл жағдайлар жемқорлыққа жол ашып, комиет жұмысының тиімділігін төмендетіп келген. Аталға…