Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің басшылары 2014 жылғы 11-14 желтоқсан аралығында Мемлекет басшысының «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауын түсіндіру бойынша кездесулер өткізуде

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ә.Б. Мәтішев Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының белсенділерімен, Сырымбет және Имантау селолық округтерінің халқымен кездесуде.

Комитет төрағасының орынбасары Ж.М. Бекшин шаруашылық қожалықтары басшыларымен, мұнай және бюджет саласындағы жұмысшылармен, Маңғыстау облысы Қарақия ауданы селоларының тұрғындарымен кездесулер өткізуде.

Кездесу барысында «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық  Саясат әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз екендігі атап өтілді. Қойылған міндеттерді іске асыру қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында оң көрініс табады.
Жолдаудың негізгі бағыттары көліктік-логистикалық, индустриалдық, энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту, ТКШ инфрақұрылымдарын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін, әлеуметтік инфрақұрылымдарды жаңғырту, шағын және орта бизнесті, іскерлік белсенділікті қолдау болып табылады.

Сондай-ақ, кездесулер барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, Кеден одағының техникалық регламенттерінде белгіленген, оның ішінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау мәселелері жария етілді.

0
0
342

Осы тақырып бойынша

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің басшылары 2014 жылғы 11-14 желтоқсан аралығында Мемлекет басшысының «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауын түсіндіру бойынша кездесулер өткізуде - Yvision.kz