Құрметті Отандастар!
Сіздерді, барлық қазақстандықтар үшін аса маңызды уақиға — Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991 жылдың 1 желтоқсанында, тарих бойынша алғашқы рет бірауыздан сайланған Күнімен құттықтаймын!
Бүкіл еуропалық қоғамдастықтар Қазақстанды, қарқынды даму үстіндегі жас мемлекет ретінде тани отырып, барлық салаларда өзара әрекет жасап, ең жоғары деңгейде ынтымақтастық құруға әзір. Аталғандай абыройға біз Президенттіміздің арқасында қол жеткіздік!
Біз, еліміздің экономикалық даму бағытында алып серпіліс жасап, қоғамды демократияландыру жолында қол жеткізген, айтарлықтай нәтижелерін мақтан етеміз. Бүгінгі Қазақстан — халықаралық қоғамдастықтың тең құқылы, құрметті және беделді мүшесі болып табылады. Бұл — қазақстандық даму жолының мойындалуы, Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімінің паш етілуі, жаңа астана мен оның зор мүмкіншілігінің танылуы деген сөз!
Қазақстан қоғамы, ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен, тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген және Қазақстанның гүлдену жолына, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін ары қарай жағастыратынына кәміл сенім білдіреміз.
Құрметпен,
Мәтішев А.
Комитет Төрағасы

