Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті  2014  жылғы                                          1 желтоқсандағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлайды.

Эпидемиологиялық маусымның басынан (2014 жылғы 1  қазаннан) бері шамамен 137 509  ЖРВИ  жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (70%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұмаумен сырқаттану жағдайы тіркелген жоқ.

Тұмауға  қарсы республика бойынша барлығы 1 525 029 адам егілді (республика халқының жалпы санының 8,8%), оның ішінде 14 жасқа  дейінгі 434 828 бала және 1 090 201 ересек тұрғындар (оның ішінде 56 375 медицина қызметкерлері және 79 429 жүкті әйелдер). Тұмауға қарсы вакцинацияланған адамдар санының өткен  жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 14%-ке өскені байқалады.

Профилактикалық  шаралар. Тұмаудың ерекше профилактикасы вакцинациялау болып табылады – ол тұмауға қарсы профилактиканың ең тиімді әдісі.

Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да респираторлық инфекциялардың алдын алудың бірнеше күрделі емес, қарапайым тәсілдері бар.

Науқас адамдармен (балалармен) қарым-қатынасты шектеу. Бұл ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың өте тиімді, бірақ қиындықпеніске асырылатын әдісі, себебі адам күнделіктіеріксіз адамдардың көп жиналатын орындарына барады – қоғамдық көлік, дүкендер және басқалары, ал балалар –ойын-сауық мекемелеріне, алдымыздағы жаңа жылдық ертеңгіліктерге т.б. барады.

Егер бала сирек және жеңіл түрде ауыратын болса, онда ата-аналары ондай орындарға балаларын жібере беруге болады. Бірақ бала аурушаң және күзде бронхитпен, пневмониямен ауыратын болса,онда баланы қоғамдық ойын-сауық орындарына жібермей мерекені үйде, отбасының ортасында атап өтуге болады.

ЖРВИ және тұмаумен ауырған адам үйде жатып ауыру керек! Жөтелгенде, түшкіргенде, сіңбіргенде айқайламауға тырысып, түкірікті шашыратпай, ауыз бен мұрындыды қолорамалмен жабу қажет, құшақтасуға және сүйісуге болмайды, себебі сілемей мен қақырықтың тамшылары жұғудың негізгі көздері болып саналады.

Медициналық бетперделерді қолдану қажет. Бұл ретте бетпердені әрбір төрт сағаттан сиретпей ауыстырып отыру ұсынылады, себебі олар қақырықты тез сіңіріп алады да, вирустардың нақты көзіне айналады.

Бөлмені үнемі желдетіп отыру керек,себебі ауа алмасу қарқынды болған сайын вирустардың шоғырлануы және аурудың жұғу мүмкіндігі азаяды.

Науқаспен қарым-қатынаста болған кезде алдын алу шаралары.

үй-жайда ылғалды тазалықты жиі жүргізу, жаппай қолданылатын заттарды (есіктің тұтқалары, шүмектің бұрандалары және т.б.) және барлық үстіңгі беттерді дезинфекциялау ерітінділерін пайдалана отырып сүрту, қолды жиі және мұқият жуу, қолды үнемі ылғал гигиеналық және дезинфекциялау майлықтарымен өңдеу қажет.

 
0
0
286

Осы тақырып бойынша

2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы - Yvision.kz