Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» поезы» республикалық акциясы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» поезы» республикалық акциясы шеңберінде ел тұрғындарымен кездесулер өткізуде. Комитеттің миссиясы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңын түсіндіруге және халыққа олардың құқықтарының бұзылу мәселелері бойынша консультациялар беруге бағытталған. 2016 жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толғандай, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына да 25 жыл болды. Осы жылдың сәуір айында заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда сатушының (орындаушының, дайындаушының) жауаптылығы күшейтілді және тұтынушылардың құқықтары кеңейтілді. Комитеттің өкілдері азаматтарға консультациялар берді, кәсіпкерлермен, кәсіпорынның жұмыскерлерімен, колл…