2016 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша республикадағы және әлемдегі тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2016 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлайды.
Республикада бақылау деңгейлерінен аспайтын ЖРВИ-мен сырқаттанудың маусымдық деңгейі тіркелуде. Эпидемиологиялық маусымның басынан (2016 жылғы 1 қазаннан) бастап ЖРВИ-дің 150 мыңнан астам жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (66 %) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. 9 желтоқсандағы жағдай бойынша тұмаудың 155 жағдайы тіркелген. ЖРВИ, тұмаудан өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
9 желтоқсандағы жағдай бойынша республика бойынша тұмауға қарсы барлығы 1,9 млн.-нан астам адам егілді (жалпы халықтың 11,0%), оның ішінде 1,4 млн астамы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен және 470 000-нан астам адам жұмыс берушінің және тұрғындардың өз қаражаты есебінен егілді.
Комитеттің зертханалық қызметі тұмау және басқа да тұмау емес инфекциялар вирустарының айналымына мониторингті жүзеге асырады. Қазір A(H3N2) және В тұмау вирустарының айналымы анықталды. Бұдан басқа алдыңғы жылдардағыдай ҚР аумағында парагрипп, респираторлық-синцитиалды, метапневмовирусты, бокавирусты, риновирусты және аденовирусты сияқты тұмау емес инфекциялардың айналымы байқалады.
Әлемдегі жағдай: Еуропа елдерінде (45 ел): 1 елде (Нидерланд) тұмаудың белсенділігі орташа, 44 елде белсенділігі төмен. Тұмаудың А(Н1N1)pdm09 типті, А(Н3) кіші типі, субтиптенбейтін А және В типті вирустардың айналымы байқалады, оның ішінде тұмаудың A(H3N2) және субтиптенбейтін А вирусы басым.
Ресей Федерациясында тұмау бойынша жағдай эпидемиялық емес жағдайда, алдыңғы аптамен салыстырғанда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану 59 қалада халқы бойынша жалпы 8,5%-ға артқан. Ресейдің федералды округтарында тұмаудың географиялық таралуы спорадиялық деңгейге сәйкес келеді. Респираторлы вирустардың айналымын зертханалық мониторингтеу нәтижесі бойынша ЖРВИ-мен сырқаттану этиологиясы тұмау емес (парагрипп, аденовирус, РС-вирустары және т.б.) вирустарға, тұмау вирусының, соның ішінде A(H3N2) типті тұмау вирусының жандануына байланысты.
АҚШ-та 1 штатында (Пуэрто-Рико) ЖРВИ және тұмау деңгейінің жоғары, 1 штатында (Джорджия) – орташа, Нью-Йорк және 5 штатында – төмен және 44 штатында ең төменгі деңгейі тіркелген, онда тұмаудың А(Н1N1)pdm09, А(Н3) кіші типі, субтиптенбейтін А және В типті вирустардың айналымы байқалады, оның ішінде А(Н3) вирусы басым.
Орталық және Батыс Азияда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың төмен деңгейі байқалады, анықталған вирустардың арасында А(Н3) кіші типі басым. Қытайда тұмаудың таралуының жергілікті деңгейі тіркелген, Азияның Оңтүстік (Иран, Непал, Шри-Ланка) және Оңтүстік-Шығыс (Филиппин, Таиланд) өңірінде спорадиялық деңгей тіркелген, көбіне тұмаудың А(Н3) кіші типі анықталған.
Сонымен қатар, Қытайда 2013 жылғы наурыздан бастап А(Н7N9) тұмауымен сырқаттанудың 800 жағдайы байқалған, оның 320-сы өліммен аяқталған.
ЖРВИ және тұмаудың алдын алудың негізгі шаралары:
ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың көтерілу кезеңінде вирусқа қарсы қорғаудың маңызды компоненттері теңгерімделген, дәрумендерге бай тағамдарды пайдалану, суды жеткілікті түрде ішу, толыққанды демалыс, белсенді өмір салты, организмнің кез келген, оның ішінде инфекциялық ауруларға қарсы тұруын төмендететін зиянды әрекеттерден бас тарту және жеке гигиена қағидаларын сақтау.
Салқын тиюдің алдын алу күн және тамақтану режимін түзетуден басталады. Рационға жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, С дәруменіне бай итмұрын қайнатпасын, жаңғақтар, шемішкелер, күнбағыс майын, ботқаларды, теңіз балықтары мен әрине сарымсақ пен жуаны қосу керек.
Шынықтыру – респираторлық инфекциялардың алдын алудағы маңызды әдіс болып табылады. Ол салқын тигенде тыныс жолдарының қызметін қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді, бұл инфекция жұқтырған кезде организмге түсетін вирустың дозасын азайтады. Сондықтан шынықтыру жолымен салқын тиюді толық болдырмауға немесе оған деген сезімталдықты айтарлықтай төмендетуге болады.
Сондай-ақ салқын тиюдің алдын алуда физикалық жаттығулар көмектеседі: жүгіру, ұзақ қашықтықта жүру, күнделікті жаттығу, тыныс алу жаттығулары (әсіресе таза ауада, орманда, паркте), жүзу, саунаға бару.
Инфекция лас қолдар арқылы тез беріледі. Бақылаулар қолдың күніне 300 ретке дейін мұрынның және көздің бөліндісін, сілекейді ұстайтынын көрсетті. Қол алысу кезінде, есік тұтқалары, басқа да заттар арқылы вирустар сау адамның қолына өтеді, одан мұрынға, көзге, ауызға түседі. Қолды, әсіресе ауырған кезде немесе науқасты күткен уақытта жиі жуу керек.
http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6455
