Сиыр етінен дайындалған ет өнімдерінде шошқа ДНҚ-сы анықталды
2016 жылғы қыркүйекте РФ-ның «Калининградский тарный комбинат» ААҚ («Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті» стерильденген кесек ет консервілері, өндірілген күні 2015 жылғы 13 ақпан), «Орелпродукт» ЖАҚ («Сиырдың бауырынан дайындалған паштет» ет-өсімдік консервілері. «Стерильденген паштет» консервілері, өндірілген күні 2015 жылғы 15 желтоқсан) және ҚР-ның «Рубиком» ЖШС («Астана» піскен шұжығы, өндірілген күні – 2016 жылғы 10 тамыз) өндірушілерінің тұтынушыларды алдағаны белгілі болды. Сөрелерге сиыр еті деп шығарған өнімнің аталған түрлерінде шошқаның ДНҚ-сы анықталды. Бұл ретте өнімнің қаптамасында құрамында шошқа етінің бар екендігі туралы мәлімет жоқ, өнім сиыр етінен жасалған болып мәлімделген. Сәйкессіздікті анықтау фактісі бойынша жоғарыда көрсетілген Ресей Федерациясының және Қазақстан…