Қазақстанда тұтынушылардың құқықтары мәселелері жөнінде әлеуметтік зерттеу жүргізілді
Тұтынушылардың құқықтары бұзылатын негізгі салалар – бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану орындары, ТКШ (тұрмыстық коммуналдық шаруашылығы) мен қоғамдық көліктер.
Бұндай деректер Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша келтірілді.
Сауалнамада Қазақстанның 14 облысынан, Астана және Алматы қалаларынан 2500 респондент қатысты.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тұтас алғанда Қазақстан бойынша тұтынушылардың негізгі құқық бұзушалықтары қызмет көрсету саласында болған – 76% . Мұндай жағдай көбіне Маңғыстау облысында байқалды - 85%. Ал ең аз Қостанай облысында байқалды – 69%. Қазақстан бойынша сапасыз тауарларды тұтыну жағдайлары көбіне Солтүстік Қазақстан облысында – 74%, ең аз Павлодар облысында байқалды – 59%.
Жиі құқық бұзушылықтар баға мен чектегі соманың сәйкес келмеуі – 34%, сатып алушыларға қосымша тауарларды тықпалау – 29%, персоналдың дөрекілігі – 25% және тауар немесе қызмет сапасының айтылған дейгейге сай келмеуі – 24% болып келеді.
Тұтынушылардың сатып алар алдында тауарлардың жарамдылық мерзімін ғана тексеріп, сатып алатын тауарында әлеуетті зиян қоспалардың болуына аз мән береді, ал сату орындарында ілінген тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ақпаратты адамдардың көпшілігі оқымайтындығын айта кету қажет. Бұдан көрсетілетін қызметтердің сапасымен орташа қанағаттану, тауар сатушыларының және қызмет көрсетушілердің әрекеттеріне көңіл толмау, тұтынушылардың құқығын қорғауға қолданылатын мемлекеттік шаралардың әлсіздігі, тұтынушылардың тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы заңнамадан ақпараттылық деңгейінің жоғары болмауы және сотта өз құқығын қорғауға ынтасының болмауы деген тұжырымдар шығады.
Сұралғандардың көбі олардың тұтынушылық құқығы бұзылуы кезінде өз құқықтарын қорғамаған және ешбір жерге бармаған. Өз құқықтарын сотта қорғауға ниет білдіру тауар құнына байланысты, егер ол көп шаманы құраса, сауалнамаға қатысқандардың көбі сотқа баруға дайын, кері жағдайда олар бұнымен айналыспайды.
