Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әлемдік стандарт бойынша білім алады

2014 жылдың 17 қыркүйегінде «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ және «Холдинг «Кәсіпқор» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Мамандық бойынша базалық білім алу» біріккен жобасының басталғанын ресми мәлімдеді. Осы оқиғаға орай Атырау мұнай оқыту орталығының «Петротехник» колледжінде «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ және «Холдинг «Кәсіпқор» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бірлескен іс-шарасы болып өтті. Оған Атырау облысы білім басқармасы мен Британдық кеңесінен келген шетелдік әріптестер қатысты. ҚМГ демеушілік және қайырымдылық бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын аталмыш жоба «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қызметкерлерінің 50 баласын, тұрмысы нашар отбасыларының балалары мен әр аймақтағы жетім балаларды мұнай-газ саласындағы қолжетімді мамандықтар бойынша ағылшын тілінде оқытуды қарастырып отыр. Оқу бағдарламасына жұмысшы мамандықтары бойынша дайындау және ағылшын тілі, физика, химия және математика пәндері бойынша интенсивті курстар кіреді. Жоба шетелдік әріптестердің білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып, оған Оңтүстік Альберт Институты - SAIT Polytechnic (Канада), Британдық кеңес, GSE Systems, PetroEd және SPT секілді мұнай-газ саласындағы ұйымдар мойындаған консорциум оқытушылары тартылады. Балаларға білім беру қаржысымен қоса демеушілік қаржы есебінен балалардың тұратын орны, тамағы, ай сайынғы шәкіртақысы және Атырау қаласына жету жол қаражаты төленетін болады. «Мамандық бойынша базалық білім алу» жобасының мақсаты ҚМГ компаниялар тобында мұнайшылар әулетінің сабақтастығын қолдау, сондай-ақ әлеуметтік жауапты компанияның тарапынан жасалатын жәрдем арқылы білім алуға мүмкіндік беру болып табылады. Айта кетер бір жәйт, оқуды бітірген соң әрбір тыңдаушы қазақстандық үлгідегі сертификат пен IADC (International Association of Drilling Contractors) стандартындағы сертификатқа ие болады. Жобаның басталуына арналған шаралар шеңберінде жиналғандар шетелдік әріптестер оқу барысында қолданатын мұнай-газ саласындағы алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтар мен технология орнатылған Атырау мұнай оқыту орталығының «Петротехник» колледжінің лабораториялары мен оқу кабинеттерін аралап шықты. Шара салтанатты жағдайда аяқталды. «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ адам ресурстарын басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі басқарушы директоры Серік Әбденов жобаға қатысушыларға олардың ең басты құжаты – студенттік билеттерін табыс етті.

0
0
455

Осы тақырып бойынша

Әлемдік стандарт бойынша білім алады - Yvision.kz