Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ бос орын басуға ашық конкурсты жариялайды

«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ бос орын басуға ашық конкурсты жариялайды:

Ақпараттық технологиялар департаменті:

Департамент директоры

 

1-кезең

Кандидаттардың түйіндемесі http://work.kmg.kz сілтемесі бойынша қабылданады. Кезең:2014ж.12.12 бастап 2014ж.22.12 дейін.

 

2-кезең

Лауазымдық нұсқаулықтар бойынша біліктілік талаптарға (жұмыс өтілі, тәжірибесі, білім, тілдерді (қазақ, ағылшын) білу) сәйкес келетін кандидаттардың түйіндемесі іріктеледі.Комиссия түйіндемеде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды сұрауға құқылы.

3-кезең

Кандидаттар біліктілік талаптарға сәйкес келетін тесттен өтеді. Өткізу орны: Астана қ.

Тесттер:

  1. Кәсіби білім
  2. Вербальдық ақпаратты талдау
  3. Сандық ақпаратты талдау
  4. Тілдерді білу

4-кезең

Кандидаттар Конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өтеді. Бос орын үшін шекті мәндерге сәйкес келетін және одан да жоғары нәтиже көрсеткен кандидаттар әңгімелесуге шақырылады. Өткізу орны: Астана қ.

5-кезең

Конкурстық рәсімдерден табысты өткен кандидаттарды қабылдауға арналған құжаттарды ресімдеу.

Кандидаттар түйіндемедегі ақпараттың түпнұсқалығыүшін жауап береді.

Сұрақтарыңыз болса, мына электрондық адреске жазуыңызға болады:[email protected].

 

Бос орын

Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры

Білім

Ақпараттық технологиялар жоғары білім

МВА дипломы

Талаптар

Кәсіби саладағы немеселауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы (ақпараттық технологиялар саласындағы) тәжірибе – кемінде 6 жыл. Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызметте (ҚМГ-дегі және/немесе үлестес ұйымдардағы болғаны дұрыс) – кемінде 4 жыл. Құрылымдық бөлімше басшысының немесе оның орынбасары лауазымдарында (ҚМГ-дегі және/немесе үлестес ұйымдардағы болғаны дұрыс) – кемінде 2 жыл;

- экономика мен қаржыны, бизнес-жоспарлау процестерін және басқаларын автоматтандыру салалардағы білім;

- мұнай мен газ өндірудің, тасымалдау мен өңдеудің технологиялық процестерін автоматтандыру саласындағы білім;

- телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелер саласындағы білім;

- Жобаларды басқару, ақпараттық жүйелерді құру және интеграциялау, АСУТП жобаларын басқару, ақпараттық технологиялар және АСУТП дамыту бөлігіндегі шығыстарды жоспарлау тәжірибесі;

- акционерлік қоғамда, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер, мемлекеттік сатып алу туралы, мұнай-газ саласындағы заңнаманы білу;

- мемлекеттік тілді және/немесе екінші тілді (ауызша және жазбаша) тілді білу; ағылшын тілді кем деген Pre-Intermediate немесе Intermediate деңгейінде білу;

-ISO-27001ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің негіздерін білу;

- тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласындағы; өрт және экологиялық қауіпсіздік саласындағы; интеграцияланған сапа менеджменті жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және ең бек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы білім;

-стратегиялық көзқарас, бизнесті түсіну, проблемаларды шешу, келіссөздер жүргізу дағдылары;

- талдау қабілеті.

Функционалдық міндеттер

- Департаменттің қызметін ұйымдастыру және оған басшылық ету;

- Департаменттің перспективалық және жылдық даму жоспарларын әзірлеуді және орындауды бақылау;

- Ақпараттық технологияларды дамыту стратегиясының, сондай-ақ Бизнес трансформациясы бағдарламасының іске асырылуын бақылау;

- ақпараттық және телекоммуникациялар технологияларына байланысты мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына, кеңестер мен семинарларға қатысу;

- басқарушылық және қаржы есептілігін шоғырландыру және дайындау процестерін автоматтандыру мониторингі;

- АТ енгізу және дамыту шеңберіндегі жұмысты үйлестіру;

- ақпараттық жүйелерді интеграциялау және дата орталықтардың тиісті инфрақұрылымын шоғырландыру жоспарын жасау жобаларының мониторингі;

- телекоммуникациялық жүйені (бейнеконференция байланысы, кабельдік теледидардың оқшаулы жүйесі) дамыту мен жаңғыртудықамтамасыз ету және телекоммуникациялар саласындағы жаңа техника мен технологияларды енгізу;

- ІТ инфрақұрылымын (серверлік, белсенді жабдық, инженерлік жабдық, АСУТП) дамыту мен жаңғыртуды қамтамасыз ету;

- ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымның лайықты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді бақылау;

- Компания үшін бірыңғай АТ-стратегияны әзірлеу және іске асыру, бірыңғай ақпараттық жүйелер мен технологияларды, жаңа технологияларды, басқа, ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін енгізу және қамтамасыз ету.

Өңір

Астана қ.

0
0
527

Осы тақырып бойынша