Мазмұнға өту
Green-bridge1

Green-bridge1

Сайтта 2015 ж. 10 қыркүйекКазахстан, Астана

Программа партнерства "Зеленый мост"

рейтинг

100

жазбалар

844

пікір

1

тіркелуші

13

жазылымдар

193

Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы елордаға келді

Астанаға Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес келді. Мәртебелі мейман бірінші кезекте «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімовпен кездесіп, көрме нысандарының сәулет-құрылыс жұмыстарымен танысты. Дайындық науқанынан хабардар болған Висенте Лоссерталес жоспарлау кезеңі артта қалғанын, енді тек жобалардың бәрін іске асыруға қос қолдап кірісу қажеттігін жеткізді. Ал Ахметжан Есімов компания өз құрылымын өзгертіп, тиімді әрі ашық жұмыс істеуге ұмтылып отырғанын атап өтті. Висенте Лоссерталес, Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы: - Менің ойымша, бұған дейінгі істеріміз әр бағытта өрбіді. Бір жағынан құрылыс жұмыстары, екінші жағынан істі ілгерілету дегендей. Ал қазір шараның ең негізгі басты мәселесін айқындауымыз қажет. Бұл ретте барлығын ойла…

1
0
368

Алматыда халықаралық «Алматы туры-2015» веложарысы басталды

24.kz

8f33db2dc28f8a12a7ee6561bbcb9d0c_L

«Нұрлы тау» бизнес орталығының алдына жиналған командалар таңғы сағат 09:45-те жарыс жолына шықты.

Шараның ашылу рәсіміне қала әкімі Бауыржан Байбек пен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қатысты. Велошабандоздар 31 шақырымнан тұратын алты айналымды жүріп өтеді. Жарыс жолының жалпы қашықтығы – 186 шақырым.

Айта кетейік, «Astana Pro Team» командасының құрамында «Тур Алматы 2014» жеңімпазы Алексей Луценко, Арман Қамышев, Руслан Тлеубаев, Даниил Фоминых, Андрей Зейц пен Бахтияр Қожатаев және де La Vuelta 2015 велокөпкүндіктің триумфаторы итальяндық Фабио Ару мен оның отандасы Паоло Тиралонго да бар.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9459

1
0
269

Ұлыбритания ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің кеше, 14 қыркүйекте Ұлыбританияның Сауда және инвестиция министрі, Ұлыбритания Парламенті қауымының мүшесі Фрэнсис Модамен екіжақты кездесуі барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Ұлыбританияның қатысатындығы белгілі болды. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің хабарлауынша, британиялық серіктестер ЭКСПО құрылыс нысандарына барған. Лорд Морд салынып жатқан құрылыстарды өз көзімен көріп қайтты. «Бүгін құрылыс алаңына барып, ондағы жұмыс қарқынының шын мәнінде ауқымдылығын аңғардық. Сондай-ақ болашақ павильонымыздың да орналасу орнын көрдік. Мен Біріккен Корольдіктің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растаймын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбае…

1
0
488

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне алдағы үш жылда 306 млрд. теңге бөлінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізуге алдағы үш жылда 306 млрд. теңге бөлінеді. Бүгін Мәжілісте «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлімдеді. «ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің құрылысын салу мен жүргізуге 2016 жылы 173,5 млрд теңге, 2017 жылға 98 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр. Бұдан бөлек, 2016 жылы Астана қаласы бойынша көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға, денсаулық сақтау және білім беру салаларында құрылыс нысандарын салуға, ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыруға 81 млрд теңге қарастырылады», – деді Бақыт Сұлтанов. Айта кетерлігі, ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы шығыстар 2018 жылға да қарастырылып, оған бюдже…

1
0
298

Астанада 150-ші «Astana bike» велосипед бекеті ашылды (ФОТО)

Published 7.10.2015 www.kazinform.kz АСТАНА. ҚазАқпарат – ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне дайындық аясында Астана қаласының әкімдігі «Самұрық-Қазына» АҚ ҰӘҚ бірлесіп, инвестициялық жоба негізінде елордада велосипед қозғалысын ұйымдастыруды жүзеге асыруда. 2014 жылы қала күніне орай Қонаев көшесінде ең бірінші «Astana bike» бекеті ашылған болатын. Астана қаласында 150-ші велосипедтік бекеттің ашылуы өтті. Тәшенов көшесі мен Таха Хусейн көшесі қиылысында орналасқан бұл велосипедтік бекет – биылғы маусымдағы соңғы болып табылады. Астанада жоба аясында бірінші маусымда 200 велосипеді бар 40 велобекет өз жұмысын бастаған еді. Бүгінгі күнде астаналықтар үшін мыңдаған велосипедтер ұсынылуда. - Бұл жобаның әлеуметтік маңызы бар екенін айтқым келеді. Біріншіден, бұл – салауатты өмір салты. Екінші…

1
0
478

Германия депутаты: Н.Назарбаевтың ұсыныстары өте маңызды

Published 7.10.2015 24.kz Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Нью-Йоркте айтқан ұсыныстары Германия Парламентінде қызу талқыға түсті. Депутаттарды әсіресе БҰҰ-ның штаб-пәтерін Азияға көшіріп, Астанада инвестициялық жобалар мен жасыл технологияны дамыту халықаралық орталығын ашу идеясы қызықтырды. Олардың пайымдауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Ұйымның мінберінде тұрып, мұндай ауқымды идеяларын кездейсоқтықтан жариялаған жоқ. Юрген Климке, Неміс Парламентінің депутаты: - Бұл мәселені Н.Назарбаев кездейсоқ көтеріп отырған жоқ. Қазақстанның және Азияның БҰҰ-ға деген үлкен қызығушылығы бар. Бізге ынтымақтастық керек, терроризмге төтеп беретінімізді, тұрақсыздықты болдырмайтынымызды халыққа түсіндіру керек. Қазақстан Президенті айтқан ұсыныстар өте маңызды, оны мен қолдаймын. Ол тақырыптар талқылауды қаже…

1
0
409

Алматыдағы «Aqua-Therm Almaty 2015» көрмесіне «жасыл технология» мен энергиялық тиімділігі жоғары жабдықтар шығарылды

Published 7.10.2015 www.kazinform.kz АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Атакент» Іскерлік Орталығында 8-ші Халықаралық тұрмыстық және өнеркәсіп жабдықтарының көрмесі ашылды. Оған әлемнің 21 елінен 158 компания қатысуда. «Биылғы өткізіліп отырған дәстүрлі көрмеде әсіресе, жасыл технология мен энергия тиімділікке ерекше басымдық беріліп отыр. Көптеген компания осындай технологиялар мен жабдықтарды ұсынуда. Айта кеткен жөн, биыл көрмеге тұңғыш рет Таиланд елінің компаниялары қатысып жатыр , – деді өз сөзінде «Iteca» компаниясының PR-директоры Лариса Литвиненко. Осы көрмеге жылыту, сумен қамтамасыз ету, сантитарлық техника, ауаны тазарту, хауыз, сауна және СПА жүйелеріне арналған тұрмыстық және өнеркісіп жабдықтары қойылды. Сонымен қатар, көрме аясында тұңғыш рет «Тәжірибелік аймақ» жобасы ұсынылд…

1
0
413

Жасыл экономика. Тұрақты энергетика бастамасы

24.kz

1b0e33b3ac1c4a42807e25b657b26ff8_L

Энергия мен энергетикалық ресурстардың тапшылығы.

Қоршаған орта жағдайының нашарлай түсуі, геосаяси және әлеуметтік қауіп. Мұның барлығы тұтынылатын қуат мөлшеріне деген сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік бермейтін факторлар. Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөз алған Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл» энергетиканы дамытуға қолдау білдіретін орталық ашу қажеттігі жөнінде ұсыныс тастады. Толығырақ бүгінгі шығарылымда.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9118

1
0
1168