Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашу.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясында осындай ұсыныс білдірді. Біріккен Ұлттар Ұйымының «Баршаға арналған тұрақты энергетика» бастамасын қолдау үшін Астанада 2017 жылы «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен бүкіләлемдік көрме өткізіледі. Президент осы тарапта барлық мемлекеттерді көрмеге қатысуға шақырды.