Мазмұнға өту
Green-bridge1

Green-bridge1

Сайтта 2015 ж. 10 қыркүйекКазахстан, Астана

Программа партнерства "Зеленый мост"

рейтинг

100

жазбалар

844

пікір

1

тіркелуші

13

жазылымдар

193

Отандық зауыттар шетелдік нарыққа инновациялар арқылы шығады

Қазақстанның металлургиялық компаниялары халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болып тұр. Еліміздің металлургия зауыттары инновациялық технологияларын Мәскеуде өткен «Металл-Экспо-2015» көрмесінде таныстырды. Оған әлемнің үздік деген 32 компаниясы қатысты. Ақтөбенің рельс арқалықтарын шығаратын зауыты өндірісін былтыр бастаған. Бұл – елімізде экологиялық технологияны алғашқы пайдаланушы инновациялық кәсіпорын. Осы көрмеде шетелдік компаниялардың қызығушылығын тудырған тағы бір отандық өндіріс – металлургиялық пештерге сумен салқындатқыш элементтерді құятын технологияны енгізген «Кастинг» компаниясы. Зауыт өз өнімдерімен Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Түркия, Оңтүстік Корея, Англия, Шотландия, Германия мен АҚШ-ты қамтамасыз етеді. Виталий Чевтаев, «Кастинг» компаниясының директоры: -…

1
0
612

Астанада «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты xалықаралық конференция өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты xалықаралық конференция өтуде. Аталмыш шараны ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global жобасын дамыту коалициясы», Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ, Қазақстанның еріктілер альянсы ұйымдастырып отыр. Форум қатысушыларына ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов құттықтау сөзін жолдады. Құттықтау сөзді ҚР Энергетика министрі В. Школьник оқып берді. «Қазақстанда 2017 жылы Болашақ энергиясы тақырыбында ЭКСПО көрмесі өтеді. Астана күн, жел, биогаз, теңіз және термальді сулардың энергиясын қолдану бойынша әлемдік жаңалықтар мен трендтер ұсынылатын алаңға айналады. Баламалы энергетиканы пайдалану бойынша әл…

1
0
326

Қазақстан технологиялық келешекке нық қадам басты

Батыстың технологиясына қарап бой түзеудің қажеті жоқ, Силикон алқабы Қазақстанға өзі келеді. Ал дәл қазіргі қысылтаяң кезеңді инноваторлар тиімді пайдаланып қалуы тиіс. Өйткені ең жақсы бастамалар дағдарыс кезінде іске асады. 2 мың 700 адамның басын қосқан Techconnect технологиялық конференциясына келген шетелдің азулы сарапшылары форумды осындай айшықты пікірлермен түйіндеді. Ақыл-ой мен қиялдың жемісі шам болып жанса, Астана бүгін күллі Еуразияға сәуле шашатын жарық қалаға айналар еді. Себебі Techconnect Орталық Азия, Еуропа, ТМД мен АҚШ-тың озық ойлы сарапшыларымен Қазақстанның үздік стартап авторларын бір алаңда тоғыстырды. Бұл – отандық жас инноваторлардың шағын идеяларына кең өріс ашып, бірден өндіріске қосуға жол ашатын таптырмас әрі алғашқы форум. Шараның кіріспесін бастап, Елбас…

1
0
478

Елордада жасыл экономика тақырыбына арналған Халықаралық конференция өтті

13 қарашада, сағат 10.00-де елордадағы«Astana Radisson SAS» қонақүйінде «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» Халықаралық конференциясы өтті. Сондай-ақ, 14 қарашада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «GREEN BRIDGE – инновациялық мүмкіншіліктер алаңы» атты Халықаралық жастар форумы ашылды. Шараны ұйымдастырушылар: ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global ды дамыту коалициясы», Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, Астанадағы ЕҚҰЫ бағдарламалар кеңсесі, «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ мен Қазақстанның еріктілер Альянсы. Конференция және форум жұмысына Мәжіліс депутаттары, министрліктер мен даму институттарының өкілдері, халықаралық сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері ша…

1
0
267

Еуропада қуат үнемдейтін үйлер сұранысқа ие

Еуропа елдерінде қуат үнемдейтін баспаналар жоғары сұранысқа ие. Олар экономикалық тұрғыдан тиімді. Нағыз «жасыл» экономика деуге болады. Энергияны күн мен желден, тіпті жерасты суынан алады. Шығыны аз осындай баспананың ішіндегі жылудың таралуы да үнемді ойластырылған. Мәселен, компьютер немесе кеңсе техникасын қосқанда оның жылуы босқа кетпей, үйді жылытып отырады екен. Ауа алмастыру жүйесі де ылғалдылықты біркелкі үлестіреді. Вена сәулетшілерінің айтуынша, қаржы дағдарысы кезінде бұндай ақылды баспана қажеттілікке ие. Урсула Шнайдер, сәулетші: - Жаңғыртылатын энергия – болашақ қуат көзі. Дағдарысқа қарамастан, халық бұндай үйлерге қаржысын құяды. Өйткені 30-40 жылдан кейін көмір, газ немесе бензинді әлеуметтің қалтасы көтере алмауы мүмкін. Алайда күн мен жел әрдайым тегін және пайдалы.…

1
0
224

«Жасыл ел» еңбек жасағына 10 жыл

«Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары EXPO көрмесінің нысандарын тұрғызуға атсалысуда. Биыл 1 мыңнан астам адам құрылыс жұмыстарына қатысты. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында ұйым өкілдері заманауи кешеннің құрылысы жастар арасында ерекше қызығушылық тудырып отыр дейді. Сондықтан алдағы уақытта нысанның бой көтеруіне үлес қосуға ниетті азаматтар қатары артты. Елбасы тапсырмасымен құрылған жасақ өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыруға барынша қол ұшын беріп жүр. 10 жылдың ішінде 230 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ 150 мың гектар жер абаттандырылып, 48 миллионнан астам көшет отырғызылды. Гүлсім Оразбаева, «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбазы: - «Жасыл ел» негізінен жастардың бойындағы патриоттық сезімді шыңдай түседі. Біз…

1
0
301

Мысыр ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындығын растады

2015 жылы 12 қарашада Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Берік Арын жақында тағайындалған Мысырдың Индустрия және сауда министрі Тарек Қабилмен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жолдарын талқылады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды. Атап айтқанда, тараптар Қазақстан-Мысыр Іскерлік кеңесінің жаңа құрамын құру, Мысыр тарапының ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу, Қазақстан бидайын Мысырға тасымалдауды жандандыру және алдағы уақытта Еуразиялық экономикалық одағы және Мысыр арасындағы еркін сауда туралы келісіміне қол қоюға қатысты мәселелерді қарастырды. Б.Арын ЭКСПО-2017-ні өткізуге байланысты жүріп жатқан дайындық жұмыстары мен іс-шараға қатысу шарттары жайында толық ақпарат берді. Өз кезегінде Т.Қабил алдағы көрме тақырыбы…

1
0
191

Стартап бәйгесінде Wipon жобасы үздік деп танылды

Астанадағы стартап жобалардың бас бәйгесін Рүстем Сұлтанмұрадов жеңіп алды.

Оның дайындаған Wipon деп аталатын жобасы үздік деп танылып, оған халықаралық инвесторлар жүйесі ұсынған жалпы сомасы 25 мың долларға жететін қаржылай сыйақы табысталды.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11514

1
0
337